Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Республикалық меншіктегі су шаруашылығы нысандарындағы жағдай жіті бақылауда

Республикалық меншіктегі су шаруашылығы нысандарындағы жағдай жіті бақылауда

asdf2014 жылы гидротехникалық құрылғылардың құрылысымен реконструкциясына 38 нысан бойынша 12,7 млрд. теңге бөлінді. 13 су шаруашылығы нысандары реконструкцияланып, эксплуатацияға берілді. Атап айтқанда, Ақтөбе облысындағы Қарғалы су қоймасы, Алматы облысы Алакөл ауданы Тентек өзеніндегі сол жағалаудағы магистральді каналымен Тентек су торабы, сондай-ақ, Алматы облысы Ақсу ауданы Аксу ө. Жоғарғы Ақсу су торабы жөндеуден өтті.

2015 жылы 26 гидротехникалық құрылғыларды жөндеу мен құрылысына 11 млрд. теңге қарастырылып отыр. Бюджеттік бағдарламалар шеңберінде Ақмола облысы «Нұра-Есіл» каналында суды тарату және суды есептеу автоматизациялау жүйесін енгізумен Преображен гидроторабын модернизациялау және реконструкциялау жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр. Қарағанды облысындағы Жартас су қоймасын реконструкциялауға қаражат бөлінді. Батыс-Қазақстан облысы Жанғалы ауданы Жанажол ауылының маңында Сары-Өзен өзеніне суды бұру үшін бөгет салынады.

Қабылданған шаралар су шаруашылығы нысандарындағы жағдайды бақылап, төтенше жағдайларды алдын алуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта ҚР АШМ Су ресурстары комитеті барлық су қоймаларының режиміне күн сайынғы мониторинг жүргізілуде, барлық республикалық нысандарда тәулік бойғы кезекшілік ұйымдастырылған. Қауіпті учаскелерде апатты бұзылуды болдырмау үшін құрылыс және басқада инерттік материалдардың қажетті қорлары әзірленген, сондай-ақ тиісті техника дайындалған.

«Казгидромет» РМК болжамына сәйкес жуық күндерде Ақмола, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының өзендерінде көктемгі су тасқынының әрі қарай дамуы, су деңгейінің шұғыл көтерілуі күтілуде.
Қарағанды облысында күрделі гидрологиялық жағдай сақталуда. Бүгінгі күні Сарамқанд су қоймасындағы су көлемі жобалық көлемді 103%-ға көтерді, 15.04.2015ж. сағат 12-00 жағдайы бойынша су қоймасы транзиттік режимде жұмыс істеуде, келген су 1500 м3/с, жіберілген – 1500 м3/с.

Ынтымақ су қоймасы Самарқанд су қоймасымен каскадта жұмыс істейді. 15 сәуір сағат 12-00 жағдайы бойынша су қоймасындағы су көлемі 94,5 млн.м3 толтыру пайызы 86,6. Қарағанды облысы аумағынан Ынтымақ және Шерубай-Нұра су қоймаларынан жоғарғы су бұруға байланысты тасқын суды өткізу үшін Ақмола облысы Преображен гидроторабында суды өткізу үшін барлық қажетті шаралар қабылданған. Қарағанды облысы Нұра ауданының Ахмет ауылында, Ақмола облысы Целиноград ауданы Романовка ауылында және Преображен гидроторабында 3 қосымша бекет қойылған. Астана, Сілеті және Шағлы су қоймалары толтырылуы орташа 95% құрайды, және 100% толтырған жағдайда бұл нысандар транзиттік режимде жұмыс істейтін болады.

Шығыс Қазақстан облысының өзендерінде жоғарғы су шығыны байқалуда. Бұқтырма су қоймасының көлемі – 40,283 км3 құрайды, тасқын су ағысын қабылдау үшін жеткілікті қоры бар (9000 млн.м³ жуық).
Жалпы бүгінгі күні республикалық меншіктегі су шаруашылығының жағдайы тұрақты бақылауға алынған, су қоймаларының жұмыс режимдеріне күн сайынғы мониторинг жүргізілуде.
Су тасқынын апатсыз өткізу мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігінде барлық тасқын су кезеңіне төтенше жағдайлардың алдын алу жөнінде комиссия құрылды. Республикалық меншіктегі су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының төтенше жағдайларын алдын алу жөніндегі шаралар кешені өткізілуде, сонымен қатар көктемгі су тасқынының өту кезеңіне су шаруашылығы нысандарында тасқын суларды өткізу бойынша шараларды жүзеге асыру бойынша ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық органдарымен, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-әрекет жүзеге асырылуда.

Анықтама: Қазіргі уақытта Республикада шамамен 494 жуық су қоймалары бар, 76 республикалық меншікте, 299 –коммуналдық меншікте, 111 – жеке меншікте және 8 – иесіз. Су кодексіне сәйкес жергілікті атқарушы органдарға коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарын басқару, сондай-ақ оларды қорғау мен есебін жүргізу бойынша қызметтер бекітілген.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus