Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар «Regnum», «LS», «Интерфакс-Казахстан» АА-нің РФ-на норвегиялық балық өнімдерін кіргізуге уақытша шектеу енгізу бойынша сауалдарына жауап

«Regnum», «LS», «Интерфакс-Казахстан» АА-нің РФ-на норвегиялық балық өнімдерін кіргізуге уақытша шектеу енгізу бойынша сауалдарына жауап

images (4)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті атына Ресей Федерациясы ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау бойынша Федералды қызметінен 2015 жылдың 24 тамыздағы №ФС-ЕН-8/14909 және 26 тамыздағы № ФС-НВ-8/15184 хаттары келіп түсті.

Жолданған хаттарда Норвегия мемлекетінің өсімдік, балық, жануарлар және тамақ өнімдерін бақылау бойынша мемлекеттік қызметі 14 норвегиялық балық өндіруші кәсіпорындарын Россельхознадзор қызметкерлерімен жүргізілетін инспекциялық тексеруден бас тартуына байланысты, 2015 жылдың 24 тамыздан бастап аталған кәсіпорындардың өнімдерін Ресей Федерациясына алып келуге уақытша шектеу енгізілгені туралы айтылған.

Шынымен, 2014 жылғы 9 қазан күні Еуразиялық экономикалық комиссиясының №94 шешімімен бекітілген «Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарлардан (өнімдерден) сынама алу және объектілерді бірлескен тексерулерді жүзеге асыру бойынша бірыңғай тәртібі туралы ереженің» (бұдан әрі – Ереже) 73 тармағына сәйкес, (www.eurasiancommission.org/ru/Pages/default.aspx
www.tsouz.ru/eek/RSEEK/RSEEK/12z/Pages/R_94.aspx ), үшінші мемлекеттің құзырлы органы (ескеру – бұл жағдайда Норвегия) кәсіпорындарын тексертуден (инспекциялаудан) дәлелсіз себептер бойынша бас тартатын жағдайда бастамашы (ескеру – бұл жағдайда Россельхознадзор) осы кәсіпорындардың өнімдерін экспорттауға тиым салу мүмкіндігі бар.

Сонымен қатар, Ереженің 69 тармағына сәйкес, тексеруге қатысқан немесе белгілі себептерге байланысты тексеруге қатыспаған ЕАЭК мемлекет-мүшелерінің уәкілетті органдарының қызметкерлері тексеру (инспекция) нәтижелерінде негізделген шешімді мойындайды. Бұл ретте тексеру (инспекциялау) жүргізілмегендіктен ЕАЭК мемлекет – мүшелерінің уәкілетті органдарымен мойындалатын қорытынды әзірлеу үшін қажетті тексеру нәтижелері де жоқ (Ереженің 86 тармағына сәйкес).

Сол себептен Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Қазақстан аумағына 14 норвегиялық балық өндіруші кәсіпорындарының балығын және балық өнімдерін алып келуге уақытша шектеу енгізуді негізсіз деп санайды.

Сонымен қатар, 2014 жылғы 14 қазан күні ҚР Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (бұдан әрі – Шарт) сәйкес, ЕЭК Комиссиясының тауарлардың шығу тегін анықтау бойынша ережелерді белгілейтін шешімі күшіне енгеніне дейін Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 17 ақпандағы №136-IV Заңымен ратификацияланған Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы Үкіметаралық «Тауарларды өндіруші мемлекетін анықтау бойынша бірыңғай ережелері туралы келісім» (бұдан әрі – Келісім) қолданылатынын айта кету қажет. Аталған Келісімнің 6.1 тармағына сәйкес, өндіруші мемлекетті анықтау үшін белгілі өндірістік немесе технологиялық операциялары орындалуы негізінде анықталады.

Шарттың IV тарауы 25 бабын 1 тармағының 5 тармақшасына сәйкес, ЕАЭК мемлекет-мүшелерінің аумақтары арасында тауарлар ішкі нарығының болуы және тауарлардың шектеусіз орын ауыстырылуы (айналымы) Кеден одағының жұмыс істеуінің негізгі принципі болып танылады.

Жоғарыда көрсетілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, норвегиялық балық өндіруші кәсіпорындардың өнімдерін өңдеуде қолданылатын қазақстандық кәсіпорындардың өнімі белгілі технологиялық операцияларын жүзеге асырғаннан кейін Қазақстанда жасалған болып есептеледі. Сол себептен ЕАЭК мемлекет-мүшелерінің аумақтары арасында орын ауыстырылуы (айналуы) шектелмеуі тиіс.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus