Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Генетикасы құнды отандық ірі қара мал мен қой «Қазагромаркетинг» өткізетін аукционда сатылады

Генетикасы құнды отандық ірі қара мал мен қой «Қазагромаркетинг» өткізетін аукционда сатылады

АГРО

05.08.2013

2013 жылдың 8 тамызында Қостанай облысы Қарасу ауданы Восток ауылында өтетін «KARASU Farm-2013» аукционында отандық асыл тұқымды ірі қара мал мен қой сатылатын болады. Аукционды ұйымдастыратын – «ҚазАгро» ұлттық холдингісінің еншілес компаниясы «Қазагромаркетинг» АҚ.

Аукцион барысында қазақтың ақбас тұқымына жататын 60 ірі қара мал, әулиекөл тұқымына жататын 40 ірі қара және қазақтың құйрықты қылшық жүнді 100 бас қойы сатылымға қойылады. Бұл жерде шаруа қожалықтары өнімділік қасиеті жоғары ең сапалы жануарларды сатып ала алады. Мал басы тез қоң жыйып, жеңіл төлдеуге, жайылымдарда бағылуға бейімделген.

«Қазагромаркетинг» өкілдерінің сөзіне қарағанда, бұл биыл өткізіліп отырған осы іспеттес үшінші аукцион. Мұндай іс-шаралар әлбетте еліміздегі асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға өзінің оң үлесін қосуда, себебі аукцион барысында шаруа қожалықтары өз тәжірибесін паш етіп, өзара пікір алмасып, генетикалық жағынан ең құнды малды сатып алу мүмкіндігіне ие болады.

Сонымен қатар алдағы аукцион барысында мал шаруашылығы саласына қажетті ауылшаруашылық техникасы мен құрал-жабдықтарының көрмесі ұйымдастырылып, бірқатар іскерлік кездесулер өтеді. 

Аукционға еліміздің түкпір-түкпірінен келген шаруа қожалықтары қатысады деп күтілуде. 

Сатылымға қойылатын малдың суреттері мен сипаттамасын қамтитын аукцион каталогымен www.kam.kz сайтынан танысып шығуға болады (каталогты қарау үшін аукционның баннеріне басыңыз)!

Анықтама:

«Казагромаркетинг» АҚ-ның миссиясы ауылшаруашылық тауарлары мен қызметтерін дамытудың нарықтық инфрақұрылымын қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады. Ол үшін компания өзінің ауылдық кеңес беру орталықтары арқылы қазіргі заманғы ең озық ақпараттық технологияларды пайдаланып шаруалардың ақпаратқа деген қолжетімділігін арттыруда.

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ АӨК саласында қызметін жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды тиімді басқару арқылы Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды ынталандыру мақсатында   2006 жылы құрылды. Холдингтің құрамына «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроКепіл» АҚ, «Қазагромаркетинг» АҚ кіреді.

_________________________________________________________________________

«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ Баспасөз қызметі

Ринат Тасболатов,  +7 701 460 91 82, R.Tasbulatov@kazagro.kz

тел: (7172) 70-56-39, www.kazagro

 

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus