Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Орман қорының аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу, анықтау және өтеу қағидаларын бекіту туралы

Орман қорының аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу, анықтау және өтеу қағидаларын бекіту туралы

Источник: ИС ПАРАГРАФ, 16.10.2012 17:16:51

 

Орман қорының аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу, анықтау және өтеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 шілдедегі № 955 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 12-бабының 17-7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Орман қорының аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу, анықтау және өтеу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 21 шілдедегі

№ 955 қаулысымен

бекітілген

Орман қорының аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу, анықтау және өтеу

қағидалары

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Орман қорының аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу, анықтау және өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 12-бабының 17-7) тармақшасына сәйкес әзірленген және орман қорының аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу, анықтау және өтеу тәртібін белгілейді.

2. Орман иеленушілер осы Қағидаларға сәйкес орман қорының аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу мен анықтауды жүргізеді.

3. Орман өртінен келтірілген толық материалдық залалдарға:

1) тікелей материалдық шығын:

орта жастағы, толысып келе жатқан, өсіп-жетілген және қураған екпе ағаштардың, тамырынан зақымданған сүректердің жойылуынан келетін залал;

табиғи және қолдан өсірілген жас шыбықтардың, тұтас емес орман екпелерінің және алаңдағы өскіндердің зақымдануынан келетін залал;

екінші дәрежелі орман ресурстарының зақымдануынан келетін залал;

орман қорының аумағында жанама орман пайдалану ресурстарының зақымдануынан келетін залал;

жанып кеткен және бүлінген құрылыс объектілерінен, техникалардан, жабдықтар мен басқа да материалдық құндылықтардан келетін залал;

Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілгендерді қоса алғанда, жабайы жануарлар мен өсімдіктердің жойылуынан келетін залал;

2) жанама материалдық залал:

орман өрттерін сөндіру шығыстары;

ормандарды өсіру жөніндегі іс-шараларды жүргізу шығыстары;

суды сақтау, алқап- және топырақ қорғау, генетикалық, санитарлық-гигиеналық, сауықтыру және орманның басқа да пайдалы функцияларының төмендеуінен келетін залал кіреді;

3) әлеуметтік материалдық залал – өндірістік қызметтен еңбек ресурстарының шығып қалуының нәтижесінде пайдаланылмаған мүмкіндіктерден келетін шығындарды қоса алғанда, адамдардың қаза табуының және жарақаттауының салдарынан іс-шаралар жүргізуге, уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақылар төлеуге арналған шығындардың, санаториялық-курорттық емдеуге, мүгедектерге, сондай-ақ асыраушысынан айырылуы жағдайы бойынша зейнетақылар төлеуге арналған шығыстардың құны.

4. Орман қорының аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу мен анықтау орман өрті сөндірілгеннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде жүргізіледі. Сонымен бірге, өрт болған орман қорының орналасқан учаскесі мен ауданы анықталады және нақтыналады, шекарасын жақын орналасқан орман жолына немесе басқа да бағдарға байланыстырыла өрттің схемалық сызбасы жасалады. Жоспарлы-картографиялық материалға орман өртінің нұсқасы түсіріледі және орманның табиғи түлеуіне ықпалы жөніндегі іс-шаралармен, тұтасқан немесе тұтаспаған орман ағаштарының, алқаптардың табиғи өсіп-өнген жас шыбықтарды оттың шарпып өткен ауданы анықталады.

5. Орманды орналастыру материалдары бойынша сүректің негізгі тұқымы, орташа биіктігі, шеңбері және өрттен зақымданған орман ағаштарының запасы анықталады. Санитарлық іс-шаралар және зақымданған учаскелерде орман өсіру жөніндегі іс-шараларды өткізудің шарты мен мерзімдері белгіленеді.

6. Орман өртінің түрі мен қарқындылығы осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген ағаштардың, олардың жеке бөліктерінің және биоценоздың әр түрлі компоненттерінің бүліну немесе жану белгілері бойынша анықталады.

7. Орман өртінің зиянын есептеуде түбірімен босатылатын сүрек төлемақысының қолданыстағы ставкалары, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкалары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнамасын бұзылуымен келтірілген зиянды өтеу ставкаларының мөлшері, жергілікті өкілді органдар бекіткен орман пайдаланғаны үшін төлем ставкалары пайдаланылады.

2. Тікелей материалдық залалды анықтау тәртібі

 

8. Өсіп тұрған сүректің шығындары сүректің жалпы запасына пайызбен есептегенде өрттің түрін, оның қарқындылығын, екпедегі басым тұқымды және оның орташа диаметрін ескере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген орман өрттері кезіндегі өсіп тұрған сүрек шығындарының көрсеткіштеріне сәйкес анықталады.

9. Өрт болған аудандағы сүректердің жалпы запасы, от зақымдаған сүрекдіңнің басым көпшілігінің орташа диаметрі орман орналастыру материалдары бойынша анықталады.

10. Егер өрт бірнеше бағалық орамдардан тұратын екпе ағаштарды орап алса және өрттің ауданы бір орамнан аспайтын болса, сүректердің жалпы жойылуы әр орам бойынша есептелетін, жойылу жиынтығы ретінде анықталады. Олар орамдағы сүректердің жалпы қорынан немесе оның бөлігінен және қордың жойылу пайызынан есептеледі. Есептеу оның басым көпшілігінің орташа диаметрін есепке ала отырып жүргізіледі.

11. Егер өрт бірнеше орамды немесе оның бөліктерін шарпыса, сүректердің жойылуы орамдар немесе олардың бөліктері бойынша есептеліп, содан кейін қосылады. Мұндай жағдайда, жалпы әр орам немесе оның бөлімі үшін ағаштың басым көпшілік тұқымы басым сүректер қоры және оның орташа диаметрі белгіленеді.

12. Сүректердің жойылуынан келетін залал «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің (Салық кодексі) 506-бабында көзделген сүректердің бір текше метрі үшін төлем ставкалары сүректердің жойылу көлеміне көбейту жолымен анықталады.

13. Өрттен зақымданған сүректерді өткізу мүмкін болған жағдайда, өткізуге жататын түбірден алынған сүректердің құны шығын көлемінен есептеледі.

14. Табиғи және қолдан өсірілген жас шыбықтары, тұтас емес орман екпелері және алаңдағы өскіндерінің (бұдан әрі – жас шыбықтар) зақымданған кезіндегі залалдары, өсірілген жас шыбықтардың тамыр жайғанға дейінгі шығындар бойынша анықталады.

15. Жас талдардың зақымдануынан келетін залалды анықтау зақымданған жас талдардың жасын ескере отырып жас талдарды бөрікбастарының ұштасу жасына дейін өсіруге жұмсалған шығындарды осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ормандарды қалпына келтіруге жұмсалатын шығындардың тиісті коэффициентіне көбейту жолымен жүзеге асырылады.

16. Екінші дәрежедегі орман ресурстарының зақымдануынан келетін залал, тиісті орман тұқымының түбірден ағаш сүрегіне босатылу төлем ставкасының 20 % мөлшерінде есептеледі.

17. Орман өртінің орман қоры аумағындағы жанама орман пайдалану ресурстарын зақымдауынан келетін залал жергілікті өкілді органдар бекітетін орман ресурсының бірлігі үшін төлемақы ставкаларының негізінде жанама орман пайдаланудың әрбір зақымданатын ресурсы бойынша анықталатын залал сомасы ретінде есептеледі.

18. Орман өртінің мемлекеттік немесе жекеше орман иеленушілердің ормандағы құрылыс объектілерін, техникасын, жабдықтарын және басқа да материалдық құндылықтарын (шектеу белгілері, аншлагтар, маңдайшалар, көрнекі үгіт пен насихаттың басқа да заттарын, шағын сәулет нысандары) зақымдап немесе жойып келтірген залалдың көлемі олардың нарықтық бағасы басшылыққа алына отырып анықталады.

19. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілгендерді қоса алғанда, жабайы жануарлар мен өсімдіктердің жойылуынан келетін залалдар Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнамасының бұзылуынан келтірілген залалды өтеу ставкаларының мөлшеріне және Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкаларға сәйкес анықталады.

3. Жанама материалдық залалды анықтау тәртібі

 

20. Орман өртін сөндіру шығыстары:

1) орман өртін сөндіруге басқа ұйымдар мен кәсіпорындардан тартылған жұмыскерлердің, басқа санаттағы тұрғындардың Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес төленетін еңбекақысын;

2) орман өртін сөндіру кезінде пайдаланылған машина мен тракторлар қызметінің иелерінің шот-фактурасымен расталған құнын;

3) орман өртін сөндіру кезінде жұмсалған, нарықтық бағасымен есептелген жанар-жағармай материалдарының, өрт сөндіру құралдарының және тамақ өнімдерінің құнын қамтиды.

21. Ормандарды өсіру жөніндегі іс-шараларды жүргізу шығыстары осы салада маманданған жобалау-іздестіру ұйымдары әзірлеген, мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен жобалар негізінде анықталады, бұл ретте 1 гектарға шаққанда көрсетілген іс-шараларды өткізуге қажетті шығындар өрт өткен алаңға көбейтіледі.

22. Суды қорғау, алқап- және топырақ сақтау, генетикалық, санитарлық-гигиеналық, сауықтыру және орманның басқа да пайдалы функциялары төмендеуінен келетін залал осы Қағидалардың 2-бөліміне сәйкес есептелген сүректердің түбірінен жойылуы мен жас шыбықтардың зақымдануы жиынтығын осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес ормандарды қорғау санаты бойынша залалды айқындау үшін экологиялық маңыздылық коэфициентіне көбейту арқылы анықталады.

4. Әлеуметтік материалдық залалды анықтау тәртібі

 

23. Орман қорының аумағында өрттен келтірілген әлеуметтік материалдық залал «Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттік есебінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 шілдедегі № 1053 қаулысына сәйкес анықталады.

5. Орман қорының аумағында өрттен келтірілген залалды есепке алу тәртібі

 

24. Орман қорының аумағында өрттен келтірілген залал туралы мәліметтер осы Қағидалардың 5 және 6-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша орман өрті туралы хаттамада, орман қоры аумағындағы орман өрттерін есепке алу журналында көрсетіледі.

25. Орман өрті туралы хаттаманы орман иеленушілер екі нұсқада жасайды, бұл ретте бірінші данасы құқық қорғау органдарына беріледі, ал екінші данасы орман иеленушіде қалады.

26. Орман қоры аумағындағы орман өрттерін есепке алу журналы нөмірленеді, тігіледі, орман иесінің қолымен және мөрімен расталады.

6. Орман өртінен келтірілген залалды өтеу тәртібі

 

27. Жеке және заңды тұлғалардың қасақана өрт салуы немесе олардың ормандағы өрт қауіпсізді талаптарын бұзуы салдарынан орман қорының аумағында өрттен келтірілген тікелей және жанама материалдық залал өтеуге жатады.

28. Жеке және заңды тұлғалардың қасақана өрт салуы немесе олардың ормандағы өрт қауіпсізді талаптарын бұзуы салдарынан орман қорының аумағында өрттен келтірілген залалды өтеу Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес ерікті түрде және сот тәртібімен жүргізіледі.

 

Орман қорының аумағында өрттен

келтірілген залалды есепке алу,

анықтау және өтеу қағидаларына

1-қосымша

Ағаштардың, олардың жеке бөліктерінің және биоценоздың әр түрлі компоненттерінің

жарақаттану немесе жану белгілері

 

Өрт түрі мен оның интенсивтілігі

Өрт қауіптілігінің классы

Жанатын орман материалдарының түрі, олардың өзгешелігі мен жану ерекшеліктері

1

2

3

Төменгі жүгірмелі:

әлсіз

I-II

Жерге түскен жапырақтар, бұтақшалар, мүктер, қыналар, өткен жылғы құрғақ шөп жанады, жалынның биіктігі 0,5 мерге дейін, оттың таралу жылдамдығы минутына 1 метр. 1 м2 жану материалдарының запасы 0,3-1,2 килограмм.

орташа

II-III

Жерге түскен жапырақтар, бұтақшалар, мүктер, қыналар, бұтақтар, шөп төсеніштерінің үстіңгі қабаты жанады, жалынның биіктігі 0,5-1,5 метр дейін, күйген ағаш діңінің биіктігі 1-2 метр, оттың таралу жылдамдағы минутына 3-5 метр. 1 м2 жану материалдарының запасы 0,3-2,5 килограмм.

күшті

III-IV

Жалынның биіктігі 1,5-2 метр, күйген ағаш діңінің биіктігі 2 метрден жоғары, оттың таралу жылдамдығы 3-5 метр. 1 м2 жану материалдарының запасы 0,3-2,5 килограмм.

Төменгі тұрақты:

әлсіз

II-III

Жоғарыда көрсетілген жану материалдарынан басқа топырақтың үстіңгі қабатындағы тірі төсеніштер, төсеніштің шіри бастаған қабаты жанады. 1 м2 жану материалының запасы 0,5-3,6 килограмм құрайды.

орташа

III-IV

Қосымша орман төсенішінің жартылай шіріген қабаты жанады, ал ағаш діңгегі айналасындағы, түбір мен ағаштар қалдығы жердің минералдық қабатына дейін жанады, күйген ағаш діңінің биіктігі 10-12 метр.

күшті

IV-V

Орман төсеніші жердің минералдық қабатына дейін толық жанып кетеді, ағаштардың тамыр жүйелері де күйеді, олардың жекелегендері құлайды. Күйген ағаш діңінің биіктігі 10-12 метрден жоғары.

Топырақтық (топырақтық-шымтезек):

әлсіз

III

Сфагнум 7 сантиметр тереңдікке дейін жанып кетеді, тамырлар арасындағы шымтезек 30 сантиметр тереңдікке дейін күйеді.

орташа

IV

Сфагнумнан басқа шымтезек 25 сантиметр тереңдікке дейін жанып кетеді. Көптеген ағаштардың айналасында, олардың кесекті шымтезек бөлімі топырақтың минералды қабатына дейін жанады. Жекелеген ағаштар құлайды.

күшті

IV-V

Шымтезек қабаты толығымен топырақтың минералдық бөліміне дейін жанып кетеді. Ағаштардың жаппай құлауы байқалады.

Жоғарғы:

әлсіз

III

Ағаштың ұшар басының тұтастығы шамалы қылқан жапырақты, немесе құрамына жапырақ тұқымдылар кіретін екпелерде туындайды. Қылқан жапырақтылардың топтаса орналасқан учаскелері өрттен зақымданады.

орташа

III-1V

Орман дақылдарында және табиғи жолмен өнген қылқан жапырақты тұқымдарда туындайды. Ағаштың үстіңгі қабатындағы өрт көлденеңінен де таралады, сонымен қатар төменгі қабат өртінен жиі алға шығып кетеді. Сүрекдіңнің басым бөлігі үстіңгі қабат өртінен зақымданады.

күшті

IV-V

Сүрекдің шымылдығы толығымен жанып кетеді. Күшті жел кезінде өрт тез таралады.

Орман қорының аумағында өрттен

келтірілген залалды есепке алу,

анықтау және өтеу қағидаларына

2-қосымша

Орман өрті кезінде сүректердің түбірінен жойылу көрсеткіштері

р/с №

Өрт түрлері мен олардың қарқындылығы

Орташа шеңбері, см

Тұқымдылар бойынша қураған сүректің және кейіннен жойылатын сүректің пайызы (жалпы қордың)

балқарағай

қайың

майқарағай

шырша

самырсын

ақ қайың

терек

қатты-жапырақты тұқымдылар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Төменгі жүгірмелі:

1

әлсіз

12-16

5

10

15

20

25

17

7

2

17-24

5

10

15

20

12

3

25-32

5

10

15

7

4

33 және одан жоғары

5

10

5

5

орташа

12-16

10

15

20

30

35

25

12

5

6

17-24

5

10

15

25

30

20

7

7

25-32

5

10

20

25

15

8

33 және одан жоғары

5

15

20

10

9

күшті

12-16

15-

20

30

50

55

40

18

10

10

17-24

10

15

25

35

40

30

12

5

11

25-32

5

10

20

30

35

25

7

12

33 және одан жоғары

15

25

30

20

Төменгі қабат тұрақты:

13

әлсіз

12-16

20

30

50

80

85

55

25

15

14

17-24

25

25

40

70

75

45

20

10

15

25-32

10

20

30

50

60

35

15

5

16

33 және одан жоғары

5

15

25

35

50

30

5

17

орташа

12-16

30

40

60

90

95

65

35

20

18

17-24

25

35

50

60

85

55

30

15

19

25-32

20

30

40

70

75

45

25

10

20

33 және одан жоғары

10

20

35

60

70

40

15

5

21

күшті

12-16

55

65

85

100

100

90

60

40

22

17-24

40

50

70

95

100

80

45

35

23

25-32

30

40

60

80

85

70

35

25

24

33 және одан жоғары

20

25

50

75

80

60

20

15

Топырақтық (топырақтық-шымтезектік):

25

әлсіз

12-16

65

70

80

90

95

85

26

17-24

60

65

75

80

90

80

27

25-32

50

55

70

75

85

75

28

33 және одан жоғары

35

40

60

65

80

65

29

орташа

12-16

80

85

95

100

100

100

30

17-24

70

75

80

95

100

95

31

25-32

65

70

75

90

95

90

32

33 және одан жоғары

50

55

70

85

90

80

33

күшті

12-16

100

100

100

100

100

100

34

17-24

100

100

100

100

100

100

35

25-32

95

95

95

100

100

100

36

33 және одан жоғары

90

90

90

100

100

100

Жоғарғы қабат:

37

әлсіз

12-16

15

85

60

90

95

55

25

15

38

17-24

10

70

40

85

90

45

20

10

39

25-32

60

20

80

85

35

15

5

40

33 және одан жоғары

50

10

75

80

30

5

41

орташа

12-16

40

95

80

100

100

65

35

20

42

17-24

15

90

75

95

95

55

30

15

43

25-32

5

85

60

85

90

45

25

10

44

33 және одан жоғары

75

20

80

85

40

15

5

45

күшті

12-16

100

100

100

100

100

90

60

40

46

17-24

50

100

80

100

100

80

45

35

47

25-32

25

95

70

95

100

70

35

25

48

33 және одан жоғары

90

60

90

95

60

20

15

 

Орман қорының аумағында өрттен

келтірілген залалды есепке алу,

анықтау және өтеу қағидаларына

3-қосымша

Орманды қалпына келтіру шығындарына коэфициент

 

Жойылған жас шыбықтардың жасы, жыл

Қылқан жапырақты (майқарағайдан басқа) және қаттыжапырақты тұқымдалыр

Майқарағай

Жұмсақ

жапырақтылар тұқымдылар

1

2

3

4

1-5

0,91

0,91

0,91

6-10

1,00

1,00

1,00

11-20

1,16

1,16

1,16

21-30

1,41

1,41

31-40

1,72

1,72

41-60

2,32

61-80

3,45

Орман қорының аумағында өрттен

келтірілген залалды есепке алу,

анықтау және өтеу қағидаларына

4-қосымша

Ормандардың қорғалу санаты бойынша залалды белгілеу үшін экологиялық маңыздылық коэфициенті

 

Орман қызметінің түрлері

Жолдар №

Ормандардың қорғалу категориясы

Коэфициент

1

2

3

4

Суды сақтау

1

Өзендер, көлдер, су тоғандары, каналдар және басқа да су

қоры нысандарының жағалауындағы тиым салынған орман алқабы

2,5

Қорғаныш

2

Мемлекеттік орман алқабы қорғанышы

3,0

3

Эррозияға қарсы ормандар

3,0

4

Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы темір және авто жолдар, магистральдық тасымал құбырлары және басқа да линиялық құрылыстарға бөлінген қорғаныш орман алқабы

3,0

5

Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы темір жолы және автожолдар бойындағы қорғаныш орман

алқабы

3,0

6

Алқап- және топырақ қорғаныш орманы

2,0

Санитарлық-гигиеналық және сауықтыру

7

Қалалық орман және орман паркі

3,0

8

Елді-мекендердің жасыл аймағы және емдеу-сауықтыру мекемелері

3,0

Генетикалық және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар

9

Биосфералық және қорықтық-сепортерлікті қосқанда, мемлекеттік табиғи қорықтар орманы

5,0

10

Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер орманы

4,0

 

11

Мемлекеттік табиғат резерві ормандары

4,0

12

Мемлекеттік табиғат парктер ормандары

4,0

13

Мемлекеттік қорықтық аймақтар ормандары

5,0

14

Мемлекеттік орманның табиғи ескерткіштері

5,0

15

Генетикалық орман резервін қосқанда, ғылыми маңызы бар орман учаскелері

4,0

16

Ерекше құнды орман алабы

3,0

17

Жаңғақ кәсіпшілігі аймағы

2,0

18

Орман жеміс-жидегі екпелері

2,0

19

Субальпілік ормандар

2,0

Орман қорының аумағында өрттен

келтірілген залалды есепке алу,

анықтау және өтеу қағидаларына

5-қосымша

____________________________________________________________________

(орман иесінің атауы)

Орман өрті туралы

№ ____ хаттама

 

Осы хаттаманы 20 __ жылғы «___» ________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________

(хаттаманы жасаушысының аты-жөні, лауазымы)

______________________________________________________________________________________________________

(хаттаманы толтырған жер)

төмендегілер туралы толтырды:

1. 20 __ жылғы «__» ___________ «__» cағат «__» минутта орман өрті

байқалды______________________________________________________________________________________________

(өрттің қайда байқалғаны – орамда, телімде, кеспеағашта, көрсетілсін

______________________________________________________________________________________________________

жақын орналасқан елді мекеннен, су қоймасынан, жолдан қашықтығы)

2. Өрт байқалды________________________________________________________________________________________

(орамдағы өрт бақылау мұнарасынан, патрульдік ұшақтан

_______________________________________________________________________________________________________

немесе тікұшақтан және қайсы авиа бөлімнен – көрсетілсін, егер өртті

_______________________________________________________________________________________________________

мемлекеттік орман қоры қызметкері немесе мемлекеттік инспектор,

_______________________________________________________________________________________________________

уақытша өрт күзетшісі байқаған болса немесе бөтен тұлға байқаған

_______________________________________________________________________________________________________

болса – қызметі, аты-жөні, және мекен жайы көрсетілсін)

3. Байқалған сәттегі өрттің ауданы___________________________________________________________________________

(«Қазавиаорманкүзеті» РМКМ әуе кемесінен

_______________________________________________________________________________________________________

жеткізуіне немесе өртті байқаған тұлғаның хабарлауы негізінде

_______________________________________________________________________________________________________

өрттің ауданы га көрсетілсін)

4. «Қазавиаорманкүзеті» РМКМ әуе ұшағының жеткізуі (хабарлауы)

«__» _________ 20 __ жылғы «__» сағат «__» минутта алынды___________________________________________________

(өрт туралы хабарлау немесе

_______________________________________________________________________________________________________

жеткізу және ол кімнен алынды, алынған уақыты және күні көрсетілсін)

5. Өрт шыққан жерде табылған_____________________________________________________________________________

(өрттің шығуына және оның себептерін

_______________________________________________________________________________________________________

анықтауға мүмкіндік туғызатын от қалдықтары, ауылшаруашылығы

_______________________________________________________________________________________________________

қалдықтары және басқа да табылған белгілер, көрсетілсін)

6. Өрттің шығу себебі_____________________________________________________________________________________

(егер өрт қауіпсіздігі ережесі бұзылған болса,

_______________________________________________________________________________________________________

анықталған немесе болжамды себебі, заң бұзушылықтың жасалған уақыты

_______________________________________________________________________________________________________

және оған не себеп, ережелер атауы, оларды кім бекітті, қандай

_______________________________________________________________________________________________________

тармақ бұзылды – көрсетілсін)

7. Өрттің шығуына кінәлілер:

тегі, аты және әкесінің аты, туған жылы______________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________

тұрғылықты жері ________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________

жұмыс, оқу орыны, атқаратын қызметі_______________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________

жалақысының мөлшері ___________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________

отбасылық жағдайы _____________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________

(отбасы мүшелерінің саны, асырауындағылар саны)

өрттің шығуына кінәлілердің жеке басын куәландыратын құжаттар_______________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________

(құжаттар атауы, олардың нөмірлері, кім және қашан берген)

Өрт сөндіру орындарында кінәлілер анықталмаған жағдайда кінәлілерді айқындау мақсатында тиісті тексеру үшін қажетті деректер көрсетіледі

_______________________________________________________________________________________________________

8. Өртті сөндіру басталды «__» ______200_ жылғы «__» сағат «__» минут

9. Өрт жайлаған алаң, га:

 

Орман өртінің түрі және оның қарқындылығы

Орта жастағы, толысып келе жатқан, толысқан және қураған ағаштар

Орман көшеттері

Табиғи өнген жас шыбықтар

Өткен жылы жанып кеткен ағаштар

Сирек және орманы жоқ алқаптар

Орман алқабының барлығы

Орманы жоқ алқаптар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Төменгі жүгірмелі:

әлсіз

орташа

күшті

Төменгі тұрақты:

әлсіз

орташа

Күшті

Топырақты (топырақты – шымтезекті):

әлсіз

орташа

күшті

Жоғарғы:

әлсіз

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

орташа

күшті

Барлығы:

                         

 

(жерүстімен және аэровизуальды зерттелген нақты деректер жөніндегі таксациялық материалдар негізінде толтырылады)

10. Өрт жойылды «__» __________ 200_ жылғы «__» сағат « __» минутта

_______________________________________________________________________________________________________

(Кімдер көрсетілсін: мемлекеттік орман күзеті жұмыскерлері, өрт

_______________________________________________________________________________________________________

сөндіру қызметінің десанттары өрт сөндіру-химиялық стансасының

_______________________________________________________________________________________________________

командасы, сөндіруге тартылған тұлғалар)

11. Өрт сөндіруге пайдаланылды:

адам-күн_______________________________________________________________________________________________

автомашина-ауысым _____________________________________________________________________________________

трактор-ауысым_________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________

12. Өрт сөндіруге қолданылған құралдар және тәсілдер ________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________

(сабалау, құммен көму, өрт сөндіру машиналары, орман

_______________________________________________________________________________________________________

өрт сөндіргіш құралдары, моторлынасостар көмегімен су шашу)

13. Өртті қарауылдауға қабылданған шаралар ________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________

14. Қарауылдауға жауапты тұлға ___________________________________________________________________________

( тегі, аты-жөні,

_______________________________________________________________________________________________________

лауазымы және жұмыс орыны)

15. Орман өрті келтірген зиян, теңге:

а) түбірінен жойылған сүректер ____ текше метр, сомасы______________________________________________________

б) жас шыбықтардың зақымдануы _________________________________________________________________________

в) екінші дәрежелі орман ресурстарының зақымдануы_________________________________________________________

г) орманды жанама пайдалану ресурстарының зақымдануы____________________________________________________

д) жанып кеткен және бүлінген құрылыс нысандары, техникалар, қондырғылар және басқа да материалдық құндылықтардың зақымдануы______

е) Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілгендерді қоса алғанда, жабайы жануарлар мен өсімдіктердің жойылуынан келетін залал

_______________________________________________________________________________________________________

Ұ) орман өрттерін сөндірудің шығыстары____________________________________________________________________

ж) ормандарды өсіру жөніндегі шараларды жүргізудің шығындары

_______________________________________________________________________________________________________

з) суды сақтау, алқап- және топырақ қорғау, генетикалық, санитарлық-гигиеналық, сауықтыру және орманның басқа да пайдалы функцияларының төмендеуінен келетін залал____________________________

и) залалдар жиынтығы __________________________________________________________________________________

16. Орман өртін сөндіруге жетекшілік еткен тұлғаның лауазымы, тегі, аты-жөні____________________________________

_______________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________

17. Хаттамаға қосымшалар:

а) өрттің схемалық сызбалары;

б) сүректердің түбірінен жойылуының, балауса ағаштардың зақымдануының, орман пайдаланудың жанама ресурстарының зақымдануының, нысандар мен ормандағы дайын өнімдердің зақымдануы және жойылуының, орман қорғау функциялары төмендеуінің, жануарлар мен өсімдіктердің жойылуының, сондай-ақ, орман өртін сөндіру және өртеңдерді тазалудың шығындары зиянының көлемін негіздеу және есептеу;

в) өрттің (ауа-райының жағдайы бойынша өрттің қауіптілік класы, желдің бағыты мен күші, ормангидрологиялық ерекшеліктер мен жергілікті жердің рельефі) жағдайы және өртті сөндіру барысындағы қолданылған тактикалық әдістер, техникалық құралдар мен тәсілдер, иеліктегі күш пен құралдарды өрттің перифериясы бойынша бөлу,қосымша тартылған күш пен құралдардың саны мен мерзімі және оларды пайдалану туралы орман өртін сөндіру жетекшісінің баяндау жазбасы.

18. Орман өртінің орын алуына кінәлі тұлғаның түсініктемесі___________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________

Хаттаманы жасаушының қолы _____________________________________________________________________________

Өрттің орын алуына кінәлі тұлғаның қолы ___________________________________________________________________

Ескертпе _______________________________________________________________________________________________

(қылмыстық іс қозғау үшін құқық қорғау органына жіберілгені

_______________________________________________________________________________________________________

туралы хаттың нөмірі мен күні көрсетілсін)

Ескертпе жасаған тұлғаның тегі, аты-жөні және лауазымы ______________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________

Өрттің орын алуына кінәлі тұлға хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, хаттамаға бұл туралы жазылады.

 

Орман қорының аумағында өрттен

келтірілген залалды есепке алу,

анықтау және өтеу қағидаларына

6-қосымша

Қазақстан Республикасының орман қоры

аумағындағы орман өрттерін тіркеу

журналы*

___________________________________________________

(орман иелерінің атаулары)

осы журналдың парақтары __________________________________________________________________________________

(жазба түрде) нөмірленген және тігілген

_________________________________________________________________________________________________________

*журнал нөмірленеді, тігіледі, жетекшінің

қолы және орман иесінің мөрімен расталады

 

Р/н №

Күні және уақыты

өрттің шыққан орны (орам, телім, филиал, мемлекеттік мекеме)

орман өрті туралы хаттаманың № және оның толтырылған күні

орман өртінің түрі және қарқындылығы

орман өртінің басталуы

орман өртін сөндірудің басталуы

орман өртін жайылтпаушылық

орман өртін жою

1

2

3

4

5

6

7

               
               
               
               
               
               
               
               
               
               
               
               

кестенің жалғасы

Өрт жайлаған аумақ, га

орман өртінің шығу себебі және оған кінәлі тұлға

өрт кіммен және қандай құралдың көмегімен байқалды

орта жастағы, толысып келе жатқан, толысқан, қураған

балауса ағаштар

орман көшеттері

өртеңдер

орман өспеген аумақ

Барлығы

орман емес аумақ

8

9

10

11

12

13

14

15

16

                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 

кестенің жалғасы

Өрт сөндіруге пайдаланылды

Орман өртінен келген залал, мың теңге

Істі тапсыру туралы мәліметтер

адам-күні

автомашина-ауысым

трактор-ауысым

барлығы

оның ішінде орман өртін сөндіру

сотқа

құқық қорғау органдарына

17

18

19

20

21

22

23

             
             
             
             
             
             
             
             
             
             
             

кестенің жалғасы

Қылмыстық іс қозғау туралы мәліметтер

қаралу күні және сот шешімі

әкімшілік жазаға тарту және айыппұл өндіріп алу туралы мәлімет

талап қою және зиянды өндіріп алу туралы мәлімет

алқаптың өрттен кейінгі өзгерісі туралы белгі

24

25

26

27

28

         
         
         
         
         
         
         
         
         
         

 

 

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus