Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР АШМ АӨК Республикалық көрме-жәрмеңкесін өткізу үшін серіктесін анықтау бойынша конкурс жариялайды

ҚР АШМ АӨК Республикалық көрме-жәрмеңкесін өткізу үшін серіктесін анықтау бойынша конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрлігі 2013-2017 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенінің Республикалық көрме-жәрмеңкесін өткізу үшін серіктесін анықтау бойынша конкурс жариялайды.
Конкурсқа қатысу үшін қызығушылық танытқан көрме компанияларына біліктілігін растайтын ақпарат (оның ішінде брошюралар, ұқсас іс-шараларды сипаттау, персонал мен мамандардың тиісті тәжірибесі мен дағдыларының болуы және т.б.) ұсыну қажет
Конвертте мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:
1) көрме компаниясының толық атауы мен мекенжайы;
2) «2013-2017 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенінің Республикалық көрме-жәрмеңкесін өткізуде Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрлігінің серіктесін анықтау бойынша конкурсқа өтінім», сондай-ақ «Конкурс өткізгенге дейін ашпау» деген сөздер.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім қоса есептегенде 2013 жылғы 24 шілдеге сағат 15.00 дейінгі мерзімде, Астана қ., Кенесары, 36, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Инвестициялық саясат департаменті, № 510б кабитен, саған 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Анықтама телефоны: +7 (7172) 555-904, е-mail: nurbekova.k@minagri.gov.kz Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрлігінде 2013 жылғы 25 шілдеде сағат 16.00 мына мекенжай бойынша: Астана қ., Кенесары, 36, 9 қабат, кіші зал.

2013-2017 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенінің Республикалық көрме-жәрмеңкесін өткізуде Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрлігінің серіктесін анықтау бойынша конкурстың шарттары

1. Жалпы ережелері

1.1. Конкурстың мақсаты жыл сайынғы Агроөнеркәсіп кешенінің Республикалық көрме-жәрмеңкесін (бұдан әрі – Көрме-жәрмеңке) үш санат бойынша өткізуде Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) серіктесін (бұдан әрі – Компания) анықтау болып табылады.
1. 2. Көрме-жәрмеңке санаттары:
1) Өсімдік шаруашылығына арналған көрме:
Мақсаты – ақпарат алмасу, әлемдік және отандық тәжірибені зерделеу (семинарлар, конференциялар, дәрістер), ауыл шаруашылығы техникасын, жабдықтарды, тұқымдарды, тыңайтқыштарды, химикаттар, селекциялардың үздік жетістіктерін сатып алу, тұрақты клиенттерді іздеу және ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу.
2) Мал шаруашылығына арналған көрме:
Мақсаты – ақпарат алмасу, әлемдік және отандық тәжірибені зерделеу (семинарлар, конференциялар, дәрістер), ауыл шаруашылығы техникасын, жабдықтарды, жем-шөп және қоспаларды, ветеринарлық препараттарды, селекциялардың үздік жетістіктерін, генетикалық материалды (тұқымдар мен эмбриондар) сатып алу, тұрақты клиенттерді іздеу және ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу.
3) Қайта өңдеушілерге арналған жәрмеңке (бұдан әрі – Жәрмеңке):
Мақсаты – ақпарат алмасу, әлемдік және отандық тәжірибені зерделеу (семинарлар, конференциялар, дәрістер), ойын-сауықтармен, көріністермен, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жабдықтарын көрсетумен, тамақ өнімдерін жаппай сату көрмесімен және Қазақстан Республикасы өңірлерінің агроөнеркәсіп кешенінің жетістіктерін көрсетумен көңіл көтеру іс-шараларын жүргізу.
1.2. Көрме-жәрмеңкесін өткізу мерзімдері: 2013-2017 жылдар ішінде.
1.3. Көрме-жәрмеңкесін өткізу орны: Астана қаласы.
1.4. Көрсетілген іс-шаралар уақыты мен орны бойынша бір уақытта немесе бөлек, бірақ күнтізбелік бір жыл ішінде өткізілуі мүмкін.

2. Конкурсты өткізу тәртібі

2.1. Конкурстың ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрлігі болып табылады.
2.2. Конкурстың өткізілуін қамтамасыз ету және жеңімпазды анықтау үшін конкурстық комиссия (бұдан әрі – комиссия) қалыптастырылады. Комиссия құрамы уәкілетті органның бірінші басшысының немесе оның орнындағы тұлғаның бұйрығымен бекітіледі, комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ саннан және үш адамнан кем болмауы тиіс. Комиссияны комиссия төрағасы басқарады, ол жоқ кезінде төраға орынбасары басқарады. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі бола алмайды және комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы болмайды.
2.2. Комиссия конкурстық өтінімдерді қабылдайды әрі қарайды және конкурс өткізеді.
3. Конкурстың қатысушыларына арналған талаптар

3.1. Конкурсқа қатысу үшін осы Ереженің 3.3. тармағында айқындалған шарттарға сәйкес келетін көрме компаниялары жіберіледі.
3.2. Конкурсқа қатысу үшін қызығушылық танытқан көрме компанияларына олардың біліктілігін растайтын ақпарат (оның ішінде брошюралар, ұқсас іс-шараларды сипаттау, персонал мен мамандардың тиісті тәжірибесі мен дағдыларының болуы және т.б.) ұсыну қажет.
3.3. Конкурсқа қатысу үшін көрме компаниясына мынадай шарттарға сәйкес келу қажет:
– соңғы 3 жыл ішінде халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруда тәжірибенің болуы, сондай-ақ мамандандырылған аграрлық форумдар мен конференцияларды өткізуде тәжірибенің болуы.
– агроөнеркәсіп кешені үшін материалдық-техникалық ресурстарды өндірушілер мен жеткізушілер туралы анықтама-байланыс ақпаратының үнемі жаңартылып отыратын жеке деректер қорының болуы (500 компаниядан кем емес, мекенжайларымен, e-mail, web-сайттарымен қоса).
– көрме-жәрмеңкесін өткізу үшін қажетті тиісті жабдықтың болуы, жабдық жеке меншік немесе жалға алынған болуы тиіс.

4. Конкурсты өткізуді ұйымдастыру

4.1. Ұйымдастырушы конкурс өткізу туралы шешім қабылдағаннан кейін бұқаралық ақпарт құралдары арқылы тиісті хабарландыру береді.
4.2. Конкурстың өткізілуі туралы хабарландырудан кейін конкурсқа қатысам деушілер конкурс ұйымдастырушысының мекенжайына конкурстық өтінімдер ұсынады.
4.3. Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдау өтінімдерді тіркеу журналына енгізу арқылы жүзеге асырылады және конверттерді ашу күніне бір жұмыс күні қалғанда аяқталады.

5. Жеңімпазды анықтау тәртібі

5.1. Конкурсқа қатысу өтінімдері конкурсты өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін 30 күнтізбелік күні ішінде қабылданады
5.2. Конверттер «2013-2017 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенінің Республикалық көрме-жәрмеңкесін өткізуде Қазақстан Республикасы Ауыл шарушылығы министрлігінің серіктесін анықтау бойынша конкурсына өтінім» белгілерімен конкурстың ұйымдастырушысына жолдануы тиіс.
5.3. Конкурсқа қатысу өтінімдері бар конвертер 30 күнтізбелік күн өткеннен кейін ашылатын болады.
5.4. Комиссия конкурсқа қатысу үшін қарауға қабылданған конкурстық өтінімдерді бағалайды әрі салыстырады және конкурстың жеңімпазын анықтайды.
5.5. Комиссия конкурстың қорытындысын комиссия мүшелерімен және хатшысымен қол қойылған конкурс қорытындылары туралы хаттама рәсімдеп, конверттер ашылған күннен бастап 10 жұмыс күннен аспайтын мерзімде жүргізеді.
5.6. Министрлік конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылғаннан кейін 5 жұмыс күнінен кешіктірмей:
– жеңімпазға конкурс қорытындылары туралы хаттама көшірмесін жолдайды;
– Министрліктің интернет-ресурсында қол қойылған конкурс қорытындылары туралы хаттаманың мәтінін жариялайды.

6. Серіктестердің қаржылық өзара қарым-қатынастары

Министрлік пен Компания бір-біріне қандай да бір ақшалай қаражат төлемдерісіз Көрме-жәрмеңке өткізуде қызметтеседі. Министрлік Көрме-жәрмеңке өткізуде еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің жетістіктерін көрсету мақсатында және аграрлық сектордың кәсіпкерлері арасында іскерлік байланысты дамыту үшін алаңдар ретінде мүдделі. Компания Көрме-жәрмеңке өткізуден пайда алудан мүдделі. Көрме-жәрмеңке өткізудің барлық кірістері Компанияның жеке меншігіне түседі.

7. Көрме өткізу бойынша конкурстың жеңімпазына арналған талаптар

7. 1. Конкурс жеңімпазына мынадай міндеттерді іске асыру қажет:
Көрме-жәрмеңке өткізгенге дейін кемінде 90 күн ішінде Көрме-жәрмеңке өткізу күні мен орнын анықтап, Министрлікпен келісу;
Көрме-жәрмеңке өткізгенге дейін кемінде 30 күн ішінде Бағдарлама әзірлеп, Министрлікпен келісу, онда іс-шараның ресми ашылу бөлімі, мәдени-бұқаралық іс-шаралардың өту кестесі, тақырыптық семинарлардың өту уақыты, салтанатты жабылу рәсімі болуы тиіс;
Көрме-жәрмеңке өткізгенге дейін кемінде 90 күн ішінде аумақтың жалпы нобай дизайнын ұсыну және Министрлікпен келісу;
Жәрмеңкені өткізгенге дейін кемінде 30 күн ішінде (Жәрмеңкені бөлек өткізген жағдайда) Министрлікпен жарнамалық афишаның мазмұнымен (жалпы алаңы 50 шаршы метрден кем емес) келісу және Көрме-жәрмеңкенің басталуына 3 күн қалғанда олардың орнатылуын қамтамасыз ету;
Көрме-жәрмеңкенің басталу мерзіміне 90 күн қалғанда оның өтуі туралы жарнамалық компанияны бастау;
Жәрмеңкеге өтеусіз негізде шамамен 100 отандық қайта өңдеу кәсіпорындарының қатысуын (басым бағыттар есебімен өңірлер бойынша бөлумен) қамтамасыз ету;
Жәрмеңкені өткізу кезінде қатысушыларды қажетті көрме жабдықтарымен және инвентармен қамтамасыз ету:
– тоңазытқыш көрмелері – 30 бірліктен кем емес және/немесе Жәрмеңкенің толыққанды жұмысы үшін жеткілікті санда;
– қатысушыларға арналған стелаждар, стендтер, олар Жәрмеңкенің толыққанды жұмысы үшін жеткілікті санда;
– қатысушыларға арналған палаткалар немесе арнайы орындар, олар Жәрмеңкенің толыққанды жұмысы үшін жеткілікті санда;
– қатысушыларға арналған үстелдер, орындықтар, буклеттер, олар Жәрмеңкенің толыққанды жұмысы үшін жеткілікті санда;
– тоңазытқыштың көлеміндей авторефрижератор, Жәрмеңкеге қатысушылардың азық-түлік тауарларын сақтау үшін жеткілікті санда;
Жәрмеңкені өткізу кезінде сахынаны орнату және оны жарықтандыру мен дыбыстың техникалық құралдарымен, сондай-ақ концерттік бағдарламаны жүргізу үшін қажетті өзге де жабдықтармен жабдықтандыру. Сонымен қатар, Компания Қазақстан Республикасының облыстарынан Жәрмеңкеге келген көркем өнерпаздарының өкілдері қатысатын концерттік бағдарламаның ұйымдастырылуына жауапты емес;
Жәрмеңкенің аумағын мерекелі рәсімдеу;
Көрме-жәрмеңкені өткізу сатысына қарай қоқыс үшін кемінде 4 контейнер және кемінде 6 био-дәретханалар орнату.

8. Министрліктің міндеттері

Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктеріне Көрме-жәрмеке жұмысына өнеркәсіпті қайта өңдейтін кәсіпорындардың қатысуын қамтамасыз ету, сондай-ақ тиісті өңірдің агроөнеркәсіп кешенінің субъектілеріне келушілер ретінде Көрме-жәрмеңкеге қатысу жөнінде хабарлау өтінішімен хат жолдау;
Негізгі республикалық профильдік одақтар мен салалық қауымдастықтарға Көрме-жәрмеңке жұмысына қатысу және Көрме-жәрмеңкенің өтуі туралы одақтар мен қауымдастықтар мүшелеріне хабарлау өтінішімен хат жолдау;
Тиісті мемлекеттік органдарға Көрме-жәрмеңке өткізуде ықпал жасау және Көрме-жәрмеңке өткізу кезеңінде мыналармен қамтамасыз ету өтінішімен хат жолдау:
– Министрліктің ұсынған Көрме-жәрмеңке қатысушыларының мемлекеттік нөмірлерінің тізімі бойынша Көрме-жәрмеңке қатысушылар автокөліктерінің кедергісіз жүруін;
– қоғамдық тәртіпті қорғауды, өрт қауіпсіздігін, жедел медициналық көмекті және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін; Көрме-жәрмеңкеге келішілердің өту орнына жетуін қамтамасыз ету мақсатында автобус бағытын күшейтілуін (жүру жиілігін көбейту үшін қосымша автобустар)
– Көрме-жәрмеңке өткізу орнына жарық жүргізуін;
– Көрме-жәрмеңкенің өту аумағын және оған тиесілі орындарды тазартуды және уақытында қоқыс пен ҚТҚ шығаруды;
– жолдардың кейбір учаскелерін уақытша жабуды.
Тиісті мемлекеттік органдарға және/немесе өзге ұйымдарға Көрме-жәрмеңке өткізу үшін палаткалар мен сауда орындарын, сондай-ақ тоңазытқыш жабдықтарын оларды пайдаланғаны үшін жалға алу сомасын Компанияның төлейтіндігі есебімен беру өтінішімен хат жолдау.
Көрме-жәрмеңкеге дайындалу пен өтуін қажетті ветеринарлық ілестірумен қамтамасыз ету;
Көрме-жәрмеңкеге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің немесе оның орнындағы тұлғаның келуін қамтамасыз ету;
Көрме-жәрмеңкенің ресми каталогы үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің алғысөз хатын жолдау;
Көрме-жәрмеңкенің қатысушыларын қатысқаны үшін немесе агроөнеркәсіп кешені саласындағы қандай да бір өзге жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің атынан сертификаттармен (дипломдармен) марапаттау;
Министрлік Компанияны сырттан спонсорлық қолдау іздеуде шектемейді.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus