Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет 2013 жылғы 11 маусымындағы көктемдік егіс жұмыстарының қорытынды ақпараты

2013 жылғы 11 маусымындағы көктемдік егіс жұмыстарының қорытынды ақпараты

Облыстардың бастапқы ақпараттары бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының егісі ағымдағы жылы 21,4 млн. га орналастырылды, бұл 2012 жылдың деңгейінен 0,1 млн. га (0,6%) кем.
Көктемгі егіс алқабы 18,6 млн. га құрады.
Дәнді дақылдар (күздік және жаздық) 15,8 млн. га орналастырылды, оның ішінде бидай – 13,1 млн. га.
2012–2016 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы дақыларының егіс алқаптарын әртараптандыру жөніндегі меморандумдар аясында басымды дақылдардың алқаптарын кеңейту есебінен бидайдың алқабы 2012 жылдың деңгейімен салыстырғанда 355,0 мың га (2,6%), күріш 3,7 мың га (4%) азайтылды.
Бұл ретте дәндік жүгерінің алқабы 2,6 мың га, арпаның алқабы – 4,1 мың га, сұлының алқабы – 38,0 мың га ұлғайды,.
Майлы дақылдар 1,9 млн. га орналастырылды, бұл былтырғы жылдың деңгейінен 78,8 мың га артық, мал азықтық дақылдары 3,1 млн. га (284,7 мың га артық).

2013 жылғы 11 маусымындағы көктемдік егіс жұмыстарының қорытынды ақпараты

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus