Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қостанайдағы жиында солтүстік өңірдің егіс жинауға дайындық мәселелері талқыланды

Қостанайдағы жиында солтүстік өңірдің егіс жинауға дайындық мәселелері талқыланды

Бүгін Елбасы тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов жұмыс сапарымен негізгі астықты өлкенің бірі – Қостанай облысына барды.

Сапар барысында астық жинау науқаны мен ауыл шаруашылығының шағын механизациясын дамыту бойынша солтүстік аймақтарда жиын өтті.

Жиынға Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарындағы әкім орынбасарлары – ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері, аграрлық сала ғалымдары мен ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер қатысты.

Жиында осы жылы егіс алқабы 22,1 млн. гектарды құрайтынын, яғни былтырғы жылмен салыстырғанда 651 мың гектарға көп екені айтылды. Ал, жаздық егіс 18,7 млн. гектар.

Биылғы жылы АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында егістік алаңын әртараптандыру басталғанын айта кету керек.

Қажетті дақылдар алаңы (зығыр, рапс, күнбағыс, жасымық, ноқат, арпа, сұлы, қант және дәндік қызылша) 1 млн гектарға ұлғайды.

Әртараптандыру саясаты субсидиялау механизмін өзгертуге оң ықпал етті. Атап айтқанда, гектарлық субсидиядан шектеліп, мемлекеттік қолдауды өнімге және өңдеуге беру арқылы шаруаларға қолдау көрсетіледі, – деп атап өтті А.Мырзахметов.

Биылғы жылы тұқым өсіру шаруашылығына бөлінген бюджеттік қаржының көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 2 есе көбейгенін және бұл осы уақытқа дейін белгіленген бюджет шеңберінде жүзеге асқанын айта кеткен жөн. Ең төменгі мөлшердің күші жойылғаны фермерлердің субсидия алуға деген қызығушылығын арттыра түсті. Себебі, ескі сұлба бойынша тұқымның аз ғана бөлігі субсидияландырылып келген еді.

Қабылданған шешім бойынша 2017 жылы сапалы тұқым егу 1,5 есеге ұлғайды. Бірегей тұқымды пайдалану 68%-ға өсті, ал нашар тұқым 1,6 есеге қысқарды.

Сондай-ақ жерді тыңайту механизмі де өзгерді. Бұл фермерлерге жерді тыңайтуды елдің сапасы мен бағасына қарай таңдауға және тыңайтқыштардың түрлерін арттыруға мүмкіндік туғызды.

2016 жылы тыңайтқыштарды пайдалану 261 мың тоннаны құраса, биыл бұл көлем арта түсті, яғни, 309 мың тонна тыңайтқыш қолданылды. Жыл қорытындысы бойынша тыңайтқыштарды алдымен енгізу соңғы бірнеше жылда қажеттіліктің 14 % құрайтын болады.

Бұдан бөлек, егіннің фитосанитарлық қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінуде. Көкқасқа шегірткелер үйіріне қарсы химиялық өңдеу 1,9 млн. гектар аумаққа жүргізілді.

Ағымдағы жылы республикалық бюджет тарапынан дәнді-дақылдар ауруына қарсы өңдеу шаралары қолданылды. Өңдеу көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 12 есе жоғары. Бұл өз кезегінде дәнді-дақылдар ауруларының таралуын азайтуға әсер етті әрі дәнді-дақылдардың қалыптасуына мүмкіндік туғызды.

Жалпы алғанда республика бойынша биылғы жылы масақты дақылдар орташа есеппен гектарына 12,6 ц жетеді деп болжануда, ал астықтың жалпы жиыны 19 млн тоннадан астам.

Астық жинау науқанына 42 мың комбайн тартылады. Оның ішінде 14 мыңнан көбі өнімділігі жоғары астық жинау комбайны, яғни олар астық дақылдарының 70% жинамақ.

Осы жылғы күзгі егіс алқаптары жұмысы үшін республика бойынша қажетті дизельдік отын көлемі 393,9 мың тонна деп анықталып отыр, оның ішінде Ақмола облысы үшін 70 мың тонна, Қостанай облысы үшін 76 мың тонна, ал Солтүстік Қазақстан облысы үшін 75 мың тонна.

Қазіргі уақытта Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстанда астық жинау жүріп жатыр.

Биылғы жылғы 15-тамыздағы есеп бойынша 38% аумақ ретке келтірілді, соғылған астықтың алғашқы салмағы 1,8 млн тонна болса, орташа өнімділігі гектарына 20,2 ц құрады.

Жиын қорытындысы бойынша облыс әкімдеріне ору науқанын уақытылы аяқтауға байланысты қабылданатын шараларды дер кезінде жүзеге асыруды тапсырды. Сондай-ақ, астық жинау жұмыстарына техниканы уақытылы дайындауды, шаруашылық субъектілеріндегі элеваторлық-қоймалық сыйымдылықты және тоқ шаруашылығындағы дайындықты аяқтауды жүктеді.

Вице-Премьер жұмыс сапары барысында Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институтында болып, ауыл шаруашылығы техникаларының жаңа түрлерімен танысты. Ол осы жылдан бастап отандық өндірушілерден аспалы-тіркемелі ауыл шаруашылығы техникаларын лизингке алу үшін жеңілдетілген несие бағдарламасы іске асырылатынын атап өтті (шағын механикаландыру).
Бұл мақсатқа 5,5 % мөлшерлемемен 5 млрд. теңге көлемінде қаржы қарастырылғанын да айта кетті.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus