Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұсынысы бойынша құқық қорғау органдары астық тоналуына жол берген астық қабылдау кәсіпорындарының басшыларына қарсы қылмыстық іс қозғады

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұсынысы бойынша құқық қорғау органдары астық тоналуына жол берген астық қабылдау кәсіпорындарының басшыларына қарсы қылмыстық іс қозғады

Екі жылдың ішінде Ауыл шаруашылығы министрлігі түсім жылдары төмен, астық бағасының қымбаттап кетуі кезінде 10 астық қабылдау кәсіпорында сақтауға өткізілген астықтың жетіспеушілігін анықтады. Астық қабылдау кәсіпорындарының (АҚК) қожалары сақтауға тапсырылған астықтан пайда алу үшін қызығушылықтары туып, оның жетіспеушілігін анықтағанға дейін орнын қайта толтыруға сенімі артады. Заңда кейбір олқылықтардың болуы мұндай жағдайға сеп болып тыр. Осылайша «Мемлекеттік қадағалау және бақылау туралы» ҚР Заңына сәйкес, ҚР АШМ астық қабылдау кәсіпорындарын жоспарға сәйкес жарты жылда бірден артық емес тексеру жүргізетін құқығы бар. Осы жарты жылдың ішінде АҚК заңсыз түрде астықты жұмсауға және астық туралы заңның басқа да бұзақылықтарын жасауға мүмкіндік беретінін, келесі тексеру істері жүргізілгенге дейін барлық тиісті құжаттарды ретке келтіруге және астық көлемін қайта қалпына келтіруге уақытты ұтымды жұмсай алатынына сенімді болады. Осылайша 2012 ж. 57272 тонна астық тапшылығы анықталды, ал АӨК субъектілеріне келген шығын шамамен 2,3 млрд. теңгені құрады. 2013 ж. 84923 тонна астыққа тапшы болдық, шығын 3,4 млрд. теңгені құрады.
2012 ж. Батыс Қазақстан облысының Прокуратурасымен «Пойменское ХПП» ЖШС-нің жетекшісі және ұйымдастырушысына қарсы 13261 тонна астықтың жетіспеушілігіне байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеуге қамалды.
Сондай ақ а. ж. 1 наурызына дейін «ҚазАгроТрейд» ЖШС-не 44011 тонна астықтың жетіспеушілігіне байланысты ұйғарым шығарылды. Қостанай облыстық аумақтық инспекциясымен «Элеватор Агрофуд» ЖШС «Азық түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ қарасты астықтың сандық сапалық қасиетін анықтау үшін жоспардан тыс тексеріс өткізілді. Нәтижесінде 25846 тонна астық қамба зиянкестерімен (негізінен кенелермен, қоңыздармен) бүлінген. Өзі уытты, көгерген, зең иісті болып келеді. Облыстық инспекция қызметкерлері астықтың сандық сапалық қасиетінің бұзылғаны үшін ұйғарым негізінде әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасын шығарды.
2013 ж. ақпан айында сот отырысы бойынша «Элеватор Агрофуд» ЖШС-нен 1086,4 млн. теңге өндірілетіні туралы шешім қабылданып және 108,6 млн. теңге тұрақсыздық айыппұл салынды. Барлығы болатын «Азық түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ пайдасына 1195,9 млн. теңге қаржы өндіріп алу талап етілді.
Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысындағы «Предгорненский элеватор» ЖШС және «Бель-Агачинский МКК» ЖШС «Азық түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-на тиісінше сақтауға тапсырылған 47477 тонна, 15425 тонна астық берешек болып қалды. ШҚО аумақтық инспекциясы аталмыш АҚК-на бұзушылықтарды жою үшін тиісті ұйғарым негізінде хаттама жасап, әр АҚК-на 520 мың теңге көлемінде айыппұл салды. Барлық материалдар Облыстық прокуратура және Қаржы полициясына жолданды.
Солтүстік Қазақстан облысындағы «Астық Қоймалары» ЖШС-нің № 2, 4, 7 Нан базалары барлығы болатын 21028 тонна астықты өтеу қажет. Осылайша мемлекеттік астық инспекторлары Қаржы полициясы қызметкерлерімен бірігіп, АҚК жоспардан тыс тексерулер жүргізді. Тексеріс нәтижелері құқық қорғау органдарына жолданды.
Еліміздің батыс өңірінде мемлекеттік астық инспекторлары «Переметненский элеватор» ЖШС 993 тонна шамасында астық жетіспеушілігін анықтап, сонымен бірге астықты қалпына келтіру жөніндегі және қамба зиянкестерін жою туралы ұйғарым қабылдады.
Мұндай жиі болатын бұзақылықтарды алдын алу үшін министрлік «Мемлекеттік қадағалау және бақылау туралы» ҚР Заңындағы астық нарығын және АҚК айына 1 ретке дейін тексеру жүргізу еселігі бөлігінде тиісті түзетулер енгізуін бастамашылыққа алып отыр. Қазіргі таңда Заң жобасы Парламент Мәжілісінде қаралып отыр. Жалпы бұл проблеманы шешу үшін министрлікпен АҚК азаматтық-құқықтық жауапкершілігін астық қолхаттарын ұстаушылар алдында арттыратын міндетті сақтандыру туралы Заң жобасы әзірленіп жатыр. Бұл шара мүмкіндігінше астық қол хатын ұстаушылардың АҚК алдында заңды қызығушылықтарын қорғауын қарастырады. Мұнан басқа ҚР Парламент Мәжілісіне енгізілген Заң жобасы аясында электронды астық қол хаты институтын енгізу жоспарлануда. Бұл өз жағынан астық қол хаттарының берілуін растайтын құралы болмақ. Бұл мәселенің жүйелі шешілуін қамтамасыз ету үшін Министрлік ҚР Үкіметіне құқық қорғау органдары мен сәйкесінше облыстар әкімінің бастауымен аймақтарда АҚК-нан көлік және темір жол жолдарымен астықты тиеуін бақылайтын штабтар құру ұсынысы жөнінде хат жолдады.
Астықтың жетіспеушілігін анықтаған жағдайында, штаб қозғалған қылмыстық істің негізінде АҚК иелері келтірген шығындарын қайта қалпына келтіру қажеттілігін қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдау қажет екенін құқық қорғау органдарына ұсыну керек.

ҚР АШМ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
+7 (7172) 555-765
info_mcx@mail.ru

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus