Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті 2016 жылды қорытындылады

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті 2016 жылды қорытындылады

Ағымдағы жылдың 9 ақпанында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Вице-министрі Нысанбаев Е.Н. қатысуымен Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің кеңейтілген отырысы өтті.

Жиын орман шаруашылығы саласында үздік қызмет атқарған қызметкерлерді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін» және І, ІІ дәрежелі «Биоәртүрлілікті сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгілерімен марапаттаудан басталды.

Отырыс барысында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2016 жылғы қорытынды жұмысы, 2017 жылға арналған жоспары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмыстары талқыланып, аумақтық инспекциялар мен ведомствалық бағынысты ұйымдардың басшыларының баяндамалары тыңдалды.

Отырыс жұмысына комитеттің аумақтық инспекцияларының, ведомствалық бағынысты ұйымдарының, облыс әкімдіктерінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшылары қатысты.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus