Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Аңшылық маусымы басталды

Аңшылық маусымы басталды

Қыркүйектің алғашқы сенбісінде ел аумағында аңшылық маусымы басталды. Әуесқойлар марал, аю, тауешкі, сібір еліктері, қабан сияқты 34 сүтқоректі мен құстың 59 түрін аулай алады. Ол үшін, әлбетте, елдегі 700 аңшылық шаруашылығының бірінен арнайы рұқсат алу қажет. Ал биыл Сарыарқа төсінде есепсіз қырылған киіктің нақты ауырған себебін ауылшаруашылығы мамандары әлі айта алмай отыр. Қазір бетпақ даладағы 200 мыңға тарта ақбөкеннің бүгінде шамамен тең жартысы ғана қалған. Ернар Нысанбаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары: – Айдың аяғына дейін Ұлыбритания, Германиядан зерттеулер нәтижесі келеді. Сол кезде Білім және ғылым министрлігінің қарауындағы ғылыми-зерттеу мекемелерден нақты жауап аламыз деген ойдамыз. Сондай-ақ өткен жылмен салыстырғанда, биыл дала өрті оқиғалары көп тіркелген. Тілсіз жау 429 мәрте тұтанып, ел аумағында 7 мың гектар жерді күлге айналдырған. «Дала өртіне шабындық шөптің қалыңдығы себеп болды», – дейді мамандар.

Источник: http://www.24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/83295-a-shyly-mausymy-bastaldy

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus