Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет «Ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы»

«Ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы»

 

Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының           10-бабы 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге Қазақстан Республикасының ішінде қолданылатын және экспортқа арналған ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

2) «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

3) «Мемлекеттік тіркей отырып, жемазық қоспаларына тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

4) «Мемлекеттік тіркей отырып, ветеринариялық препараттарды тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

5) «Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

6) «Малға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

7) «Жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сонымен қатар ветеринариялық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс объектілеріне тіркелу нөмірлерін беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

8) «Ветеринариялық зертханалар беретін сараптама актiлерiн беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

9) «Ветеринариялық препараттарды өндіру бойынша қызметпен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

10) «Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарға ветеринариялық-санитариялық сараптама жасау бойынша қызметпен айналысу үшін  лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;

11) «Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.

2. Мыналардың:

1) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы     29 сәуірдегі № 464 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,       2011 ж., № 36, 430-құжат);

2) «Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 973-құжат) 18), 19) және 20) тармақшалары 1-тармақта күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

 

          Қазақстан Республикасының

               Премьер-Министрі                                                           С. Ахметов

 


«Ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

 

р/н

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиісті мәліметтер тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның

ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі «Мемлекеттік қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкестендіру мақсатында

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға дұшар етпейді

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар Қосымша қаржы шығындары қажет етілмейді

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі Жобаны қабылдау мемлекеттік қызметтерге шаруашылық субъектілерінің қолжетімділігін арттыруға және оларды көрсету мерзімдерін тездетуге мүмкіндік береді

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер 1) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы     29 сәуірдегі № 464 қаулы;

2) «Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 қаулы.

7.

Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Қажет етпейді

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Жоқ

9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

10.

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы). Жоба Қазақстан Республикасының Ауыл шарушылығы министрлігінің  www.minagri.gov.kz ресми сайтында орналасқан

 

 

 

     Қазақстан Республикасының

   Ауыл шаруашылығы министрі                                      А. Мамытбеков
Қосымша

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus