Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне ҚР Президентінің Иран Ислам Республикасына ресми сапары

ҚР Президентінің Иран Ислам Республикасына ресми сапары

233f9b2668c26e48915bc82cf6ea0cd1_L
Мұнай-газ, ауыл шаруашылығы, инвестиция және көлік тасымалы.

Астана мен Тегеранның бұл салалардағы байланысы одан әрі нығаятын болады. Иранға жасаған ресми сапары барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ирандық әріптесі Хасан Руханимен тиісті келісімге келді. Екеуара кездесуде президенттер екі ел ынтымақтастығын тереңдету жайын талқылап, халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасты.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты ирандық әріптесі Хасан Рухани барлық сән-салтанатымен қарсы алды. Ирандық әскерилер арнайы сап түзеп, қызыл кілем төселді. Қазақстанның әнұраны шырқалды.

Хасан Рухани Нұрсұлтан Назарбаевты Саад Аббад кешенінің Джумхури сарайында қарсы алды. Бұл сарайда кезінде Риза шах ең мәртебелі меймандарды қабылдаған екен. Бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың Иран Ислам Республикасына жасап отырған алтыншы сапары. Айта кеткен жөн, жыл басынан басшысы Ираннан мұнай-газ саласындағы санкциялар алынып тасталғаннан бері алыс-жақын елдермен экономикалық қарым-қатынасы қайта жанданбақ. Нұрсұлтан Назарбаевтың бүгінгі сапары соның бір дәлелі. Қос президент алдымен екеуара кездесті. Өз кезегінде Иран Ислам Республикасының басшысы Хасан Рухани Нұрсұлтан Назарбаевқа шақыртуын қабыл алып, Тегеранға келгені үшін алғысын айтты. Оның айтуынша, Қазақстан Иранның маңызды саяси әрі эконмикалық серіктестерінің қатарына кіреді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Көп рахметімді айтамын, Құрметті Президент мырза! Мен ең алдымен Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Рухани мырзаға, бүкіл Иран халқына қонақжайлылық көңілі мен бізге деген құрметтері үшін және ресми сапармен шақырғаны үшін шын жүрегіммен рахметімді айтамын. Бұл кезең өте тарихи деп санаймын. Иран халқын, Президентті Ұлы жеңістерімен құттықтаймын.

Хасан Рухани, Иран Ислам Республикасының Президенті:
– Құрметті Президент мырза! Менің шақыруымды қабыл алғаныңызға алғыс айтамын. Бүгінгі келіссөздер екі мемлекет үшін де маңызды. Әсіресе, іскер топ өкілдері үшін. Қазақстан мен Иран алдағы уақытта барлық сала бойынша әріптестікті нығайта түседі деп сенемін.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Бүгін жеке отырып және делегация құрамында келіссөздер өткіздік. Жаңа ғана менің алдымда Президент мырза келісілген мәселелердің барлығын атап кетті. Мен оларға түгел қосыламын.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Сапар барысында жаңа айтып кеткендей, 66 екіжақты құжатқа қол қойылды. Жалпы сомасы 2 млрд доллардан артық деп санаймыз. Оның үстіне тау-кен металлургия саласында, ауыл шаруашылығы саласында, көлік-логистика саласында, туризм, ғылым, білім, медицина саласында қол қойылды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Көлік жүйесі бізге кедергі болып келді. Қазір айтайын дегенім, Президент Рухани мырзаның тікелей қатынасуымен біз темір жол салдық. Қазақстаннан Түркіменстан арқылы Иранмен Бендер-Аббасқа шығатын жол. Қазірдің өзінде Шығыс Қытайға бірінші контейнерлік пойыз 12 тәулікте келді. Теңіз арқылы ол екі жарым есе көп уақытты алар еді.

Одан кейін екі ел басшылары кеңейтілен құрамда кездесті. Алдағы уақытта Қазақтан мен Иран мұнай-газ, ауыл шаруашылығы, ядролық отын мен қылмыскерлерді еліне қайтарып беру бағыты бойынша әріптестікті нығайта тұсуге уағдаласты.

Авторлары: Талғат Уәли, Айдос Меделбеков

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/basty-zha-aly-tar/item/115063-respublikasyna-resmi-sapary

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика