Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Елімізде ет экспорты 60 мың тоннаға жетпек

Елімізде ет экспорты 60 мың тоннаға жетпек

2016 жылға қарай елімізде ірі қара мал етінің экспорты 60 мың тоннаға дейін жетеді.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл межені бағындыратынына сенімді. Өйткені, жыл сайынғы өсімнің байқалуы осыған дәлел. Бүгінгі таңда әр өңірге ондағы әрбір шаруашылыққа артылған міндет бар. Осы жоспарға сай шаруалар жүйелі жұмыс жасауда.

Кешенді іс-әрекет «Агробизнес 2020» бағдарламасында жіктеліп жазылған. Мысалы 2020 жылға дейін елімізде 5 ет комбинатын салу, 56 ет өңдеу кәсіпорындарын субсидиялау жоспарда. Ал елімізде импорттық тауарлардың үлесі артып, отандық өндірушілер қыспаққа алынуда деген пікірмен министрлік мүлдем келіспейді. Оған мынадай уәж айтады. Негізгі азық-түлік түрлері бойынша ішкі тұтынудағы отандық өндірістің үлесі 80%-ды құраған. Соның ішінде өндірілген күріш, ас қызылшасы, бидай ұны секілді азық-түліктің ішкі тұтынудағы үлесі 100%-дан асады. Бүгінгі таңда шаруларға берілетін субсидия көлемі артып, негізгі
салалық бағдарлама дайындық кезеңін аяқтап, іске кіріскен.

Арман Евниев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы:

– 2013 жылы заңға байланысты қажетті шешімдер қабылданды. Қазынадан қажетті қаржы бөлінді. Әр облыста арнайы жұмыс топтары құрылып, басым бағыттар анықталды.
www.24.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus