Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар 2015 жылы 16 мың тоннадан аса ет және ет өнімдері экспортталды

2015 жылы 16 мың тоннадан аса ет және ет өнімдері экспортталды

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Астана қ.                                                                                                                                          16.03.16 ж.

«ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасы шеңберінде елімізде жеке инвестициялармен мемлекеттік қолдау есебінен 180 мың малға арналған бордақылау алаңдарының жүйесі құралды, ірі қара малды асыраумен айналысатын 10 мыңнан аса фермерлік шаруашылықтар қатысады. Бүгінде қазақстандық өндірушілер Ресей нарығын белсенді игеріп, ет және ет өнімдері экспортында өз орын алуда. Тек 2015 жылдың өзінде 16 мың тоннадан артық ет және ет өнімдері экспортталды, оның ішінде 6,4 мың тонна салқындатылған сиыр еті де бар.

Мемлекет басшысымен ет және сүт саласына стратегиялық инвесторларды тарту және халықаралық ет нарығында ірі компаниялармен ет экспортын қамтамасыз етуге қатысты қойылған тапсырмаларды орындау мақсатында бірлескен инвестициялық жобаларды құру аясында құжаттарға қол қойылды. Мұндай компаниялардың бірі қытайлық «Rifa Holding Group» трансұлттық корпорациясы.

«Rifa Holding Group» және «Евразия агрохолдинг» компаниялары арасында Шығыс Қазақстан облысында ет кластерін құру бойынша меморандумға қол қойылды. Жалпы, 17 мың тонна жылдық қуаттылығымен ет комбинатының, бір уақытта 50 мың бас ҰҚМ және 1000 бас ІҚМ-ға арналған бордақылау алаңдарының құрылыстары жоспарлануда. Мұнымен, кәсіпорынның 80% өнімі Қытайға экспортталмақ.

Сондай-ақ, «Rifa Holding Group» компаниясы жыл сайын 100 мың сиыр етінің ұшасын және 1 млн. қозы ұшаларын алуға дайын.

Бұған қоса, жыл басында еліміздің ірі кәсіпорындарының бірі «Актеп» ЖШС және итальяндық «Inalca Eurasia» компаниясы арасында инвестициялық келісімге қол қойылды. Келісім аясында бір уақытта 44 мың бас қуаттылығымен еліміздің үш облысында бордақылау алаңдарының құрылысы үшін вертикалды-интеграцияланған компанияларды құру, сондай-ақ ет және ет өнімдерін 20 мың тоннаға дейін қуаттылықты ұлғайтумен ет комбинаттарын модернизациялау қарастырылып отыр.

Инвестиция көлемі 100 млн долларды  құрайды. Сонымен қатар, компания қазақстандық еттің жаңа үлгісін құруды және де  Еуропа және  Ресей елдеріне экспорттауды қамтамасыз етуді ниет етіп отыр. Қазақстандық ет және етті қайта өңдеу өнеркәсібінің бірінші халықаралық «KazMeatAstana 2016» форумына қатысатын италиялық компаниядан басқа Канада, Жаңа Зеландия, Түркия, Ресей және басқа елдердің инвесторлары қазақстандық етті импорттауды жоспарлап отыр.

«KazMeatAstana 2016» форумы Қазақстанның ет өнімдерін өңдеу және қайта өңдеу өндірісінің өкілдеріне  халықаралық компаниялардың заманауи техниканы пайдалану арқылы өнімді экспорттауды ұйымдастыру тәжірибесімен танысуға мүмкіндік береді.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков «KazMeatAstana 2016» форумында келесі форумның агроөнеркәсіп кешенін дамытудағы мәселелерді және ортақ қызығушылықтарды талқылайтын алаң  болатындығын атап өтті. Бүған қоса, форум тәжірибе алмасумен қатар, Қазақстанның азық-түлік өнімдерін халықаралық нарыққа шығарып, елімізді етті экспорттайтын мемлекеттер арасында танымалдылығын жоғарлатуға мүмкіндік береді.

Халықаралық сарапшылар «Агробизнес – 2020» бағдарламасы аясында Қазақстанның ет саласындағы экспорттық әлеуетін жоғарылату бойынша жүзеге асырлып жатқан шараларды жоғары бағалады.

Өткізілген форум шеңберінде «В2В» форматында қазақстандық және шетелдің ірі компания   (Inalca Eurasia, Rifa Holding) өкілдері арасында іскерлік келіссөздер өтіп,  тараптар өзара тиімді ынтымақтастық және өндірістегі инвестиция тақырыбын талқылады.

Анықтама: Бүгінде ІҚМ басы 6,1 млн басты құрайды,  2001 жылмен салыстырғанда 1,4 есеге; ҰҚМ басы -17,8 млн бас (1,7 есеге); жылқы – шамамен 2 млн бас (2 есеге) көбейді.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com
www.mgov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus