Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар АШТӨ астық сақтау сыйымдылықтарының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 12,4%-ға өсіп, 12,6 млн. тоннаны құрады

АШТӨ астық сақтау сыйымдылықтарының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 12,4%-ға өсіп, 12,6 млн. тоннаны құрады

Ағымдағы жылы барлық ауылшаруашылығы дақылдарының егіс алқаптары 21,2 млн. га құрады, оның ішінде дәнді дақылдар – 14,9 млн. га, бидай – 11,7 млн. га. Майлы дақылдар 2 млн. га, мал азықтық дақылдар – 3,7 млн. га, көкөніс-бақша дақылдары мен картоп – 425 мың га алқапта орналастырылды.
Бұл ретте 2014 жылмен салыстырғанда дәнді жемдік, жарма, бұршақты дақылдардың алқаптары 316 мың га, көкөніс-бақша дақылдары мен картоп – 12,5 мың га, мал азықтық дақылдар – 400 мың га, қант қызылшасы – 7,4 мың га көбейді, бұл Ауыл шаруашылығы министрлігімен жүргізілетін егіс алқаптарын әртараптандыру саясатының оң нәтижесі болып табылады.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының деректері бойынша егін жинау жұмыстары барлық аймақтарда өткізілуде. Сондай-ақ, биыл егін ору науқаны өткен жылдағы көрсеткіштерге қарағанда қарқынды жүргізілуде. А.ж. 14 қыркүйектегі жағдай бойынша шамамен 6,3 млн га дәнді дақылдар жиналды, бұл 2014 жылғы деңгейінен 25,9 мың га артық, 6,9 млн. тоннадан астам астық бастырылды (2014 жылы – шамамен 6,7 млн. тонн), түсімділік 10,9 ц/га болды, бұл өткен жылдың деңгейінен 0,2 ц/га артық. Оңтүстік аймақтарда жүгері мен күрішті санамағанда, жалпы дәнді дақылдардың ору науқаны аяқталды. Жазғы дақылдардың дамуы кезінде ауа райының құрғақшылық болуы есесінен ең төменгі түсімділік Ақтөбе (5,6 ц/га) және Батыс Қазақстан (5,3 ц/га) облыстарында байқалуда.
Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын ұйымдасқан түрде өткізу үшін КазАгро Ұлттық холдингі 68,0 млрд. теңге бағыттады.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге литрін 81 теңгеден аспайтын жеңілдетілген баға бойынша 421 мың тонна жанар май бөлінді, бұл нарықтық бағадан 18%-ға төмен (ЖҚС литрі 99 теңге). Салыстыру үшін былтырғы жылы ЖЖМ литріне 108 теңге бағасымен бөлінді. А.ж. 11 қыркүйегіне АШТӨ үшін 276,5 мың тонна арзандатылған дизель отыны жөнелтілді.
Ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы 98-99% деңгейінде. Ағымдағы жылы егін жинау науқанына 14 мыңнан астам жоғары өнімді астық жинау комбайндары шықпақ. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша астық жинайтын комбайндардың 99%, орақтардың және астық кептіргіштердің 99%, механикаландырылған қырмандардың 98% дайындалды, бұл өткен жылдың деңгейінен жоғары.
Қазіргі кезде республикада жалпы сыйымдылығы 13,7 млн. тонна шамасында 204 лицензияланған АҚК қызмет етуде. Мұнымен, бір жыл ішінде АШТӨ астық сақтау сыйымдылықтары 12,4%-ға өсіп, 12,6 млн. тоннаны құрады Осылайша, астық қабылдайтын сыйымдылықтар 26,3 млн. тоннаны құрайды, бұл былтырғы жылдың деңгейінен 1,1 млн. тоннаға артық. Көрсетілген сыйымдылық жаңа өнімнің астығын және өткен жылдардағы қалдықтарды сақтауға жеткілікті.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E: mailto:minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus