Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет «Астықты экспорттаушыға мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу бойынша міндеттемелердің астық экспортаушымен сақталуы туралы растаманы беру» мемлекеттiк қызмет стандартын бекіту туралы

«Астықты экспорттаушыға мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу бойынша міндеттемелердің астық экспортаушымен сақталуы туралы растаманы беру» мемлекеттiк қызмет стандартын бекіту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 6-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Астықты экспорттаушыға мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу бойынша міндеттемелердің астық экспортаушымен сақтаулы туралы растаманы беру» мемлекеттiк қызмет стандарты бекітілсін.

2. «Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1108 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж.,
№ 67, 973-құжат) 1-тармағы 14) тармақшасының  күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі                                                              С. Ахметов

 

«Астықты экспорттаушыға мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу бойынша міндеттемелердің астық экспортаушымен сақталуы туралы растаманы беру» мемлекеттiк қызмет стандартын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына

 ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

п/п

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиісті мәліметтер тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның

ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларды болдырмайды

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар Қаржы шығындарын қажет етпейді

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі

 

Жобаны қабылдау мемлекеттік қызметтерге шаруашылық субъектілерінің қолжетімділігін арттыруға және оларды көрсету мерзімдерін тездетуге мүмкіндік береді

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

 

«Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 қаулысы

7.

Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі Қажет етілмейді

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері Жоқ

9.

Өзге де мәліметтер Жоқ

10.

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі Рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы). Стандарт жобасы (31,2 кбайт), қаулы жобасы (15,2 кбайт), түсіндірме жазба (25,5 кбайт) Қазақстан Республикасының Ауыл шарушылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz ресми сайтында орналастырылған (25.09.13 ж.)

 

 

Қазақстан Республикасының

         Ауыл шаруашылығы министрі                                       А. Мамытбеков 

«Астықты экспорттаушыға мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу бойынша міндеттемелердің астық экспорттаушымен сақталуы туралы растаманы беру» мемлекеттік қызмет стандарты
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus