Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ауыл шаруашылығы жалпы ішкі өнімінің көлемі мемлекеттік қолдау көлемінен баяу өсуде

Ауыл шаруашылығы жалпы ішкі өнімінің көлемі мемлекеттік қолдау көлемінен баяу өсуде

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

7.10.15 ж. Астана қ.

Өткен жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігі қолданыстағы субсидиялардың тиімсізділігіне бірнеше рет көңіл бөлді.
Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемі соңғы 7 жыл ішінде 3,5 есе өсіп, 2014 жылы 146,6 млрд. теңгені құрады (2008 жылы – 41,4 млрд. теңге).
Бұған қоса, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің өсімі мемлекеттік қолдау көлемінен баяу өсуде.
Бұл кейбір субсидиялардың ынталандыру тиімділігінің төмендігімен байланысты. Бұған өсімдік шаруашылығындағы гектарға берілетін және мал шаруашылығындағы өнімділікті жоғарлату субсидиялар жатады. Осы субсидиялар өнім тиімділігіне қарамастан егіс алқаптары мен өндірілген өнімге төленеді. Мұнымен аталмыш мемлекеттік қолдау шарасын әкімшілік ету қиын және сауым мен егінді артығымен жазуды ынталандырады.
Мәселені талдау көрсеткендей сапалы гербицидтерді, тыңайтқыштарды, а/ш техникасын, тұқымды, жоғары өтімді инфрақұрылымды және т.б. қолдану арқылы қалыптасатын АӨК бәсекеге қабілеттілігінің маңызды жағдайы ол технологиялылық.
Осыған байланысты жоғары аталған субсидиялар түрін қысқартып, осы қаражат көлемін тиімді субсидияларға бағыттау шешім қабылданды: инвестициялық субсидия, сыйақы пайызын субсидиялау, өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру, ҚҚС субсидиялау, асыл-тұқымды іс, ғылыми ұйымдардың қызметіне кеткен бизнес қауымдастықтарының шығындарын субсидиялау, фитосанитарлық қызметтерді нығайту.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172)55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus