Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Болжам бойынша, 2014 жылы АӨК субъектілерінің қарыз сауықтыру көлемі шамамен 150 млрд. теңгені құрамақ

Болжам бойынша, 2014 жылы АӨК субъектілерінің қарыз сауықтыру көлемі шамамен 150 млрд. теңгені құрамақ

Баспасөз хабарламасы

22.04.14 ж. Астана қ.

Үкімет отырсы барысында Ауыл шаруашылығы министрі А. С. Мамытбеков Үкіметтің 2014 жылға арналған бірінші реттегі шаралардың Жол картасының орындалу барысы, сондай-ақ қайта өңдеу өндірісін дамыту жайлы мәлімдеді.

2014 жылға ауыл шаруашылығы бойынша Жол картасының бірінші реттегі шараларға 3 блок кірді: АӨК субъектілерін қаржылай сауықтыру шаралары; инвестициялық субсидиядау бойынша шаралар; инвестициялық жоспарларды эксплуатациялауға енгізу.
Ү.ж. 14 сәуірде ҚР Үкіметінің отырысында АӨК субъектілерін қаржылай сауықтыру ережелері қабылданды.

Қаржылай сауықтырудың қосымша шараларын әзірлеп, ұсыныстарды консалидациялау үшін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (ҰКП) негізінде Кредиторлар кеңесі құрылды. Сондай-ақ, ҰКП негізінде Кредиторлар комитеті қызмет етеді. Олар әрбір ірі қарыз алушы бойынша қаржыландыру шараларының мүмкіндігі мен мақсаттылық жайында өзара шешім қабылдайды.
Қазіргі таңда 8 қаржылық институттардан 48 АӨК субъектілерін қаржылай қаржыландыру үшін өтінім келіп түсті. Болжам бойынша, 2014 жылы АӨК субъектілерінің қарыз сауықтыру көлемі шамамен 150 млрд. теңгені құрамақ.

Екінші блок бойынша инвестициялық сауықтыру жобасы әзірленді. Бүгінгі таңда ол барлық мүдделі жақтармен пысықталуда.
Үшінші блок бойынша: 2014 жылы КазАгро бағыты бойынша 66 жобаның енгізілуі жоспарлануда. Оның бірінші жартыжылдығында 12,5 млрд. теңге көлемінде 11 инвестициялық жоба енгізіледі, соған қоса 3 жоба ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласы бойынша.

Ауыл шаруашылығы министрлігімен өткізілген талдау көрсеткендей қайта өңдеу саласын дамытуын тежеп отырған факторлар:
1. Қымбатшылық және шикізат сапасының төмендігі – кәсіби ауыл шаруашылығы құрылымдарын дамыту қажет;
2.Ескірген құрал-жабдықтар – инвестициялық субсидиялау арқылы қайта өңдеу қуаттылықтарын модернизациялауын ынталандыру, лизинг пен кредиттік ресурстарға қолжетімділігі;
3.Салық салу бойынша мәселелер – Салық заңнамасын «бірінші» ҚҚС мәселесін шешу аясында, жеке қосалқы шаруашылықтарға ЖТС салығын, экспорт кезінде ҚҚС қайтару механизмдерін өзгерту;
4. Қолжетімді несиелік ресурс көлемінің аздығы – несиеге қолжетімділікті онын құнын субсидиялау арқылы ұлғайту;
5. Кепілдің аздығы, жоғары тәуекелділік, қайта несиелендіру мәселесі – қарызды кепілдендіру, венчурлік қаржыландыруды белсенді түрде қолдану қажет.

Сонымен:
– Жаңа өндірістерді белсенді енгізу, қолданыстағы бар қуаттылықтарда өндіріс көлемін ұлғайту;
– Импортерлер тарапынан алақол бәсекелестіктен отандық тауар өндірушілерді қорғау қажеттілігі бар.

Үлкен көлемде инвестицияларды құю кезінде нәтижеге жету үшін бірқатар мәселелерді шешу қажет, атап айтқанда: қазақстандық мазмұн бойынша барьерлер, демпингтік және фальсификациялық өнімнен ішкі нарықты қорғау; ел ішінде тағамдану мәдениетін дұрыс насихаттау. Бұл шаралар қайта өңдеу бойынша Кешен шараларында көрініс таппақ.
Осы жұмысқа белсенді түрде бизнес қатысуда. ҰКП-мен бірлесе жұмыс тобы құрылды. Олар өз кезегінде ішкі нарықты қорғау және оның бәсекелестігін жоғарлату бойынша берген ҰКП ұсыныстарын талқылайды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі
Email: minagripress@gmail.com
Тел. 7172 55565
www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus