Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қолданыстағы мораторийдің мерзімін тағы да 5 жылға ұзарту ұсынылды

Қолданыстағы мораторийдің мерзімін тағы да 5 жылға ұзарту ұсынылды


Бүгін Астанада Жер реформасы бойынша комиссия отырысында Жер кодексінің кейбір тармақтарына мораторийді 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарту ұсынылды.

«Жер кодексінде мораторий жарияланған сұрақтар бойынша негізделген нақты шешімдер қабылдау үшін ауыл шаруашылығы жерлерінің пайдаланылуы туралы дәйекті мәліметтерді толықтыру, оларға егжей-тегжейлі түгендеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігін ескере отырып, ҚР Президентіне қолданыстағы мораторийдің мерзімін 5 жылға, яғни 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарту ұсынысы берілсін», – деген ұсыныс айтылды.

«Беріліп отырған ұсыныстарды ҚР Президенті қабылдаған жағдайда Комиссия жұмысы тоқтатылсын. Комиссия мүшелері жер заңнамасын бұдан әрі жетілдіруге байланысты жұмысқа қызығушылығы болатын болса, онда Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге бұл жұмысқа қатыса алатыны ескертілсін» делінген.

Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін Комиссиямен 4 отырыс және Ақмола, Алматы, Қызылорда және Атырау облыстары тұрғындарымен 4 кездесу өткізілді. Қоғамның қызу талқысына түскен мәселелер бойынша Комиссия тиімді жұмыстар атқарып, халықпен қолдау тапқан ұсыныстар енгізілді.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus