Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қостанайда жаппай егін жинау науқаны басталды

Қостанайда жаппай егін жинау науқаны басталды

А.ж. 26 тамызда Қазақстанның астық өсіретін аймағының бірі – Қостанай облысында жаппай егін жинау науқаны жүруде. Биыл бұл өңірдің 4 215 мың га аумағына астық дақылдары егілген болатын.

Қазіргі таңда Қостанайдағы дақылды егіс алқаптарының 50 мың га жиналып үлгерді.

Бұған дейін Үкімет отырысы барысында ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов тамыз айында ауа райы ыстық болған жағдайда жаппай егін жинаудың басталуы тамыз айының соңы мен қыркүйек айының басында күтіліп отырғанын атап өткен болатын.

Анықтамалық: а.ж. 26 тамызда Республика бойынша 1318 га аумақта егін жиналып, 2446, 9 мың га бастырылды. Орташа өнімділік 18.6 ц/га.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus