Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы ҚР АШМ бірлесе «Қазақстанның Аграрлық саясаты шолуын» ұсынды

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы ҚР АШМ бірлесе «Қазақстанның Аграрлық саясаты шолуын» ұсынды

29.04.2013 ж. Астана қ.

Ү.ж. 29 сәуірінде Астана қ. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) әзірленген
«Қазақстанның Аграрлық саясаты шолуы» көрсетілді. Іс-шараға ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Марат Толыбаев және ЭЫДҰ ауыл шаруашлығы және сауда бойынша директораттың директоры Кен Аш қатысты.
Қазақстанда «Бәсекелестік қабілеттіліктің еуразиялық бағдарламасы» ЭЫДҰ жобасы ҚР Үкіметін тікелей шетелдік инвестициялардың диверсификациясы мен өсіру мәселелері, сонымен бірге экономиканың барлық салаларының, соның ішінде Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері бойынша кеңес береді.
ЭЫДҰ-мен ынтымақтастықты күшейту және дамыту шеңберінде ҚР АШМ қолдауымен ЭЫДҰ 2011 жылдың басында Қазақстан Республикасының аграрлық саясатының шолуын әзірлеуді бастады.
ҚР аграрлық саясаттың шолуының мақсаттарының бірі – халықаралық деңгейде түрлі елдерінің аграрлық саясаттарының мониторингін және талдауын жүргізу негізін құру.
Шолуда Қазақстанның аграрлық секторында тәуелсіздік қабылданғаннан (1995 жылдан бастап 2011 жылға дейін) бері тенденциялармен қалыптасқан аграрлық саясаттың жалпылама контексті суреттелген. Сондай-ақ, аграрлық саясатының шаралары нақты суреттеліп, ЭЫДҰ ауыл шаруашылығын қолдау индщикаторы негізінде сандық бағасы көрсетілді.
Аталмыш баға ЭЫДҰ мүшелерінің, сондай-ақ нарықтық экономикасы дамыған бірқатар елдерде (Бразилия, Қытай, Ресей, Оңтүстік Африка, Украина және Индонезия) ауылшаруашылығы мониторингісінде қолданылатын халықаралық салыстырмалық әдіс негізінде жасалынды
ЭЫДҰ өткізілген Шолудың негізінде бірқатар ұсыныстар берілді, атап айтқанда: аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігінің ұзақтылығын қолдауға бағытталған шараларды нығайту, көліктік инфрақұрылымының шектеулігін жою үшін мемлекеттік ресурстарды қайта бағдарлау, жер және су ресурстарымен басқаруды жақсарту, ветеринария, фитосанитария және азық-түлік жүйесін, сондай-ақ ғылыми зерттеулерді, білімді және ғылымды тарату, ақпарат жүйесін жетілдіру қажеттілігі.
Шолу ЭЫДҰ әдістемесі екі жыл сайын жүргізілу қарастырылып отыр және ауыл шаруашылығы саласындағы өндірушілерді қолдаудың есептелген коэффициенттері негізінде елдің аграрлық секторында жүргізілетін саясаттың ықпалын бағалау бойынша экономикалық-математикалық үлгісі әзірленіп, болашақта аграрлық саясаты саласындағы шешім қабылдаудың негізгі құралы болып саналады.

Анықтама:
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) — еркін нарықтық экономикамен демократияның принциптерін мойындайтын дамыған елдердің халықаралық экономикалық ұйымы. ЭЫДҰ экологиялық жаһандану, әлеуметтік және экономикалық сұрақтарды шешу бойынша әртүрлі елдердің үкіметі арасында бірлесе жұмыс істеу платформасы. ЭЫДҰ басты мақсаты үкіметтерге коропративтік басқару, ақпараттық экономика сұрақтары бойынша жәрдемдесу. Ұйымда әртүрлі елдердің аграрлық салада жинақталған тәжирибесі жөнінде ақпарат бар, бұл үкіметтерге тәжирибелерді салыстыра отырып, оңтайлы бағытты анықтай алады.
Бүгінгі таңда, ұйымға 34 мемлекет кіреді, оның ішінде ЕО мемлекеттері де бар.

ҚР АШМ баспасөз хабарламасы
+ 7 (7172) 555-765
info_mcx@mail.ru

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus