Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Қазақстан 5 миллион тоннаға жуық астықты экспорттады

Қазақстан 5 миллион тоннаға жуық астықты экспорттады


Өткен орақ науқанында ел бойынша шамамен 19 млн тонна астық бастырылған. Соның 5 млн тоннаға жуығы сырт елге сатылды. Бұл жыл бұрынғы көрсеткіштен 24 пайызға көп. Бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа отырысында осындай дерек келтірілді.

Жиынға Үкімет басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың қатысты.

Достық Талғатұлы, тілші

-Былтыр қырдағы қиын жағдайға, яғни ауа райынын қолайсыздығына қарамастан диқандар мол өнім жинап алды. Қырманға түскен жалпы астық көлемі 19 млн тоннаға жуық. Өткен жылы ауыл шаруашылығының жалпы ішкі өнім көлемі шамамен 4,5 пайызға ұлғайып, 2,7 трлн теңгені құрады. Бұл өсім өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемінің ұлғаю есебінен қамтамасыз етілді.

Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі

-Біздің көрсеткен көрсеткішіміз жаман болған жоқ. Жылдың қорытындысы бойынша 18,8 тоннаға жуық астық бастырылды. Ветеринария саласында республиканың 9 облысы бойынша вакцина қолданбайтын, аусылдан таза ел мәртебесін алдық. Бұл отандық ауыл шаруашылығы саласын өндіруде, мал шаруашылығы өнімдерін Қазақстаннан тыс жерлерде кедергісіз шығаруға мүмкіндік береді.

Еліміздің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған бірқатар заңнамалық актілер де былтыр қабылданды. Ұсақ ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің бірігуіне қолбайлау болған кедергілерді жою үшін Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы жаңа заң да қабылданды.

Органикалық өнім өндірісін дамытуға жағдай жасайтын органикалық өнім туралы құжат та өз күшігне енді.

Достық Талғатұлы, тілші

-Сондай-ақ айта кету керек, сырттан келетін ауыл шаруашылығы тауарларының үлесі де біршама азайды. Яғни қазақстандық нарықта отандық үлесі басым, Мәселен, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер ішкі нарықта ет өнімдерімен 97 пайыз қамтамасыз етіп отыр. Яғни ет импорты тек 3 пайыз көлемінде ғана. Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығы тауарларлары бағасының тұрақты болуына әсер етіп отыр.

Авторлары: Достық Талғатұлы, Мейрамбек Ақмұханов

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus