Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Павлодар облысында егін жинау науқаны басталды

Павлодар облысында егін жинау науқаны басталды

Ағымдағы жылы Ертіс маңында 676,6 мың га. аумаққа ауыл шаруашылығы дақылдары егілді.

10 тамыздағы жағдай бойынша өңір аумағында 3,5 мың га егіс алқабы жиналып, астық өнімділігі 9,7 ц/га құрады.

Қазіргі таңда Павлодар облысы күзгі-далалық жұмыс басталған 7-ші өңір. Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында орым науқаны қызу жүріп жатыр.

Жалпылай алғанда, республика бойынша 10 тамызға 731,8 мың га жиналып, орташа егіс өнімділігі 21,7 ц/га, ал бастырылған егін 1590,4 мың тоннаны құрап отыр.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus