Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Ауданда асыл тұқымды шаруашылық көп

Ауданда асыл тұқымды шаруашылық көп

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы тарихы тереңде жатқан өлке. Бұл өңірден Ұлы Абайдың шығуы жергілікті халық үшін мақтаныш. Аудан экономикасында кейінгі жылдары ауыз толтырып айтар­лықтай жаңалықтар бар. Шаруа­шылық өнімдерін өндірумен 555 шаруа қожалығы және 3441 жеке меншік қосалқы шаруашылық айналысуда. Бұрнағы жылы ауыл шаруашылық құрылымдарында мал шаруашылығынан өндірілген өнімдердің көлемі ет – 11850,4 тон­на, жұмыртқа – 824 мың 300 дана, сүт 19998,2 тоннаға жет­се, былтыр бұл көрсеткіш ұлғая түс­кен.

Ет – 13640 тонна, жұмыртқа – 866 мың 400 дана, сүт 21198,1 тон­наға орындалған. Қазір аудан халқы төрт түліктің өсімі мен күті­міне баса назар аудара бастады. Мал санының артуы соның ай­қын дәлелі. Әсіресе, соңғы жылдары асыл тұқымды мал өсіруге ден қой­ғандар көбейді. Нәтижесінде өткен жылы асыл тұқымды шаруашы­лықтардың саны 37-ге жетті. Бір айта кетерлігі, қой малын асыл­дан­дыруға бет бұрғандар көп. 24 ша­руашылық қой малын асылдан­дырумен, 12 шаруашылық жылқы, ал 1 шаруашылық ірі қара малын асылдандырумен айналысып отыр. Абай ауданының әкімі Тұрсынға­зы Мүсәпірбековтің айтуынша, өт­кен жылы Аграрлық несие корпора­циясы және ауыл шаруашылы­ғын қаржылай қолдау қоры арқы­лы отандық мал шаруашылығын қай­та жаңғырту мақсатында, ауыл ша­руашылығы жануарларының генетикалық әлеуетін арттыруда «Сыбаға» бағдарламасымен 2011 жылы 103 миллион 600 мың теңге­ге 607 бас мүйізді ірі қара сатып алынса, былтыр осы бағдарла­ма бойынша 24 шаруа қожалығы 258 миллион теңгеге 1175 бас алынды. «Жайлау» бағдарламасы бойынша ауданға облыстық бюджеттен 50 миллион теңге қаражат бөлініп, оған 2000 бас қой сатып алынды.

Қазір ұлттық сусынымыз қ­ы­мызға деген сұраныс артқан кез. Тіпті көптеген той-жиындар ұлт­тық сусындарымызбен өтетін болд­ы. Сұраныс болған сайын ұсы­ныс та арта түсетіні экономика­лық заңдылық. Саржал ауылдық окру­гіндегі қымыз өңдеу цехын осы ауыл­дағы «Бек» шаруа қожалығы жетекшісі Еділ Жақиянов арнайы келісімшарт негізінде жалға алып, «Саржал қымызы» деген атаумен құтыға құйып шығара бастады. Осы цех арқылы ауылдағы шаруа­шылықтардың бие сүтін жинап, бір жерден өңдеп, үлкен қалалардағы сауда нүктелеріне жөнелтілуде. 2011 жылы ауданда барлық субсидия түрлері бойынша 112 млн 711 мың теңге, ал өткен жылы 216 млн 650 мың 838 теңге субсидия қаражаты игерілді.
– 2011 жылы Ауыл шаруашы­лығы кооперациясы институ­тын дамыту мақсатында облыс әкімі­нің 2009 жылғы 17 қарашадағы №267 қаулысына сәйкес «Ертіс ЖШС ӨСП» бағдарламасы бойынша бө­лінген 62 млн 572 мың теңге қар­жы толықтай игерілді. Осы қаржыға «Абай» сервистік-дайындау орта­лығы құрылып, арнайы мал сою қондырғысы, тоңазытқышымен жабдықталған жылжымалы шет­елдік автокөлік сатып алынды. Бұл мал сою орнында бір ауысымда 30 бас ірі қара немесе 200 бас ұсақ қой малын сойып тіркемелі тоңазыт­қы­шына 7,0 тонна көлемде ет сақ­тай­ды және сервистік-дайындау орталығы негізінде 100 тонна ет сақтайтын тоңазытқыш орна­тылды. Құрылтайшылары «Ертіс» ЖШС шағын несие ұйымы, «Қас­қыр» және «Айтуған» шаруа қожа­лығы, «Бірлік» Ауылдық тұтыну ко­оперативі негізінде өз жұмы­с­тарын ат­қаруда, – дейді аудан әкімі Тұр­сынғазы Жантұяқұлы.

Облыстық тұрақтандыру қо­рынан 1 сұрыпты нан мен ұн баға­ларын тұрақтандыру мақса­тында наубайханалар мен көтерме бөл­шек сауда ұйымдары, кебек алатын кәсіпорындар арасында меморан­думдар мен міндеттемелер қабыл­данды. Аудан бойынша осы тұрақ­тандыру қоры арқылы өткен жыл­дың қыркүйек айынан бастап 185 тонна ұн, 1240 тонна кебек Се­мей қаласындағы «Шығыс Қазақ­стан ұн-құрама жем комбинаты» АҚ, «Ай-Ар» және «Сейнар» ЖШС-нен алынды. Қазір облыс көлемінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің баға­сын тұрақтандыру мақсатында жәрмеңке ұйымдастыру дәстүрі қалыптасты. Өткен жылы 29 рет ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі Өскемен, Риддер, Семей, Қарауылда ұйымдасты­рыл­ды. Жәрмеңкеде барлығы 38 млн 200 мың теңгенің өнімдері сауда­ланды. 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы арқылы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында атқарылған жұмыстар баршылық. Аудан халқын сумен қамтамасыз ету үшін үстіміздегі жылға жергілікті бюджеттен 15000,0 мың теңге қаражат бөлініп, жергілікті «Риза» КМҚК-мен келі­сімшарт жасалынып, жұмыстар атқарылуда. Өткен жылы ауданда «Туған жерге тағзым» акциясы аясында 72 млн тенгенің 31 жобасы жүзеге асы­рылды. Биыл 130 млн 850 мың теңгенің 29 жобасы іске асырыл­мақ.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назар­баевтың бастамасымен республи-­ка көлемінде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы жүзеге асырылуда. 2011 жылы бағдарламамен кел­ген 14 жас маман көтерме жәрдем­ақы, 7-уі 2268,0 мың теңгеден тұрғын үй сатып алуға аз пайызды несие алса, 2012 жылы 9 жас 113,2 мың теңгеден көтерме жәрдемақы, тұрғын үй сатып алуға 10 жас маман 2427,0 мың теңгеден аз пайызды несие алды. Негізгі капиталға инвестиция көлемі осы мерзімге 932,6 млн тең­гені құрады. Салыстырмалы түрде алып қарағанда өсім бар. Аудан бойынша 897 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, бұл был­тырғы осы уақытпен салыстыр­ған­да 1,6 пайызға өскен. Аудан әкімі Тұрсынғазы Жан­тұяқұлының айтуынша, ауданда негізгі халық тұтынатын азық-түлік тауарларын 10 пайыз төмен бағамен сататын 4 әлеуметтік дүкен жұмыс жасап тұр. «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы негізінде респуб­ликалық бюджеттен 15,0 млн теңге бөлініп, 7 отбасы үймен қамтамасыз етілді. «Қазақстан Республика­сы­ның 2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылығын модернизациялау» бағ­дарламасы бойынша Қарауыл ауылындағы үш қабатты 27 пәтер­лі тұрғын үйді 11065,5 мың теңгеге жөндеуге жобалық-сметалық құжат дайындалды.

«Жұмыспен қамту – 2020» бағ­дарламасына орай жұмыссыз­дарды, табысы аз адамдарды оқы­тып, жұмысқа орналастыру ба­ғы­тында жүйелі жұмыстар жүр­гізілді. Бағдарламаның бірінші ба­ғыты бойынша 76 адам біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберілді. Бағдарламаның екінші бағыты бойынша 69 адамға 81 млн теңге несие берілді. Оның 75 мил­лионы ауылшаруашылығын дамы­туға, 6 миллионы кәсіпкерлікті да­мыту мақсатында 4 адамға бе­рілді. Бағдарламаның төртінші ба­ғыты бойынша ауылдық елді ме­кендерді дамытуға 59 млн 049 мың теңге бөлінді. Мұның бәрі мем­лекетіміздің ауылды көтеруге ба­ғыт­талған бағдарламаларының нәтижесінде іске асып келеді.

http://www.aikyn.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus