Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Республикалық ветеринариялық зертхана “Халык маркасы” сөрелеріндегі отандық өнімдерді сараптамадан өткізеді

Республикалық ветеринариялық зертхана “Халык маркасы” сөрелеріндегі отандық өнімдерді сараптамадан өткізеді

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

         25.04.2016 ж.                                                                            Астана қ.

Отандық өнімдерді алға жылжытуда «Халық маркасы жобасы» рөлі айтарлықтай маңызды. Жобаның көрме павильондары  нарықта өнім өндірушілер мен тұтынушыларға оңтайлы жағдай жасайды. Павильондарда ұсынылған отандық өнімдер ҚР АШМ  Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК-да өнімдердің барлық қауіпсіздігін анықтау бойынша зертханалық зерттеулерден  өтеді. Бүгінде табиғи бал, ірімшік, шұжық өнімдері мен тауық жұмыртқалары зерттеуден өтті.
ҚР АШМ мемлекеттік ветеринариялық зертханалары 2015 жылы 117 мың бақылаудағы тауарлардан сынамаларды алып зерттеуден өткізді, оның 1,5 мыңы ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес келмейтіндігі анықталды.
Бүгінгі таңда аса маңызды міндеттердің бірі тұтынушылардың отандық өнімдерге деген сенімін арттыру, сонымен қатар Қазақстанда өндірілген өнімдерге деген  тұтынушылық  сұранысты ынталандыру және шығарылатын тауарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстанда және ЕАЭО деңгейінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері сонымен қатар, препараттардың мүмкін  дәрежедегі қалдық санының, тамақ өнімдері және азықтық шикізаттарда қосындылардың нормативтері нормативтік құжаттармен және техникалық регламенттермен реттелген.
Атап өтетін жағдай, сапалы салқындатылған өнімдерді өндіру және қолдану маңызды. Ондай өнімдер ерекше салқындату жүйесінен өткендіктен олардың құрамы деформацияға ұшырамай барлық пайдалы қасиеттері сақталады.

Анықтама: «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК-на 206 зертханалық корпусы бар.
«РВЗ» РМК- ның облыстық/аумақтық зерттеу зертханалары СТ РК ИСО/МЭК 17025-2007 «Зерттеу және калибрлеу зертханалар біліктілігіне қойылатын жалпы талаптар» сәйкес аккредитациядан өткен, сонымен қатар  «РВЗ РМК орталық аппаратының менеджмент жүйесі Халықаралық ИСО 9001:2008 стандарт талаптарына сай деп танылған.

 

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com
www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus