Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Асыл тұқымды мал мәртебесін беру қағидаларын бекіту туралы

Асыл тұқымды мал мәртебесін беру қағидаларын бекіту туралы

Источник: ИС ПАРАГРАФ, 16.10.2012 17:00:56

 

Асыл тұқымды мал мәртебесін беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 724 Қаулысы

 

«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Асыл тұқымды мал мәртебесін беру қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 1 маусымдағы

№ 724 қаулысымен

бекітілген

Асыл тұқымды мал мәртебесін беру

қағидалары

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Асыл тұқымды мал мәртебесін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген және асыл тұқымды мал мәртебесін беру тәртібін анықтайды.

2. Асыл тұқымды мал мәртебесін беруді ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық палаталар оларды палаталарда тіркеу жолымен жүзеге асырады.

3. Асыл тұқымды мал мәртебесі малдың тіршілігі кезінде бір рет, ірі қара малдың әр басына ол туылғанда беріледі.

4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

1) асыл тұқымды мал – тұқымның өнімділік типіне, бағыты мен деңгейіне сай келетін, асыл тұқымды малдың карточкасы немесе асыл тұқымдық куәлігі бар таза тұқымды, жоғары сыныпты, өнімділігі жоғары мал;

2) асыл тұқымды малдың карточкасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен ресімделетін, асыл тұқымды малдың шығу тегін, өнімділік және өзге де сапаларын растайтын асыл тұқымды малды есепке алу нысаны;

3) асыл тұқымдық куәлік – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, асыл тұқымды мал орталығы, асыл тұқымды малдың ұрықтарын өткізу жөніндегі дистрибьютерлік орталық, асыл тұқымдық өндіруші және ірі қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палата беретін, асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) ата-тегін, өнімділік және өзге де сапаларын растайтын құжат;

4) селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпарат қоры – уәкілетті орган айқындаған оператор жүргізетін, малдың табындарын жетілдіру және генетикалық әлеуетін арттыру үшін пайдаланылатын, асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілеріндегі асыл тұқымды мал туралы және селекциялық процеске тартылған мал туралы деректерді жинаудың, жинақтаудың және өңдеудің автоматтандырылған жүйесі;

5) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

6) ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық палата (бұдан әрі – Палата) асыл тұқымды ірі қара мал өсіруді жүзеге асыратын – жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін іске асыру және қорғау үшін құрылатын және жұмыс істейтін коммерциялық емес, өзін-өзі қаржыландыратын ұйым.

2. Асыл тұқымды мал мәртебесін беру тәртібі

 

5. Асыл тұқымды мал мәртебесі, егер ірі қара мал мынадай талаптарға сәйкес болса беріледі:

1) жыл сайынғы асыл тұқымдық бағалау нәтижелерімен асыл тұқымды малдың карточкасының немесе сатылған асыл тұқымды төлдің асыл тұқымды куәлігінің болуы;

2) селекциялық және асылдандыру жұмысының бірыңғай ақпараттық базасында тіркелуінің болуы;

3) ауыл шаруашылығы малдарының бірдейлендіру нөмірінің және бірдейлендіру бойынша дерекқорда тіркелуінің болуы;

4) ветеринариялық және зоотехникалық нормативтерге сәйкес ірі қара малды ұстап-бағуда зоотехникалық-ветеринариялық нормаларды сақтау.

6. Экспорттаушы елдің құзыретті органы берген және Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган таныған асыл тұқымдық куәлік немесе оған балама құжат болған жағдайда импортталған ірі қара малға асыл тұқымды мал мәртебесі беріледі.

7. Осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – өтініш беруші) ірі қара малға асыл тұқымды мал мәртебесін алу мақсатында палатаға өтініш жасайды.

8. Өтінішті алғаннан кейін палата күнтізбелік он күн ішінде тіркеу журналында, селекциялық және асылдандыру жұмысының ақпараттық базасында тіркеу жолымен асыл тұқымды мал мәртебесін беруді жүзеге асырады және өтініш берушіге ірі қара малдың палатадағы тіркеу нөмірін көрсетіп, жазбаша түрде хабарлайды.

9. Ірі қара мал осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, өтініш берушіге күнтізбелік он күн ішінде асыл тұқымды мал мәртебесін беруден дәлелді бас тарту жолданады.

10. Малды асыл тұқымды деп тану палатада малдың тіркеуден өткен күнінен бастап жүзеге асырылады.

 

Асыл тұқымды мал мәртебесін

беру қағидаларына

қосымша

Нысан

 

_____________________________________________________________________

(Ірі қара мал тұқымдары бойынша республикалық палата)

кімнен_______________________________________________________________

(заңды немесе жеке тұлғаның толық атауы)

Ө Т І Н І Ш

 

__________ ірі қара мал (сүтті, етті, сүтті-етті бағыттағы өнімділік) тұқымына асыл тұқымды мал мәртебесін беруіңізді сұраймын __________________________________________

Мал туралы мәліметтер:

1) кемінде 3 буынының ата-енелік тегі туралы________________________________________________________________________________________________________________

2) селекциялық және асылдандыру жұмысының бірыңғай ақпараттық базасында тіркелгені туралы;___________________________________________________________________

3) бірдейлендіру нөмірінің және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі бірыңғай деректер базасында тіркелуінің болуы, _________________________________

4) зоотехникалық нормаларға сәйкес жағдайда ұсталғаны және ветеринариялық іс-шаралардың уақтылы жүргізілуі туралы________________________________________________

Мекенжай:

_________________________

(қала, аудан, облыс)

_________________________

(көше, үй № ___, телефон)

Күні ___________________________

___________________________

(қолы)

 

 

 

 

 

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus