Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Павлодар облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне арналған «Neо Nomad» іскерлік ойыны

Павлодар облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне арналған «Neо Nomad» іскерлік ойыны

Павлодар облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері ет өндірісінің зәкірлі кооператив қатысушыларына арналған «Іскерлік ойын» форматындағы оқыту семинарының аясында жобаларды басқару элементтерімен танысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты агробизнесті заманауи бизнес-процестерге тарту және ашық бизнес-ортаны құру болды.
Оқыту семинарында бордақылау алаңдарының басшылары, серіктес фермерлер, облыстық және аудандық әкімдіктердің және қаржы институттары филиалдарының өкілдері қатысты.
Ойын қатысушыларына Ауыл шаруашылығының Бірінші вице-министрі А. Евниев етті мал шаруашылығын дамытудың бағдарламасын таныстырды. Бағдарлама негізін ІҚМ өсіру бойынша фермерлік шаруашылықтар, заманауи ет өңдеу кешендер, өнеркәсіптік бордақылау алаңдарынан тұратын зәкірлі кооператив нысанында құрылатын отбасылық фермалар түріндегі шағын шаруашылықтар құрайтын болады. Сиыр, қой және жылқы шаруашылығымен айналысатын 80 мың отбасылық шаруашылықты құру, пайдаланылатын жайылымдар алаңын 58 млн. га-дан 100 млн. га кеңейту, ІҚМ басын 15 млн. бас, қойды 30 млн. бас ұлғайту көзделеді. Сондай-ақ, бағдарламада жеке талаптарын қолдау қарастылған: басым жер учаскелерін бөлу, шаруа қожалықтарына мал басын сатып алуға жеңілдікпен кредит беру, техника мен құрал-жабдықтар сатып алуға, жайылымның инфрақұрылымын құру.
Іскерлік ойын 4 команданың қатысуымен нақты өндірістік жағдайларды имитациялау негізінде өткізілді. Оңтайландырылған жұмыс әдісінің моделін жасау нақты қатысушылардың әрқайсысына белгілі бір ережелердің шеңберінде рөл атқаруға, шешімдер қабылдауға және қойылған мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік берді. Бір ойынның шеңберінде қатысушылар оңтайлы шешім табу жолдарын іс жүзінде меңгеруге және қолдануға үйрену үшін бірнеше басқару тетіктері мен құралдарын енгізе алды. Әлеуметтік желіде тікелей эфир арқылы ұнаған командаға дауыс беру мүмкіндігі болды. Бұл өз кезегінде, нәтижелерді қорытындылау және жеңімпазды анықтау кезінде ескерілді.

Ауыл шаруашылығы өндірісінде жобалық басқаруды қолдану басқару жүйесінің нәтижесіне бағытталған мақсатты түрде қалыптастыруды көздейді және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен мемлекеттік орган арасында қол жетімді тиімді жұмыс коммуникациялық қарым-қатынасын ұйымдастырудан басталады.
Осындай іс-шараларды өткізу ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне өздерінің құзыреттілігі мен білім деңгейін айтарлықтай арттыруға, соның ішінде жобалық басқару түсінігін кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді.
Бүгінгі іскерлік ойынның қорытындысы бойынша, Баянауыл, Май аудандары және Екібастұз қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен құралған «Оңтүстік» тобы жеңімпаз атанды. Топқа ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін 300 мың теңге көлемінде сертификат ұсынылды.
Ашық дауыс беру нәтижелері бойынша «Батыс» тобын жеңімпаз деп мойындады, Қашыр, Лебяжі аудандары және Ақсу қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен құралған топқа ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін 300 мың теңге көлемінде сертификат ұсынылды.
Белсенді қатысушыларға естелік сыйлықтар берілді.
Жобалық басқарудың осындай элементтерін енгізу бірлескен табыстың негізі. Саланы дамытуға жаңа көзқарасты талап ететін, Елбасы Жолдауында көрсетілген агроөнеркәсіптік кешен алдында еңбек өнімділігін түбегейлі ұлғайту және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімі экспортының өсімін кемінде 2,5 есеге арттыру міндетін орындау болып табылады.
Анықтама:
Ең алғаш рет іскерлік-ойын 1932 жылы КСРО-да Ленинград инженерлік экономикалық институтында (қазір ИНЖЭКОН деп аталады) М. М. Бирштейн ұйымдастырды. 1938 жылы КСРО-дағы іскерлік-ойындары бірқатар ғылыми бағыттардың тағдырына ұшырап, оларға тыйым салынды. Іскерлік ойындардың екінші толқыны АҚШ-та 60 жылдары алғашқы іскерлік ойындардан кейін (1956 ж. С. Абт, К. Гринблетт, Ф. Грей, Г. Грэм, Г. Дюпью, Р. Дюк, Р.Прудхомме және басқалар) басталды.
Іскерлік ойын белгісіздік пен көпфакторлық жағдайында басқару шешімдерін табу құралы ретінде пайда болды. Қазіргі кезде олар жоғары оқу орындарының білім беру үдерісінде, педагогикалық технология ретінде немесе белсенді оқыту әдістерінің бірі ретінде, өндірістік-әлеуметтік және психологиялық мәселелерді шешу үшін өндірісте әлеуметтік-психологиялық дайындықта қолданылады. Іскерлік ойын барысында қатысушылар кәсіби және ойындық тапсырмаларды орындап қоймай, сонымен бірге оқыту және тәрбиелеуге үйретеді. Компьютерлік технологияларды дамыту типтік іскерлік ойындардың компьютерлік ұқсастықтарын және күрделі компьютерлік ойындардың (капитализмнің) жаңа классын құруға әкелді, сондай-ақ жаңа көп ұрпақты генерациялау және өткізу үшін қоршаған ортаны білдіретін көпмақсатты бизнес-модельдерді (Virtonomica) онлайн-іскери ойындар және қашықтықтан оқыту жүзеге асырылды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved