Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚБСА мәліметі бойынша Қазақстандағы киіктердің саны биылғы өлім-жітімді санамағанда 300 мыңнан аса дарақты құрады

ҚБСА мәліметі бойынша Қазақстандағы киіктердің саны биылғы өлім-жітімді санамағанда 300 мыңнан аса дарақты құрады

7156ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде Қостанай, Ақтөбе және Ақмола облыстары аумағында киіктердің Бетпақдала популяциясының жаппай қырылу фактісін анықтау бойынша ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаевтың төрғалығымен жұмыс тобының отырысы өтті.
Өлім-жітімнің алғашқы күндері (12.05.15 ж.) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, «Охотзоопром» РМК, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті өкілдерінен құралатын жұмыс тобын құрды. Кейінірек аталмыш жұмыс тобына ҚР Энергетика министрлігі Экология комитетінің, ҚР БҒМ биологиялық қауіпсіздік мәселелердің ҒЗИ мен Зоология институтының, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биологиялық факультеттерінің, ҚР ИДМ Аэрокосмос комитеті, «Қазкосмос»ҰК» АҚ, «Антигептил» қоғамдық қозғалысының мамандары мен халықаралық сарапшылар шақырылды.
Жұмыс тобының негізгі мақсаты – киіктердің жаппай қырылудың себептерін анықтаудағы мемлекеттік органдардың қызметін координациялау және киіктердің жаппай қырылуына әсер еткен факторларды әрі қарай зерттеу үшін ұсыныстарды әзірлеу.
Ұлыбритания, Германия сарапшылырмен ФАО өкілі Ақмола облысында киіктердің қырылу аумағында болып қайтты. Астанаға келіп, жабайы жануарлардың қырылу себептеріне қатысты өз пікірлерімен жұмыс тобы мүшелерімен бөлісті.
Сонымен бірге, Қазақстандағы киіктердің жаппай қырылу себептерін анықтау үшін Халықаралық эпизоотиялық бюромен арнайы комиссия жонданатындығы туралы келісілді.
Бұдан бұрын ҚР Білім және ғылым министрлігі «Қазақстан Республикасының аумағында мекендейтін киіктер таралымында жұқпалы аурулардың таралуының эпизоотиялық мониторингі және алдын алу әдістерін әзірлеу» деген атаумен жалпы сомасы 332 млн. теңгені құрайтын 2012-2014 жылдарға арналған бағдарламаның тапсырыс берушісі болды. Бағдарламаны орындаушы болып ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты айқындалды. Зерттеулер шеңберінде киіктер таралымындағы жұқпалы аурулардың эпизоотиялық мониторингісін жүргізу, сондай-ақ киіктер ауруларының диагностикасы мен профилактикасының заманауи экспресс-әдістерін әзірлеу көзделді.
Бүгінде Қостанай және Ақтөбе облыстарында қырылған киіктердің ұшаларын жою жұмыстары аяқталды. Қырылған киіктердің саны 112 475 дарақты құрады. Санақ өлген киіктерді көму кезінде жүргізіледі. Киіктердің жаппай қырылуы олар төлдейтін және жануарлардың тұрақты мекендеу орыны болып табылмайтын өңірде орын алып отырғанын атап өту керек. Киіктер қысты республиканың оңтүстік аймақтарында өткізіп, көктемнің келуімен солтүстікке қарай қоныс аударған. Мұнымен бірге, қырылған жабайы жануарлардың ішінде 90%-ын ұрғашы киіктер құрап отыр.
Соңғы мәлімет бойынша, Ақмола облысының Жарқайың және Жақсы аудандарында киіктердің 8502 ұшасы жойылды. Жабайы жануарлардың жағдайы мен олардың қырылу себептерін анықтау бойынша шаралар жалғасуда.
Қазақстандың биологиялық әртүрлілікті сақтау ассоциациясының (ҚБСА) мәліметінше 2014 жылы мемлекеттік киік санағының нәтижесі бойынша Қазақстандағы киіктердің саны 300 мыңнан аса дарақты құрады. Бұл көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 50 мың басқа көп.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus