Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Электронды астық қолхаттарымен операцияларды мобильді қосымша арқылы жүргізуге болады – ҚР АШМ

Электронды астық қолхаттарымен операцияларды мобильді қосымша арқылы жүргізуге болады – ҚР АШМ

Электронды астық қолхаттары бар операциялар өткізу үшін 2016 жылғы 1 шілдеден бастап республикада пайдалануға «e-астық» мобильді қосымшасы пайдалануға беріледі, деп мәлімдеді бүгін ҚР АШМ баспасөз конференциясында «Ақпараттық-есеп орталығы» АҚ басқарма төрағасы Жанасыл Оспанов.

«Ақпараттық жүйеде пайдаланудың ыңғайлылығы үшін, және интернетке қосылу үшін ұялы телефондарды пайдаланудың жоғары меншікті салмағын ескере отырып, біз 1 шілдеден бастап «e-астық» мобильді қосымшасын іске қосамыз», – деді Ж.Оспанов.

Осылайша, оның айтуынша, астық қолхаттарын иеленушілер кез келген жерден операциялар жүргізіп, электронды-сандық қолтаңбамен (ЭСҚ) қол қоя алады. Сондай-ақ пайдаланушылардың ыңғайлылығы үшін порталда астық қоймаларының электронды картасы жүзеге асырылған, онда максималды техникалық сыйымдылығы, сондай-ақ жүктелген және бос сыйымдылықтар көрсетіледі.

Ж.Оспанов еске салып өткендей, ағымдағы жылдың 23 шілдесінен бастап астық қолхаттары тек электронды формтта беріледі. Ол үшін пайдаланушыларға, астық қабылдайтын кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығы тауарларын пайдаланушыларына электронды сандық қолтаңба және интернет желісіне қолжетімділік қажет.

«ЭСҚ алуға қатысты проблемалар жоқ. Бүгінгі таңда жеке тұлғаларға 4 млн астам ЭСҚ және заңды тұлғаларға 400 мың ЭСҚ шығарылды», – деп мәлімдеді ол.

Орталық басшысы бүгінгі таңда лицензияланған астық қабылдайтын кәсіпорындар орналасқан елді мекендерде Интернетке қолжетімділік бар екенін айтты.

Источник: https://primeminister.kz/news/show/29/operatsii-s-elektronnymi-zernovymi-raspiskami-mozhno-budet-provodit-cherez-mobilnoe-prilozhenie-msh-rk/17-06-2016?lang=kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus