Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 3,4 пайызға ұлғайды

Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 3,4 пайызға ұлғайды

Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 3,4 пайызға ұлғайып, 3,3 трлн теңгені құрады, деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметовтің қоғам өкілдерімен есептік кездесуі барысында.

Кездесу барысында Асқар Мырзахметов Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің 2015 жылға арналған негізгі даму бағыттары мен мекеменің ағымдағы жылға арналған міндеттерін баяндап, сонымен қатар қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

«Оның есептік ақпаратына сәйкес былтырғы жыл агроөнеркәсіптік кешен үшін жақсы көрсеткіштермен аяқталған. 2015 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 3,4 пайызға ұлғайып, 3,3 трлн. теңгені құрады. Бұл ретте республикалық өндіріс көлемінде ең үлкен үлестік салмақ Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарына тиесілі», – деді А.Мырзахметов.

Министрдің айтуынша, аграрлық сектор бизнеске тартымды болып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің (АШТӨ) агроөнеркәсіптік кешендегі (АӨК) мемлекеттік саясатқа деген сенімдері артып келеді. Атап айтқанда, бағыттың болашағы бар екеніне ауыл шаруашылығына құйылып жатқан инвестициялар, оның ішінде АШТӨ-нің өз қаржысының 80%-ды құрауы дәлел.

Өсімдік шаруашылығын әртараптандыру бойынша жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде, бидайға деген ұсыныс пен сұраныс көлемі теңгерімделіп, ол ауыспалы егісті енгізуге, жемдік астық, майлы, жемшөптік дақылдар мен жалпы бақша дақылдары аумақтарын кеңейтуге мүмкіндік берді. Алайда, егін науқанының қорытындысы бойынша 2016 жылы бірқатар облыстарда меморандумдардың индикативті көрсеткіштеріне қол жеткізілмей қалуы күтілуде. Осыған байланысты А. Мырзахметов әкімдіктерді Меморандумдарда қарастырылған жоспарлық көрсеткіштерді орындау жұмысын жандандыруға шақырды.

Министр жылдың аяғына дейін субсидияға қатысты ескі қағидалардың күші жойылмайтынын айта кетті. Субсидиялардың тиімсіз түрлерінен тиімді түрлеріне көшу бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында Министрлік Мәжіліс депутаттары, бизнес, ғылым, қоғамдық ұйымдар өкілдерінің, сондай-ақ әкімдіктер мен басқа да мемлекеттік органдардың қатысуымен Жұмыс тобын құрды.

Айта кетейік, кездесуге ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, салалық одақтар мен қауымдастықтар, барлық деңгейдегі қоғамдық кеңес мүшелері, партиялық және кәсіподақ ұйымдары, орталық және жергілікті атқарушы органдар қатысты. Атап айтқанда, есепті 350 қатысушы залда, 1700-ден аса қатысушы бейне конференция байланыс арқылы тыңдады. Соған қоса, Министрліктің ресми сайты (mgov.kz) мен «Bnews.kz» АА тікелей эфир ұйымдастырылды.

Исчтоник: https://strategy2050.kz/news/36471/

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus