Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ақбөкендерді қорғау ұдайы жүргізілуде

Ақбөкендерді қорғау ұдайы жүргізілуде

Баспасөз хабарламасы

26. 01.2016 ж                                                                                                           Астана қаласы

 

Ақбөкендерді қорғау ұдайы жүргізілуде

 

2007-2015 жж ІІМ мен ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бағынысты ұйымдарының қатысуымен ақбөкендерді ату және олардың мүйізін сату бойынша 329 факті анықталған.

Республика көлемінде киіктердің мүйізін саудалау және шетелге кантрабандалық жолмен тасымалдау, сондай-ақ, ұсталған азаматтардың жауапкершіліктен қашуы, киіктерді қорғауда жасалған мемлекеттік шараларға кері әсерін тигізіп отыр.

Бұл мәселені шешуде құқыққорғау органдары тек мүйіз сатып алушыларды ғана емес, шетелге заңсыз жолмен киік мүйіздерін тасымалдайтындарды анықтаудың қажеттілігі туындап отыр.

 Осыған орай, ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мемлекеттік органдармен бірлесіп киіктерді қорғау жұмысына қатысты жиын өткізді.

Отырысқа ҚР АШМ Вице-министрі, ҚР Қаржы министрлігі мен құқыққорғау органдарының өкілдері қатысады. 

Бүгінде киік аулау ұйымдасқан қылмысқа айналғандықтан, браконьерлікке қарсы табиғат қорғау құрылымдары бірлесіп әрекеттесуде. Сондай-ақ, Ауылшаруашылығы министрлігі киіктердің өткен жылғыдай қырылып қалмауы үшін алдын алу шараларын әзірден қолға алмақ.

Республика көлемінде бетпақдала популациясына қажет шараларды жандандыру, сырқаттың алдын алуға негізделген ғылыми ұсынымдар мен браконьерлікке қарсы шаралар алдағы уақытта мүдделі тараптардың бірлескен күш-жігері негізінде жүзеге аспақ.

Дегенмен браконьерлікке қарсы күрес мемлекеттік органдар тарапынан ұдайы жүргізілсе де, киіктерге жасалған қаскөйлік азаяр емес.

 

   Анықтама:

Қазір ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті киіктерді қорғау және сақтап қалу үшін нақты іс-әркеттерді қолға алып,  халықаралық ынтымақтастық орнатып, Түркіменстан, Өзбекстан Республикаларымен және Ресей Федерациясымен киіктерді сақтау жөніндегі  келісімге қол қойды.

Жыл сайын «Ел болып киікті сақтайық!» атты табиғат қорғау шаралары өткізеледі.

 

ҚР АШМ баспасөз қызметі

minagripress@gmail.com

Контакты: +7(7172)555765

Фото (с) timeskz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus