Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Астана қаласында Жер реформасы комиссиясының кезекті отырысы өтті

Астана қаласында Жер реформасы комиссиясының кезекті отырысы өтті

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
08.07.16
Астана қ.                                                                    09.07.2016 ж.

Бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовтың төрағалығымен Жер реформасы комиссиясының кезекті отырысында ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану бойынша нақты заңнамалық ұсыныстар талқылауға шығарылды.

Бас қосудың мақсаты – бұған дейінгі мәжілістердің нәтижелерін салмақтап, саралап, бір тоқтамға келу, комиссия мүшелерінің өзара жұмысын пысықтап алу және «жалпыдан жалқыға» көшу арқылыжерге қатысты мәселелерді шешудің нақтыжолдарынанықтау.

«Біз осы таңға дейін Жер реформасы комиссиясының Елордадағы және өңірлердегіжиындарынөткіздік. Бүгінде жер реформасында туындап отырған мәселелерді екіге бөліп қарастыруға болады: Біріншісі – саяси мәні бар, яғни жерді шетелдіктерге жалға беру, қазақстандықтардың иеленуі сынды мәселелер. Оларға қатысты барлық аймақтарды аралап, халықпен кеңесіп, жан-жақты ұсынымдарды жинай отырып, көпшілік болып шешім қабылдау керек екендігі белгілі.Екіншісі – ағымдағы, көзге көрініп тұрған, шешілу жолдары айқын мәселелер. Бұған жерлерді берудің шекті мөлшерін белгілеу, қоғамдық бақылауды күшейту, ауыл маңындағы жайылымдық жерлердің  берілу тәртібі жатады. Бүгін осындай нақты бағыттардағы бірнеше ұсынысты талқыға шығарып отырмыз», – деп атап өтті А.Мырзахметов.

Жер реформасы бойынша комиссияның штаб жетекшісі Е.Нысанбаев ең әуелі, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді 49 жылға дейінгі мерзімге беруді жалғастыра отырып, бірінші 5 жылдықта жыл сайын мониторинг жүргізуді енгізіп, жалға беру институтын сақтап қалуды және әрбір 3-5 және 7 жылдар кезеңінде мониторинг жүргізуді ұсынды.

Ол өз сөзінде, Жер кодексінде ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру тәртібін регламенттейтін жаңадан жеке бап енгізуді қарастыру керектігін атап өтті.Бұл үдеріс ауыл шаруашылығы жерлерін конкурстық негізде беріп, жер бөлу жөніндегі конкурстық комиссия құрамына қоғамдық кеңестер мен бірлестіктердің және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерін қосу арқылы іске асырылмақ.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беруде олардың шекті (ең жоғары) мөлшерін белгілеу керектігі айрықша аталды. Әрбір әкімшілік аудандар және республика бойынша қазақстандықтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғаларындажалда болуы мүмкін ауыл шаруашылық жерлерінің түрлері бойынша шекті  мөлшерлерін бекітуаса маңызды. Сол себептен, ауыл шаруашылығы жерлерінің жергілікті жағдайы мен ерекшеліктерін, сапалық сипаттамасын есепке алып, шекті мөлшерін анықтау қажет.Бұл жағдай бір қолға ірі көлемдегі жердің шоғырлануына жол бермеуге тиіс.

Үшінші өзекті бағыт ретінде аймақтардағы жерлердің пайдаланылу ерекшеліктеріне байланысты мемлекеттік шекараның аймағынан қазақстандықтарға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің шеңберін (радиусын) анықтау мәселесі талқыға түсті.

Ұсынылған тағы бір мәселе – халықтың қажетіне арнап пайдаланылатын және елді мекендердің жанындағы жайылымдық және шабындық алқаптарды жеке меншікке және жалға беруге тыйым салу мәселесі болды.Яғни, елді мекендер маңайындағы жерлерден халықтың қажеттілігіне керек жайылым мен шабындық жерлердің шеңберін анықтау керек.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика