Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Онлайн-конференция тақырыпқа: «Дәнді дақылдарды жинау және сақтаудың өзекті мәселелері»

Онлайн-конференция тақырыпқа: «Дәнді дақылдарды жинау және сақтаудың өзекті мәселелері»

Құрметті пайдаланушылар! 29 тамызда сағат 14.30-де BNews.kz порталының студиясында Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министрі М.Т.Өмірияевтің қатысуымен «Дәнді дақылдарды жинау және сақтаудың өзекті мәселелері» тақырыбыда онлайн-конференция өтеді.

  • ЖүргізушіҚайырлы күн, құрметті пайдаланушылар! Bnews.kz студиясында онлайн-конференция. Біздің бүгінгі диалогымыздың тақырыбы – «Дәнді дақылдарды жинау мен сақтаудың өзекті мәселелері». Және біздің бүгінгі қонағымыз Ауыл шаруашылығы вице-министрі Өмірияев Мүслім Тайырұлы.   – Сәлеметсіз бе, Мүслім Тайырұлы. Студиямызда көргенімізге қуаныштымыз және бірден алғашқы сұраққа көшсек. Астық түсімінің биылғы жылғы болжамдары қандай?
  • Өмірияев М.Т. – Биылғы жылғы астық түсімінің болжамдары жөнінде Ауыл шаруашылығы министрлігінде баяндаған болатынбыз. Әңгіме16 млн. тонна көлемінде болып отыр. Егер құрғақшыл болған 2012 жылмен салыстыратын болсақ, онда бұл көрсеткіш 3,5 млн. тоннаға көп. Бірақ егер рекордты 2011 жылмен салыстырсақ, ол 10 млн. тоннаға аз. Дегенмен де, бұл көлем елдің дәнді дақылдарға деген ішкі сұранысын қанағаттандыруға және 9 млн. тонна көлемінде экспорттық әлеуетті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
  • Жүргізуші – Биыл ылғалдылықтың жоғары болуына байланысты астықты сақтаумен қандай проблемалар туындауы мүмкін?
  • Өмірияев М.Т. – Иә, биыл жиналған егіннің ылғалдылығы жоғары болады деп күтілуде. Сондықтан біз астықты кептіру құрылғысының дайындығын бақылаудамыз. Бүгінгі күні жалпы сыйымдылығы 13,7 млн. тоннаны құрайтын лицензияланған 213 астық қабылдау кәсіпорнының 194-ін тексеріп, оның 170-ке жуығын пайдалануға қабылдадық. Ылғалдылықтың жоғарылығына байланысты дизельдік отынға қажеттіліктің болатынын жоспарлап отырмыз. Мұнай және газ министрлігімен бірлесіп, жиын-терім жұмыстарына бөлінетін арзандатылған жанармайдан бөлек, қосымша 42 мың тоннаны бөлуге өтінім бердік.
  • Жүргізуші – Астық сақтау қоймаларының жүз пайызға дайын болмауының себебі немен байланысты?
  • Өмірияев М.Т. – Себептер әртүрлі. Негізгі себеп – бұл зертханалық құрылғылардың, атап айтқанда, астық балауызы ылғалдылығының төмендеуін өлшейтін құрылғының дайын болмауы.
  • Жүргізуші – Олар жиын-терім науқаны басталғанша әзірленіп үлгереді ме?
  • Өмірияев М.Т. – Жергілікті атқарушы органдар комиссиялар құрды. Өткен аптада біз Ақмола облысының элеваторларын аралап шықтық. Астық қабылдау орындары 2013 жылғы астықты қабылдауға барынша дайын болуы қажеттігі туралы әкімдіктерге хаттар жолдадық.
  • Өмірияев М.Т. – Бұған дейін министрлік дәнді дақылдар бағасының төмендейтіндігін болжаған болатын. Бұл үрдіс әлі де сақталып отыр ма?
  • Өмірияев М.Т. – Иә, сақталып отыр. Мәселе мында, 2012 жыл тек біздің өңір үшін ғана қолайсыз болған жоқ. Баға конъюктурасы туралы айтатын болсақ, онда маркетингтік 2012-2013 жылы астықтың шырқау шегі 345 долларға жетті. Сәйкесінше, мұндай баға бізде – Қазақстанда да қалыптасты, тоннасы үшін 290-300 долларды құрады. Бара-бара төмендеу үрдісі болды. Бүгінгі күні ішкі нарықта астықтың бағасы тоннасы үшін 28-29 мың теңгеге жетіп отыр. Атап өту керек, қазір біз 2013 жылғы егінді тосып отырғандықтан, бидайдың саудасы бойынша объективті операциялар жасалып жатқан жоқ. Бағаларға біртіндеп түзетулер жасалады деп болжап отырмыз. Дүниежүзілік азық-түлік ұйымының мәліметтері бойынша, маркетингтік 2013-2014 жылда астық қоры 50 млн. тоннаға ұлғаятын болады. Әрине, бұл бағаға әсер етеді.
  • Жүргізуші – Сіздің пікіріңізше, Қазақстанда баға көлемі қандай болмақ?
  • Өмірияев М.Т. – Бұл жөнінде пікір айту, болжам жасау өте қиын. Баға туралы жаппай жиын-терін басталатын желтоқсан айында айтқан жөн болады. Бидайдың негізгі өндірушілері Ресей, Украина, Қазақстан болып табылады. Біздің өңірде де, Ресей мен Украинада сияқты, астықтың жақсы түсімі күтілуде. Бірақ сонымен бір мезгілде, біздің бидай анағұрлым сапалы тауар ретінде белгіленетіндіктен, бұл біздің бәсекелі басымдығымыз болып табылады.
  • Жүргізуші – Ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерге ағымдағы жылы көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар туралы айтып берсеңіз. Айтқысыз шаралар мен жаңа бағдарлама қабылданды. Осы туралы толығырақ білсек.
  • Өмірияев М.Т. – Биыл «Агробизнес-2020» бағдарламасы қабылданды. Оған сәйкес, ауыл шаруашылығына жалпы алғандағы мемлекеттік қолдау деңгейін арттыруға бағытталған бірқатар қаржылық құралдар мен шаралар қарастырылуда. Өсімдік шаруашылығына қатысты айтсақ, 2013 жылы көктемгі егіс және жиын-терім науқанын өткізуге «ҚазАгро» холдингімен 60 млн. теңге бөлінді. Осы сомадан ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге 53 млн. теңге беріліп үлгерді. Сәйкесінше, орақ жұмыстары да қажеттілік жағдайында «ҚазАгро» институтымен қаржыландырылатын болады. Онымен қоса, Үкімет нарықтағыдан орташа алғанда 10 пайызға төмен бағамен арзандатылған жанармай бөліп отыр. Орақ жұмыстарына біз 410 мың тонна дизельдік отынды қарастырып отырмыз, көктемгі егіс жұмыстарына 390 мың тонна бөлінген болатын. Егер жалпы алғандағы субсидиялар туралы айтатын болсақ, онда олардың биыл бөлінген көлемі 34 млрд. теңгені құрады.
  • Жүргізуші – Сұрақ пайдаланушымыз Даниярдан түсті. Ол «Биыл соя мен арпаның түсімі қандай болады?» деген сауал жолдауда.
  • Өмірияев М.Т. – Аталмыш дақылдарды өсіруге бөлінген алқаптарды арттырудың оң қарқыны байқалуда. Егер 2012 жылы сояны өсіруге 83 мың гектар жер арналса, биыл ол 103 мың гектарды құрады. Болжанып отырған орташа көрсеткіш – гектарына 20 центнер болса, 200 мың тонна соя жинап алу көзделіп отыр. Арпаға қатысты айтсақ, оған арналған алқаптың көлемі 1 млн. 880 мың гектарды құрайды. Арпа 1 млн. 900 мың тонна көлемінде түседі деп болжануда.
  • Жүргізуші – Жемшөптік дақылдар алқаптарының артып отырғандығын айттыңыз. Өнімнің қандай көлемін жинап алу көзделіп отыр?Ауыл шарушалығы министрлігі еттің экспорттық әлеуеті жөніндегі бағдарламаны қаншалықты реттей алып отыр?
  • Өмірияев М.Т. – Өткен жылы облыс әкімдіктері, «ҚазАгро» холдингі, «ҚазАгроИнновация» АҚ мен Ауыл шаруашылығы министрлігі егіс алқаптарын әртараптандыру туралы меморандумға қол қойды. Оның шеңберінде жемшөптік дақылдарға бөлінетін алқаптар көлемін арттыру көзделеді. Жемшөп дақылдары туралы жалпылама айтқан жөн болмас, себебі жемшөптер құрамына жүгері, сүр шөп пен дәнді-бұршақты дақылдар да кіреді. 2012 жылдан бастап жемшөптік дақылдарға бөлінген алқаптардың елеулі және тұрақты өсімі байқалуда. Бірінші кезекте, Ауыл шаруашылығы министрлігі, «ҚазАгро» және еттің экспорттық әлеуетін және жалпы мал шаруашылығын дамыту жөніндегі ауылшаруашылық таураларын өндірушілер реттеп отырған бағдарлама негізгі қозғаушы күш болып табылады. Мәселе және де жылқы шаруашылығы, құс шаруашылығы, сүтті мал шаруашылығында болып отыр. Әрине, негізгі тұтынушылар – мал шаруашылығы саласы.
  • Жүргізуші – Осымен біз онлайн-конференциямызды аяқтаймыз. Сау болыңыздар!

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus