Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет «Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы»

«Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы»

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі  Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған:

1)       «Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын өтеу бойынша субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

2)       «Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін және нарығын басқару жүйелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.

  1. «Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 қаулысының 1-тармағының 15) және 16) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 973-құжат) күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі                      С. Ахметов

 

«Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтер

стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

 

Р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиісті                                                              мәліметтер тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі  

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының
2013 жылғы 15 сәуірдегі  Заңы

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар Жобаны қабылдау кері әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларды болдырмайды

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар Қосымша қаржылық шығынды қажет етпейді

 

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары жағдайда күтілетін нәтижелердің, мерзім және болжанатын тиімділігі Жобаны қабылдау жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/ немесе Үкіметтің бұрын қабылданған кесімдері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер 1)    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 «Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы
20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы;
2)    Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013 жылғы 13 ақпандағы № 129 «Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» қаулысы;
3)    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 1108  «Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін және нарығын басқару жүйелерін субсидиялау қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» қаулысы

7.

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі Қажет етілмейді 

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері Бар

9.

Өзге де мәліметтер Жоқ

10.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік жабдықтарына материалдар (көшірмелер) беру рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жобасы www.minagri.gov.kz ресми сайтында  «Қолдау және қызметтер» бөлімінің  «Мемлекеттік қолдау шаралары» бөлімшедегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің жобалары» базасының  «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобалары» реестрында мынадай файлдардың атауымен:

«Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін және нарығын басқару жүйелерін субсидиялау бойынша стандартының жобасы» 33,3 КБайт файлдың көлемімен;

«Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін және нарығын басқару жүйелерін субсидиялау бойынша стандартының жобасы» 87,5 КБайт файлдың көлемімен орналасқан

        

 

         Қазақстан Республикасының

        Ауыл шаруашылығы министрі        А. Мамытбеков

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus