Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде АӨК субъектілерін қаржылай сауықтырудың алғашқы қадамы»

«Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде АӨК субъектілерін қаржылай сауықтырудың алғашқы қадамы»

2013 жылдың 12 ақпанында Қазақстан Республикасы Үкіметімен Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы бекітілді.
«Агробизнес-2020» бағдарламасының негізгі компотенттерінің бірі несиелік және лизингтік міндеттемелерді қайта қаржыландыру және қайта құрылымдау арқылы АӨК субъектілерін қаржылай сауықтыру, сондай-ақ жинақталған қарыздарды өтеу үшін АӨК субъектілерін қаржыландыру.
АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыруды жүргізу үшін «Агробизнес-2020» бағдарламасымен капитал нарығынан 300 млрд. теңге көлемінде қаржының тартылуы қарастырылып отыр.
Осы орайда «КазАгро» Холдингімен жақын арада еврооблигацияның шығарылуы жоспарлануда.
Дайындық жұмыстары аясында 2013 жылдың 25 сәуірінде «КазАгро» Холдингімен «Standard&Poor’s» (ВВВ+ деңгейінде) және «FitchRatings» (ВВВ деңгейінде) агенттіктерінен несиелік рейтингтер алынды, бұл болжамның «Тұрақты» бағалануына сеп болып отыр.
«Standard&Poor’s» агенттігінің рейтингі егемендік деңгейінде қабылданды, яғни Қазақстан Республикасының рейтингісіне сай екеніне айтып кеткен жөн.
Бұл Қазақстан Республикасының халықаралық қаржы сарапшыларының бағалауында жоғарғы рейтингке ие болуы, сондай-ақ «КазАгро» Ұлттық холдингінің қаржылық активтерді сапалы басқару арқасында мүмкін болды.

ҚР АШМ баспасөз хабарламасы
+ 7 (7172) 555-765
info_mcx@mail.ru

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus