Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің болжамы бойынша жиналатын астықтын жалпы көлемі шамамен 18,5 млн. тоннаны құрайды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің болжамы бойынша жиналатын астықтын жалпы көлемі шамамен 18,5 млн. тоннаны құрайды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков биылғы жылғы егін жинау науқанының барысы туралы апта сайынғы Орталық коммуникациялар орталығының брифингісінде мәлімдеді.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметінше 2013 жылы барлық ауыл шаруашылығы дәнді дақылдарының егістік алқаптары 21,5 млн. гектар құрап отыр. Оның ішінде дәнді алқаптары 15,8 млн. га, сондай ақ мұндағы бидайдың үлесі 13,1 млн. га. Майлы дақылдар 1,9 млн. га, мақта 140,6 мың га, қант қызылшасы 4,9 мың га, картоп және көкөніс бақша дақылдары 186,8 мың мен 215,6 мың га тиісінше жерде егілді.

Ү.ж. 21 қыркүйектің жағдайына 10,3 млн. га (65,0 %) егін жиналды. Ал 2012 ж. 14,2 млн. га (93,0 %), 12,6 млн. тонн астық бастырылған. Мұндай көрсеткіш 2012 ж. 12,2 млн. тонна бастырылып, орташа өнімділік 12,2 ц/га құрап, былтырғы жылдың деңгейінен 3,6 ц/га үлкен.

Бұр ретте Министр ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты еліміздің үш негізі бидай себуші облыстарында егін жинау науқаны екі аптаға кеш басталғанын атап өтті.

Егістік алқаптардың жалпы күйіне орай (арамшөптілік және т.б.) жинау жұмыстарын екі сатылық әдіс арқылы жүргізуге тура келді.

Бүгінгі таңда Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында 65 % дәнді алқаптар жиналды.

Қызылорда (9,5 ц/га), Жамбыл (18,5 ц/га) және Оңтүстік Қазақстан (19,2 ц/га)  облыстарында  жазғы бидай мен арпаны жинау толығымен аяқталды

Өнімділіктің ең төменгі көрсеткіштері Ақтөбе (5,9 ц/га) және Батыс Қазақстан облыстарында (6,5 ц/га) байқалып жатыр. Оның себебі жазғы мезгілдегі жазғы дақылдардың вегетациялық кезеңінде құрғақсыздықтың орын алуы.

Сондай ақ, Асылжан Сарыбайұлы күзгі егін орағын өткізуде мемлекеттің қолдауы жайлы айтып берді.

2013 ж. күзгі егін орағына АШТӨ 410 мың тонна мөлшерінде дизелдік отын бөлінген. Ол мұнай өңдеу зауытынан 93975 теңгеден немесе литрі 78 теңгеден сатып алынады.

Аймақтардағы АШТӨ бөлінген дизелдік отынның орташа бағасы оның тасымалдауы мен операторлардың басқа да шығындарымен есептегенде 91 теңгені құрап отыр. Бұл нарықтағы бағадан 10 %-ға арзан.

2013 ж. 20 қыркүйектің жағдайына отын жеткізушілер облыстардың АШТӨ 317,3 мың тонна дизелдік отын жеткізіп берді (жалпы бөлінгеннің 77 %).

Сонымен қатар ү.ж. 6 қыркүйегінде қосымша 41,8 мың тонна арзандатылған дизелдік отынды 2013 ж. егінді кептіруге арналған жеткізу Кестесі бекітілді.

Министр астық қабылдау кәсіпорындарының (АҚК) астық сақтауға дайындығы туралы айтып өтті. Бүгінгі таңда астық сақтайтын сыйымдылықтар 24,6 млн. Тоннаны құрап отыр, бұл болжамдалған 18,5 млн. тоннадай астықты сақтауға мүмкіндік береді.

Ү.ж. 19 қыркүйегіне АҚК 2053,2 мың тонна астық кірді, оның ішінде бидай 1869,2 мың тонна, арпа 147,1 мың тонна, басқа да дәнді дақылдар 26,3 мың тонна, күріш 10,6 мың тонна. 

Жалпы түскен астықтың ішінде жұмсақ бидайдың үлесі 87,1 %, оның ішінде 2 сұрыпты бидай 0,8 %, 3 сұрыпты бидай 77,6 %, 4 сұрыпты бидай 3,4 %, 5 сұрыпты бидай 3,5 %, сұрыпсыз бидай 1,8 %.

Теги:

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus