Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Орман өнеркәсібі кешені мен орман шаруашылығы бойынша XVI Үкіметаралық Кеңес

Орман өнеркәсібі кешені мен орман шаруашылығы бойынша XVI Үкіметаралық Кеңес

Ағымдағы жылғы 4-5 тамызда Ақмола облысының Зеренді ауданында Қазақстан Республикасының төрағалық етуімен атап өтілетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 25-жылдығына арналған Орман өнеркәсібі кешені мен орман шаруашылығы бойынша XVI Үкіметаралық Кеңестің отырысы өтеді.

Кеңеске Ресей Федерациясы, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінің орман шаруашылығы бойынша мемлекеттік органдарының басшылары, сондай-ақ, ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері мен ТМД Кәсіподақтар федерациясының орман саласы қызметкерлері қатысады.

Конференция барысында ТМД қатысушы-мемлекеттердің орман шаруашылығы мен 2025 жылға дейінгі кезеңдегі орман өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастығының негізгі бағыттары мәселелерін талқылау, қатысушы-мемлекеттердің шекаралас аумақтарындағы орман өрттерінің алдын алу мен сөндіру жөніндегі Келісімді іске асыру, ормандарды күзету мен қорғау, жанама орман пайдалану, кадрлар даярлау мен қайта даярлау және тағы басқа мәселелер жоспарлануда.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus