Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Егін алқаптарының аумағы 235 мың гектарға қысқармақ

Егін алқаптарының аумағы 235 мың гектарға қысқармақ


Қазақстандағы егін алқаптарының аумағы 235 мың гектарға қысқаруы мүмкін. Есесіне, майлы, бұршақтұқымдас сынды өзге де дақылдарды өсіру аумағы кеңейеді. Бұл туралы бүгін ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен алқа отырысында белгілі болды. Биыл көктемгі дала жұмыстарына 60 млрд теңге несие бөлу жоспарланған. Алайда министрліктегілер алдағы астық мөлшеріне қатысты болжамдарымен әзірге бөліспей отыр. Қалай дегенмен өткен жылғы жауын-шашын мөлшері қажетті ылғалдың болуын қамтамасыз етеді. Оның үстіне биыл қар да мол түсті»,- дейді олар. Отырыс барысында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетін бағыттар мен субсидия бөлу мәселесіне тоқталды.

Асылжан МАМЫТБЕКОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ
– Егер 2013 жылы 88 млрд теңге субсидия болса, 2014 жылдың қорытындысы бойынша субсидияның көлемі 150 млрд теңгеге дейін жуық жетті. Әсіресе, өсімдік шаруашылығына субсидия көлемі 2 есеге ұлғайды деуге болады. Қазір керісінше, кейбір облыстар осы субсидияларды игере алмай, сонымен әуре болды.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus