Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Техникалық инспекция саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылуы туралы

Техникалық инспекция саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылуы туралы

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 6-бабы 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) «Монтаждалған арнайы жабдығы бар өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен тетіктерді қоса алғанда, тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен тетіктерді, оларға тіркемелерді, сонымен қатар жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттiк қызметінің стандарты;

2) «Өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен тетіктерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды қоса алғанда, тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен тетіктерді, оларға тіркемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік қызметінің стандарты;

3) «Өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен тетіктерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды қоса алғанда, тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен тетіктерді, оларға тіркемелерді сенімхат бойынша басқаратын адамдарды тіркеу» мемлекеттiк қызметінің стандарты;

4) «Монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен тетіктерін, сондай-ақ тіркеу нөмірлік белгілерін бере отырып, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды қоса алғанда, тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен тетіктерді, оларға тіркемелерді тіркеу, қайта тіркеу» мемлекеттiк қызметінің стандарты;

5) «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен тетіктерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу» мемлекеттiк қызметінің көрсету стандарты;

6) «Тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен тетіктерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен тетіктеріне, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың болмауы (болуы) туралы ақпарат беру» мемлекеттiк қызметінің стандарты. 

2. Мыналардың:

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы  Үкiметiнiң «Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы және «Жеке және заңды тұлғаларға қөрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»  2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 қаулысының 1-тармақ 22) тармақшасының  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,  2012 ж.,  № 67,  973-құжат);

2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Техникалық инспекция саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» 2010 жылғы 18 наурыздағы № 215 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,  2010 ж.,  № 25-26,  186-бет);

3) Қазақстан Республикасы  Үкiметiнiң    «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзу» мемлекеттiк қызмет көрсету  стандарттын бекіту туралы» 2010 жылғы 20 қазандағы № 1084 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,  2010 ж.,  № 56,  544-құжат) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

     Қазақстан Республикасының

              Премьер-Министрі                                                                  С. Ахметов

 

«Техникалық инспекция саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылуы туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

Р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиісті                                                     мәліметтер тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі  

2.

Жобаны қабылдау қажеттілігінің негіздемесі

 

«Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 2013 жылғы 15 ақпандағы № 88-V сәйкес 

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар Жобаны қабылдау, кері әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларды болдырмайды.

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар Қосымша қаржылық шығынды қажет етпейді.

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары жағдайда күтілетін нәтижелердің, мерзім және болжанатын тиімділігі Жобаны қабылдау шаруашылық жүргізуші субъектілердің мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін арттыруға және оларды көрсету мерзімдерін тездетуге мүмкіндік береді.

Күтілетін нәтижелер мерзімдері – 2013 жыл және келесі жылдар.

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/ немесе Үкіметтің бұрын қабылданған кесімдері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер 1) Қазақстан Республикасы  Үкiметiнiң  2010 жылғы 18 наурыздағы № 215 қаулысы «Техникалық инспекция саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы»;  

2) Қазақстан Республикасы  Үкiметiнiң  2010 жылғы 20 қазандағы № 1084 қаулысы  «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзу» мемлекеттiк қызмет көрсету  стандарттын бекіту туралы»; 

3) Қазақстан Республикасы  Үкiметiнiң  2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 қаулысы «Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы және «Жеке және заңды тұлғаларға қөрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  2010 жылғы 20 шілдедегі №  745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» .

7.

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі Қажет етілмейді

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері Қосымша сараптама жүргізілмеген

9.

Өзге де мәліметтер Жоқ

10.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік жабдықтарына материалдар (көшірмелер) беру рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы) Жоба Қазақстан Республикасының Ауыл шарушылығы министрлігінің (www.minagri.gov.kz) интернет-ресурсында 2013 жылғы 25 қыркүйектегіде орналасқан.

Шығарылған файлдар көлемі:

проектППРК каз (16 307 байт); 

проектППРК рус (20 477 байт);  

ПЗ к ППРК каз (53 760 байт); 

ПЗ к ППРК рус (51 712 байт); 

Стан ГУ ТИказ2 (архивиров., 32 файла, 715 КБ (731 912 байт)); 

Стан ГУ ТИрус2 (архивиров, 32 файла, 739 КБ (756 725 байт).

        

 

         Қазақстан Республикасының

        Ауыл шаруашылығы министрі                                       А. Мамытбеков

“Техникалық инспекция саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылуы туралы” жобасының қосымшасы

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus