Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Көкөніс өнімдерін консервілеу бойынша шағын цех ашылды

Көкөніс өнімдерін консервілеу бойынша шағын цех ашылды

Ақтау, “АШҚҚҚ” АҚ баспасөз қызметі – Маңғыстау облысы Қарақия ауданында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның қолдауымен көкөніс өнімдерін консервілеу цехы ашылды. Құрық ауылының тұрғыны Гүлжамал Бекбауова Қордан алған несиеге жаңа өндіріс ашып, жерлестерін қажетті өнімдермен қамтуды бастады.
«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес компаниясы – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ ауыл тұрғындарын 2005 жылдан бастап несиелеуде. Несиелік бағдарламалар шағын және орта бизнеске арналып, мал және өсімдік шаруашылығын, ауылды жерлерде кәсіпкерлікті дамытуға бағытталады. Ауыл шаруашылығына және ауылдағы бизнеске жеңіл пайызды несие беретін, ауыл кәсіпкерлеріне қаржылай көмек көрсететін қаржы институты ретінде Қор 80 мыңнан астам несие берген.
Ауыл тұрғындарына ұсынатын «Сыбаға», «Егінжай», «Жылыжай», «Табиғи орта» несие өнімдерімен қатар Қор «Жұмыспен қамту – 2020», «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламалары бойынша ауыл тұрғындарын қаржыландыруды жүзеге асыруда. Талаптары жеңілдетілген несие бағдарламаларының арқасында ауылдарда бірқатар кәсіпкерлік нысандары, қызмет көрсету орындары ашылды.
Соның бірі – Қарақия ауданы Құрық ауылында ашылған көкөніс өнімдерін консервілеу цехі.
– Бұл жобаны жүргізу үшін несие алуға Қорға Гулжамал Бекбауовадан өтініш түскен, – дейді Қордың Маңғыстау облыстық филиалының директоры Мұрат Баймағамбетов. – Құжаттарды қарастыру кезінде бірнеше сұрақтар туындаған. Олардың бірі – өндірісті көкөністермен қамтамасыз ету. Маңғыстау облысына көкөніс, жеміс-жидектер басқа облыстардан және көршілес шет елдерден келіп жатқаны бәрімізге мәлім. Дегенмен, қор қызметкерлері кәсіпкерді қолдап, жобаны «Ауыл шаруашылық емес бизнесі» атты бағдарлама бойынша қаржыландыру туралы шешім қабылдады.
2012 жылдың соңында Гүлжамал Бекбауова 8 миллион теңгені 5 жылға 9,5 пайызбен қарызға алды. Бұл қаржыға цех ашып, өз ісін дамыту үшін қажетті құрал-жабдықтар сатып алды.
Қазіргі таңда алғашқы өнімдер шығарыла бастады. Шағын цехте қосымша 6 адамға жұмыс орындары ашылды. Гүлжамалдың жоспары бойынша, алғашқы кезде «Құрық ассортиі» цехы күніне 200 банка өнім шығарады.
http://www.fad.kz/kk/node/4986

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus