Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы

Қазақстан Республикасының
Заңы
 
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы

(2015.04.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

1-Бөлім. Негізгі ережелер

1-тарау. Жалпы ережелер

(1-38 баптар)

(1-5 баптар)

2-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік басқару , бақылау және қадағалау

(6-11 баптар)

3-тарау. Жеке және заңды тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы құқықтары мен міндеттерi

(12-13 баптар)

4-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру

(14-27 баптар)

5-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету және қорғау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзет қызметі мемлекеттік инспекторларының құқықтық мәртебесi

(28-33 баптар)

6-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қаржыландыру жүйесi

(34-38 баптар)

2-Бөлім. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген түрлерін, мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін және экологиялық желіге енетін қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастырудың, қорғаудың және олардың қызмeтінiң ерекшеліктерi

(39-85 баптар)

7-тарау. Мемлекеттік табиғи қорықтар

(39-43 баптар)

8-тарау. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер және мемлекеттік өмірлік табиғи парктер

(44-49 баптар)

9-тарау. Мемлекеттік табиғи резерваттар

(50-53 баптар)

10-тарау. Мемлекеттік зоологиялық парктер

(54-57 баптар)

11-тарау. Мемлекеттік ботаникалық бақтар

(58-61 баптар)

12-тарау. Мемлекеттік дендрологиялық парктер

(62-63 баптар)

13-тарау. Мемлекеттік табиғат ескерткіштерi

(64-66 баптар)

14-тарау. Мемлекеттік табиғи қаумалдар

(67-69 баптар)

15-тарау. Мемлекеттік қорық аймақтары

(70-73 баптар)

16-тарау. Мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерi

(74-79 баптар)

17-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесімен байланысты экологиялық желінің элементтерi

(80-81 баптар)

18-тарау. Қорытынды ережелер

(82-85 баптар)

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың өкiлдi органдары», «облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың атқарушы органдары», «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдарының», «Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өкiлдi және атқарушы органдарының», «Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өкiлдi органдары», «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары», «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары» және «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органы» деген сөздер тиісінше «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өкiлдi органдары», «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органдары», «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкiлдi және атқарушы органдарының», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкiлдi органдары», «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары», «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары» және «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы» деген сөздермен ауыстырылды және «жануарлар мен өсiмдiктердiң» және «жануарлар мен өсiмдiктер» деген сөздер тиісінше «өсiмдiктер мен жануарлардың» және «өсiмдiктер мен жануарлар» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)

 

Осы Заң ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар, сондай-ақ ұлттық, өңірлік және дүниежүзілік экологиялық желінің құрамдас бөлігі болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін құру, кеңейту, қорғау, қалпына келтіру, орнықты пайдалану және басқару жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді.

 

 

1-бөлім. Негізгі ережелер

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) биологиялық ресурстар – экологиялық жүйелердiң адамзат үшiн нақты немесе ықтимал пайдасы немесе құндылығы бар генетикалық ресурстары, организмдерi немесе олардың бөлiктерi, таралымдары немесе кез-келген басқа биотикалық құрамдас бөлiктерi;

2) бөрене тілу – ағаш кесетін жабдықта бөренені тақтайларға және (немесе) басқа да ағаш өнімдеріне тілу;

3) ерекше қорғалатын табиғи аумақ – ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер учаскелерi, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгi;

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесi – өздерiндегi барлық географиялық аймақтардың табиғи кешендерінiң репрезентативтiк өкiлдiгiн қамтамасыз ететiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың әртүрлі санаттары мен түрлерiнің жиынтығы;

5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету (бұдан әрi – күзету) -ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу, өрттiң алдын алу, анықтау және жою үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақта жүргiзiлуi мүмкiн iс-шаралар кешенi;

6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау (бұдан әрi – қорғау) -судың қолайсыз әсерiн жою, өсiмдiктердi зиянкестер мен аурулардан қорғау, жануарлар санын реттеу үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақта жүргiзiлуi мүмкiн iс-шаралар кешенi;

7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік бақылау -ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның тексерілетін субъектілер қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі мәніне тексеру және қадағалау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша жедел ден қоюсыз құқық шектеу сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкін;

8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік қадағалау – ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру және қадағалау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша құқық шектеу, оның ішінде жедел ден қою сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкін;

9) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару, бақылау және қадағалау, күзету және қорғау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

10) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың функционалдық аймағы – жер қорғаудың және пайдаланудың белгіленген режимі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ учаскесі;

11) ерекше қорғалатын табиғи аумақты функционалдық аймақтарға бөлу – мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін қорғау мен пайдаланудың оңтайлы режимін белгілеу мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақты функционалдық аймақтарға бөлу;

12) жаратылыстану-ғылыми негіздеме – мамандандырылған ғылыми (ғылыми-зерттеу) және жобалау (жобалау-іздестіру) ұйымдары жүргізетін ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрудың немесе оның шекараларын өзгертудің орындылығын ғылыми бағалау;

13) интродукция – өсiмдiктер мен жануарлардың жаңа түрлерiн олар мекендейтiн орта шегiнен тыс жерлерге әдейi көшіру немесе кездейсоқ көшіру;

14) мемлекеттiк табиғи-қорық қоры – табиғи эталондар, уникумдар мен реликтер, генетикалық резерв, ғылыми зерттеулер, ағарту, бiлiм беру, туризм және рекреация нысанасы ретiнде ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар, мемлекеттiк қорғауға алынған қоршаған ортаны қорғау объектiлерiнiң жиынтығы;

15) мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi – ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық маңызы бар геологиялық, гидрогеологиялық, гидрологиялық, зоологиялық, ботаникалық және ландшафттық объектiлер мен олардың кешендерi, мемлекеттiк орман қорының ерекше бағалы екпелері, сулы-батпақты алқаптар, негізгі орнитологиялық аумақтар, бірегей табиғи су объектілері немесе олардың учаскелері, өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупi төнген түрлерi, өсімдіктер дүниесінің бірегей жеке-дара объектілері;

16) рекреациялық жүктеме – есепке алу кезеңінде немесе уақыт бiрлiгiнде демалыс түрiнiң жиынтық уақытын ескере отырып, жер ауданы бiрлiгiне шаққандағы демалушылардың бiр мезгiлдегi саны;

17) Табиғат жылнамасы – мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар және мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер ғылыми бөлiмшелерiнiң мемлекеттiк табиғи-қорық қорының экологиялық жүйелерi мен объектiлерiнiң жай-күйiне бiрыңғай әдiстеме бойынша жүзеге асыратын жүйелi байқаулар мәлiметтерiнiң жиынтығы;

18) табиғи кешендер – ерекше қорғауға жататын биологиялық саналуандық пен жансыз табиғат объектiлерiнiң жиынтығы;

19) табиғи кешендердi орнықты пайдалану – табиғи кешендердiң биологиялық ресурстарын ұзақ мерзiмдi перспективада биологиялық саналуандықтың сарқылуына әкеп соқпайтын жолмен және қарқынмен пайдалану;

20) табиғат қорғау ұйымдары – мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар, мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер (бұдан әрі – табиғат қорғау мекемелерi) және мемлекеттiк кәсiпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын мемлекеттiк зоологиялық парктер, мемлекеттiк ботаникалық бақтар, мемлекеттiк дендрологиялық парктер;

21) техникалық-экономикалық негіздеме – мамандандырылған ғылыми (ғылыми-зерттеу) және жобалау (жобалау-іздестіру) ұйымдары жүргізетін ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрудың немесе оның шекараларын өзгертудің орындылығын экономикалық, экологиялық және әлеуметтік бағалау;

22) экологиялық дәлiз – тiрi табиғат объектiлерiнiң табиғи қоныс аударуын (таралуын) қамтамасыз ету және биологиялық саналуандықты сақтау үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды өзара және қорғалатын табиғи аумақтардың өзге де түрлерiмен жалғастыратын, қорғалатын жер және су объектiлерi учаскелерiн бiлдiретiн экологиялық желiнiң бiр бөлiгi;

23) экологиялық желi – өзара және қорғалатын табиғи аумақтардың өзге түрлерiмен экологиялық дәлiздер арқылы байланысқан және өңiрдiң табиғи, тарихи-мәдени және әлеуметтiк-экономикалық ерекшелiктерiн ескере отырып ұйымдастырылған әртүрлi санаттар мен түрлердегi ерекше қорғалатын табиғи аумақтар кешенi.

 

2-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер қойнауын, суларын, ормандарын және өзге табиғи ресурстарын пайдалану және қорғау жөніндегі қатынастар осы Заңмен реттелмеген бөлігінде Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарымен реттеледі.

3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мүліктік қатынастар, егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледі.

4. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

 

3-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы негізгі принциптер

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы негізгі принциптер:

1) биологиялық саналуандықты, бірегей және типтік ландшафтарды сақтау мен қалпына келтіруді қамтамасыз ететін экологиялық желінің базалық құрамдас бөлігі ретінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін дамыту;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау;

3) мемлекеттік табиғи-қорық қоры мен табиғи экологиялық жүйелерді сақтау;

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ғылымды, мәдениетті, оқу-ағартуды, білім беруді, туризмді дамыту мақсаттарында пайдалану;

5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланудың ақылы болуы;

6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық;

7) жеке және заңды тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы міндеттерді шешуге қатысуы;

8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы ақпараттың қолжетімділігі;

9) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастық болып табылады.

 

4-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың объектілерi

Табиғи кешендер, оның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері, сондай-ақ осы жерлерде және басқа санаттардағы жерлерде орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың объектілері болып табылады.

 

5-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың субъектілерi

Жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өздерінің құзыретіне сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың субъектілері болып табылады.

 

 

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2-тараудың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

2-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік басқару, бақылау және қадағалау

 

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзетін қамтамасыз ету жүйесi

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзетін қамтамасыз ету жүйесіне:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) аумақтық бөлімшелері бар ведомствосын қоса алғанда, уәкілетті орган;

3) қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар орталық атқарушы органдар;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және заңға тәуелді актілерімен айқындалған өздерінің құзыреті шегінде облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың өкілді органдары;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және заңға тәуелді актілерімен айқындалған өздерінің құзыреті шегінде облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың атқарушы органдары;

6) табиғат қорғау ұйымдары;

7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзетін қамтамасыз ету саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар кіреді.

 

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды; 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 6-1-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6-1-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік басқару

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік басқаруды:

1) Қазақстан Республикасының Президенті;

2) Қазақстан Республикасының Үкіметі;

3) аумақтық бөлімшелері бар ведомствосын қоса алғанда, уәкілетті орган;

4) қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар орталық атқарушы органдар;

5) осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасының заңға тәуелді актілерімен айқындалған өз құзыреті шегінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді және атқарушы органдары жүзеге асырады.

 

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретi

Қазақстан Республикасы Yкіметінің құзыретіне:

1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;

2) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін иелену, пайдалану және иелік ету құқығы;

3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органды айқындау;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды

3-1) өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін алып қоюға шешім қабылдау;

2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша өзгертілді

4) мыналарды:

еспубликалық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесін;

мемлекеттiк ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру және туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер учаскелерін құрылыс объектілерін салуға пайдалануға рұқсат беру қағидаларын;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу тәртібін;

биологиялық саналуандықты сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен қорлардың тізбесін;

республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын қысқарту тәртібін;

Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізу қағидаларын;

өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупi төнген түрлерінің тізбесін бекіту;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге байланысты жағдайларда барлық санаттағы жерлерден жер учаскелерін беру және алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін беру және алып қою;

6) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту;

2008.01.12. № 94-III ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды; 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 6-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6-1) осы Заңның 23-бабының 2-тармағының екінші бөлігінде белгіленген жағдайларда ғана уәкілетті органның үсынысы бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру және оның тәртібін бекіту;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 6-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 6-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6-2) жаратылыстану-ғылыми негiздемеге берiлген мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы негiзiнде, уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттiк қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын кішірейту;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 6-3) тармақшамен толықтырылды  

6-3) өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлерін алып қою туралы шешім қабылдау;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастық;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды

8) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

 

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

8-бап. Уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің құзыретi

Уәкілетті органның құзыретіне:

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін салааралық үйлестіру;

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында жергiлiктi атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асыру;

2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесін әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізу;

2008.01.12. № 94-III ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) осы Заңның 23-бабының 2-тармағының екінші бөлігінде белгіленген жағдайларда ғана республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнінде, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру жөнінде ұсыныстар енгізу;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды; 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4-1) республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды және республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын тарату тәртібін әзірлеу және олардың аумақтарын кішірейту жөнінде ұсыныстар енгізу;

5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;

5-1) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 5-2) тармақшамен толықтырылды  

5-2) 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 5-3) тармақшамен толықтырылды  

5-3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдіктердің санатына жатқызылған түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді

6) мыналарды:

заңды тұлға мәртебесіндегі республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшерін;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету тәртібін;

республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді;

республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың техникалық-экономикалық негіздемелерін түзету жобаларын;

табиғат қорғау ұйымының рәміздерін (эмблемасы мен туын), сондай-ақ табиғат қорғау мекемесінің рәміздерін (эмблемасы мен туын) әзірлеу және пайдалану тәртібін;

өзінің қарауындағы табиғат қорғау мекемелерінің ережелерін;

заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына кіретін су объектілерінде балық аулау көлемдерін;

республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi аумақтарының шекарасын және оларды қорғау режимiнiң түрiн;

осы Заңның 43-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайда, жергілікті халықтың мұқтаждықтары үшін рұқсат етілген әуесқойлық (спорттық) балық аулау қағидаларын бекіту;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды

6-1) мыналарды:

республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлеу және тіркеу (қайта тіркеу) қағидаларын;

табиғат қорғау ұйымын басқару жоспарын әзірлеу қағидаларын;

жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу қағидаларын;

осы Заңның 43-1-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда жүзеге асырылатын балықтың қырылуының алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын;

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында көтермелеу қағидаларын және құрметті атақтар, төс белгілерін және құрмет грамоталарын беру тәртібін;

өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдіктердің санатына жатқызылған түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру тәртібін;

табиғат қорғау мекемелерінде ғылыми қызмет және ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын;

ведомствоаралық ботаникалық және зоологиялық комиссиялардың құрамын және ережесін әзірлеу және бекіту;

7) өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйі, оларды күзету, қорғау, пайдалану және қаржыландыру мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың есептерін қарау;

8) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

9) өзінің қарауындағы республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, экологиялық дәліздерді құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелер жобаларының әзірленуін ұйымдастыру және бекіту;

10) өзінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастыру;

11) өзінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға басшылық жасауды, оларда күзету, қорғау және қалпына келтіру іс- шараларын, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізілуін қамтамасыз ету;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

12) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ғылыми қызметті ұйымдастыру;

13) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу;

14) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ұсынуы бойынша жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесін келісу;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды

14-1) мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметтерді жүзеге асыру мен мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің туристік және рекреациялық қызметтерді жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген учаскелерін құрылыс объектілерін салуға пайдалануға рұқсат беру қағидаларын әзірлеу;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 14-2) тармақшамен толықтырылды

14-2) өздеріне туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелерін құрылыс объектілерін салуға пайдалануға жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беру;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 14-3) тармақшамен толықтырылды

14-3) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда биологиялық негіздеме негізінде заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеулік аулауды, молайту мақсатындағы аулауды жүзеге асыруға рұқсат беру;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

15) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйіне, күзетілуіне, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

16) айырым белгілері бар нысандық киім (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру тәртібін және табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторларын онымен қамтамасыз ету нормаларын әзірлеу және бекіту;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 16-1), 16-2), 16-3), 16-4), 16-5), 16-6), 16-7) және 16-8) тармақшалармен толықтырылды

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 16-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

16-1) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тiзбесiн әзірлеу және бекіту;

16-2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу тәртібін әзірлеу;

16-3) республикалық маңызы бар табиғаттың мемлекеттік ескерткіштері аумағының шекарасын және қорғау режимі түрін бекіту жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу;

16-4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың биоалуандылығын сақтауға және дамытуға гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар мен қорлар тізбесін бекіту жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізу;

16-5) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

16-6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін қордағы жерлерге ауыстыру тәртібін әзірлеу;

16-7) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

16-8) сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің тізбесін әзірлеу;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

17) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемаларын, аумақтық дамудың аймақаралық схемаларын, қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын және өзге де қала құрылысы құжаттамаларын келісу;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 18) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

18) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты және халықаралық шарттарды іске асыруды жүзеге асыру;

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды; 2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.19.03 № 258-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 19) тармақша өзгертілді

19) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды

20) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

Аумақтық бөлімшелер өз қызметін уәкілетті орган белгілеген құзырет шегінде жүзеге асырады.

 

9-бап. Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар орталық атқарушы органдардың құзыретi

Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар орталық атқарушы органдар өздерінің құзыреті шегінде:

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесi мен экологиялық желiлердi дамыту жөнінде ұсыныстар дайындайды және оларды уәкiлеттi органға ұсынады;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және өздерінің қарауындағы осындай аумақтарды кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді, мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуді қамтамасыз етіп және осы негiздемелердiң жобаларын кейіннен уәкілетті органның бекітуіне енгізе отырып Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әзірлеуді ұйымдастырады;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) уәкілетті органмен келісе отырып, өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлейді және бекітеді, паспорттардың уәкілетті органда тіркелуін (қайта тiркелуiн) жүзеге асырады;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзірлеуді ұйымдастырады және оларды уәкілетті органмен келісе отырып бекітеді;

5) өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға басшылықты жүзеге асырады, оларды күзетуді, қорғауды және қалпына келтіруді, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етеді;

6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізуге қатысады;

7) 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды

8) заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

10-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкiлдi және атқарушы органдарының құзыретi

Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкiлдi органдары өз құзыреті шегінде:

1) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құруға және олардың жұмыс істеуіне жұмсалатын шығыстарды жергілікті бюджеттер құрамында бекітеді;

2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдардың ұсынуы бойынша жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын белгілейді;

2) өздерінің қарауындағы жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйі мен олардың қызметі туралы, соның ішінде мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін сақтау мәселелері бойынша атқарушы органдар басшыларының есептерін тыңдайды;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтарын және заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде:

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесi мен экологиялық желiлерді дамыту, республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi ұсыныстарды уәкiлеттi органға енгiзедi;

2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді ұйымдастырады және оларға мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуді қамтамасыз етеді;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесiн, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелердi бекiтедi;

4) уәкілетті органмен келісе отырып, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнінде шешімдер қабылдайды;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлудi түзету жобаларын бекiтедi;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6) өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi, оларды күзетудi, қорғауды және қалпына келтiрудi, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргiзудi қамтамасыз етедi;

7) заңды тұлға мәртебесі бар жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшерін бекітеді;

8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізуге қатысады;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

9) уәкілетті органмен келісе отырып, өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлейді және бекiтедi және паспорттарды уәкілетті органға тіркеуге (қайта тіркеуге) береді;

10) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың барлық түрін құру үшін жерді резервте қалдыру жөнінде шешімдер қабылдайды;

11) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау аймақтары шегінде осы аумақтардың экологиялық жүйелерінің, экологиялық дәліздердің жай-күйіне, сондай-ақ оларды қорғау және пайдалану режиміне теріс әсер ететін қызметтің барлық түрін шектей отырып, осындай аймақтарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдайды;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

12) өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйіне, күзетілуіне, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

13) жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi аумағының шекарасын және қорғау режимiнiң түрлерiн бекiтедi;

2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

14) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкілді органдарына жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын бекітуге ұсынады;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды; 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

15) жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды таратады және олардың аумақтарын кішірейтеді;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды

16) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

11-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды

1-1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйіне, күзетілуіне, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттік бақылау мен қадағалауды уәкілетті орган жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін күзету, қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы экологиялық талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.

 

 

3-тарау. Жеке және заңды тұлғалардың ерекше қорғалатын

табиғи аумақтар саласындағы құқықтары мен міндеттерi

 

12-бап. Жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы құқықтары мен міндеттерi

1. Жеке тұлғалар:

1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды уәкілетті орган белгілеген тәртіппен пайдалануға;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша уәкілетті органға ұсыныстар енгізуге;

3) табиғат қорғау ұйымдарымен бірлесіп, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі іс-шараларға қатысуға;

4) қызметі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға бағытталған қорлар құруға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың қызметіне қатысуға;

5) тиісті мемлекеттік органдардан ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және экологиялық желілердің жай-күйі мен олардың жұмыс істеу мәселелеріне қатысты қажетті ақпарат сұратуға және алуға құқылы.

2. Жеке тұлғалар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға міндетті.

 

13-бап. Заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерi

1. Заңды тұлғалар:

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1) уәкiлеттi органға ұсыныстар енгiзуге және мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбелерiн, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелердi дайындауға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге қатысуға;

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен экологиялық желiлер саласындағы жобаларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзуге;

3) табиғат қорғау ұйымдарымен жасалған шарт бойынша мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі іс-шараларға қатысуға;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту үшін қызметі өтеусіз қаржылай көмек көрсетуге бағытталған қорлар құруға және олардың қызметі мен оларды басқаруға қатысуға;

5) тиісті мемлекеттік органдардан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен экологиялық желілердің жұмыс істеуі, оларды күзету, қорғау және пайдалану мәселелеріне қатысты қажетті ақпарат сұратуға және алуға;

6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ғылыми-техникалық кеңестерінің жұмысына қатысуға құқылы.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Қызметі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға бағытталған, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту үшін гранттар, қаржылай және техникалық көмек беруге маманданған заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын биоалуандылықты сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға гранттар беретін үкіметтік емес ұйымдар мен қорлардың тізбесіне енгізіледі.

3. Заңды тұлғалар өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға міндетті.

 

 

4-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру

 

14-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың санаттары мен түрлерi

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің маңыздылығына байланысты республикалық немесе жергілікті маңызы бар санаттарға жатқызылады.

2. Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылу мақсаттарына және қорғалу режимінің түрлеріне байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:

1) мемлекеттік табиғи қорықтар;

2) мемлекеттік ұлттық табиғи парктер;

3) мемлекеттік табиғи резерваттар;

4) мемлекеттік зоологиялық парктер;

5) мемлекеттік ботаникалық бақтар;

6) мемлекеттік дендрологиялық парктер;

7) мемлекеттік табиғат ескерткіштері;

8) мемлекеттік табиғи қаумалдар;

9) мемлекеттік қорық аймақтары.

3. Жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылу мақсаттарына және қорғалу режимінің түрлеріне байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:

1) мемлекеттік өңірлік табиғи парктер;

2) мемлекеттік зоологиялық парктер;

3) мемлекеттік ботаникалық бақтар;

4) мемлекеттік дендрологиялық парктер;

5) мемлекеттік табиғат ескерткіштері;

6) мемлекеттік табиғи қаумалдар.

4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өзге де түрлері көзделуі мүмкін.

5. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды республикалық маңызы бар санатқа жатқызуды – уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкіметі, жергілікті маңызы бар санатқа жатқызуды – уәкілетті органмен келісе отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жүргізеді.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты оның мәртебесін төмендетуге әкеп соғатын бір түрден басқа түрге ауыстыру, табиғи және (немесе) техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан оның ерекше құндылығы мен бірегейлігі сипатының ішінара немесе толық жоғалуына байланысты жүргізіледі.

Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты оның мәртебесін төмендетуге немесе арттыруға әкеп соғатын бір түрден басқа түрге ауыстыру туралы шешімді жаратылыстану-ғылыми негіздеме жасалған мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы негізінде:

1) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша – уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі;

2) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша – уәкілетті органмен келісе отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы қабылдайды.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды «республикалық маңызы бар» санатынан «жергілікті маңызы бар» санатына ауыстыруға жол берілмейді.

 

15-бап. Табиғат қорғау мекемелерінің құқықтық жағдайы

1. Мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар, мемлекеттік өңірлік табиғи парктер заңды тұлғалар болып табылады және мемлекеттік мекеме нысанында құрылады.

2. Табиғат қорғау мекемелеріне жер учаскелері тұрақты жер пайдалану құқығымен беріледі.

3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан үй-жайлар (құрылыстар және ғимараттар), тарихи-мәдени және басқа да жылжымайтын мүлік объектілері табиғат қорғау мекемелеріне жедел басқару құқығымен беріледі.

4. Табиғат қорғау мекемесін қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

 

16-бап. Мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарының құқықтық жағдайы

1. Мемлекеттік зоологиялық парктер, мемлекеттік ботаникалық бақтар және мемлекеттік дендрологиялық парктер заңды тұлғалар болып табылады және мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылады.

2. Мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарына жер учаскелері тұрақты жер пайдалану құқығымен беріледі.

3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан үй-жайлар (құрылыстар мен ғимараттар), тарихи-мәдени және басқа да жылжымайтын мүлік объектілері мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарына шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығымен беріледі.

4. Мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдары өздерінің міндеттемелері бойынша өзінің иелігіндегі ақшамен жауаптылықта болады.

Мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарының қалған мүлкін өндіріп алуға жол берілмейді.

5. Мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарын қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

 

17-бап. Заңды тұлға мәртебесі жоқ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құқықтық жағдайы

1. Мемлекеттік табиғат ескерткіштерінің, мемлекеттік табиғи қаумалдардың және мемлекеттік қорық аймақтарының заңды тұлға ретінде мәртебесі болмайды және олар мемлекет қорғауында болады.

Заңды тұлға болып табылмайтын ерекше қорғалатын табиғи аумақта мемлекет меншігінде болатын жылжымайтын мүлік объектілерін жедел басқару құқығы өзінің қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақ болатын табиғат қорғау мекемесіне немесе мемлекеттік орман шаруашылығы мекемесіне беріледі.

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтары мен мемлекеттiк табиғи қаумалдар олардың негізінде мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар, мемлекеттік өңірлік табиғи парктер құру кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды және мемлекеттік қорық аймақтарын тарату кезінде республикалық немесе жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тізбелерінен алынып тасталуға тиіс.

 

18-бап. Мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттік табиғи резерваттардың және мемлекеттік өңірлік табиғи парктердің қорғау аймақтары

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қолайсыз сыртқы әсерлерден ерекше күзету мен қорғауды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттік табиғи резерваттардың және мемлекеттік өңірлік табиғи парктердің айналасында және олардың шекараларында орналасқан жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жерлерінде, бұл аймақтар шегінде осы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экологиялық жүйелері мен оларда орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйіне және оларды қалпына келтіруге теріс әсер ететін кез келген қызметке тыйым салынады және (немесе) шектеу жасала отырып, қорғау аймақтары белгіленеді.

2. Мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттік табиғи резерваттардың және мемлекеттік өңірлік табиғи парктердің қорғалу аймақтарының аумағында табиғат пайдаланудың мөлшері, шекарасы, режим түрлері және тәртібі оларды құрудың жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерімен айқындалып, осы Заңға және Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімдерімен айқындалады.

Бұл орайда меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерінің шекарасы бойынша немесе табиғи географиялық шептер бойынша белгіленетін және жер бетінде арнайы белгілер қойылатын қорғау аймағының ені екі километрден кем болмауға тиіс.

 

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

19-бап. Табиғат қорғау ұйымдарының рәміздерi (эмблемасы мен туы)

1. Табиғат қорғау ұйымдарының рәміздері (эмблемасы мен туы) болады.

2. Табиғат қорғау ұйымдары өздерінің рәміздерін (эмблемасы мен туын) пайдаланудың ерекше құқығына ие болады және оларды жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде пайдалануға рұқсат етуі мүмкін.

 

20-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру немесе кеңейту

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру немесе кеңейту туралы шешім экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алған жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің негізінде қабылданады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақты құрудың немесе кеңейтудің жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеуді, сондай-ақ оларды түзетуді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мамандандырылған ғылыми (ғылыми-зерттеу) және жобалау (жобалау-іздестіру) ұйымдары екі кезеңде жүргізеді.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Бірінші кезеңде ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру немесе кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми негіздемесі әзірленеді, онда:

1) зерттеліп отырған аумақтың табиғи кешендерінің және онда орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің бірегейлігі, маңыздылығы және репрезентативтілігі;

2) зерттеліп отырған аумақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың жай-күйін бағалау;

3) зерттеліп отырған аумақтың мемлекеттік табиғи-қорық қорының экологиялық жүйелері мен объектілерінің жай-күйі, оларды сақтау жөніндегі тәуекелдер, қауіптер және оларды күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі шаралар;

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың ұсынылатын санаты мен түрі;

5) ұсынылатын шекарасы, ауданы, сондай-ақ функционалдық аймақтары және олардың қорғалу режимінің түрлері және пайдалану айқындалады.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Екінші кезеңде уәкілетті орган бекіткен немесе онымен келісілген жаратылыстану-ғылыми негіздеменің негізінде ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру немесе кеңейту жөніндегі техникалық-экономикалық негіздеме әзірленеді, ол:

1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың шекарасы, координаттары сипатталған жерлерді бөлудің жерге орналастыру жобасын, меншік иелері мен жер пайдаланушылардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтың құрамына алып қойылатын (мәжбүрлеп иеліктен шығарылатын) жер учаскелерінің санаттары мен аудандарын, меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерін алып қоймай олардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтың құрамына қосылатын санаттары мен аудандарын, сондай-ақ күзет аймағының шекарасы мен аудандарын;

2) меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін сатып алуға және (немесе) оларды алу жөніндегі залалдарды жабуға, қорғалу аймақтарында шаруашылық қызметті шектеуге байланысты, сондай-ақ жерді алып қоймай, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрған жағдайларда жұмсалатын шығындарды;

3) инфрақұрылым құруға және ерекше қорғалатын табиғи аумақты күтіп ұстауға, мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін күзету, қорғау және қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды орындауға жұмсалатын шығындарды;

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақты белгіленген функционалдық аймақтарға бөлуді, қорғалу режимінің түрлері мен рекреациялық жүктемелер нормаларын айқындай отырып, осы аймақтар шегінде табиғи кешендерді реттелмелі туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда пайдалану шарттарын;

5) экологиялық туризмді дамытуды ескере отырып, ерекше қорғалатын табиғи аумақты жоспарлау жобасын және оның инфрақұрылымын (инфрақұрылымды дамытудың бас жоспарын), туристік соқпақтарды, қарап көру алаңдарын, демалу алаңқайларын, көлікке арналған тұрақтарды, кемпингтерді, шатырлы лагерьлерді, қонақ үйлерді, мотельдерді, туристік базаларды, қоғамдық тамақтандыру, сауда және басқа да мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілерді, құбырларды, электр және байланыс желілерін, жолдарды қамтиды.

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды

3-1. Балық аулау үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін не балық ресурстары және басқа да су жануарлары қорларының өсімін молайту үшін маңызы бар су обьектілерін және (немесе) учаскелерін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына енгізу жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша әрі осы су объектілері және (немесе) учаскелері бекітіп берілген адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін ескере отырып жүзеге асырылады.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Техникалық-экономикалық негіздеме жер учаскелерінің меншік иелерімен және жер пайдаланушылармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен келісіледі және осы Заңда белгіленген тәртіппен бекітіледі.

 

21-бап. 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

22-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлеріне мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттік табиғи резерваттардың, мемлекеттік өңірлік табиғи парктердің, мемлекеттік зоологиялық парктердің, мемлекеттік ботаникалық бақтардың, мемлекеттік дендрологиялық парктердің және мемлекеттік табиғат ескерткіштерінің жерлері жатады.

2. Мемлекеттік табиғи қорықтарды, мемлекеттік ұлттық табиғи парктерді, мемлекеттік табиғи резерваттарды, мемлекеттік өңірлік табиғи парктерді, мемлекеттік зоологиялық парктерді, мемлекеттік ботаникалық бақтарды, мемлекеттік дендрологиялық парктер мен мемлекеттік табиғат ескерткіштерін құру кезінде жер учаскелері басқа санаттардағы жерлер құрамынан бөлініп, оларды осы жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларынан алып қою жолымен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің санатына ауыстырылады.

3. Мемлекеттік қорық аймақтары мен мемлекеттік табиғи қаумалдардың, мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік өңірлік табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар қорғалу аймақтарының жер учаскелері, оларды жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алмай және жер санатын өзгертпей, басқа жер санаттарының құрамында бөлінеді.

Мемлекеттік табиғи қорықтар мен мемлекеттік табиғи қаумалдардың және оларда орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйіне және олардың экологиялық жүйелерін қалпына келтіруге теріс әсер ететін кез келген қызметке ерекше қорғалатын табиғи аумақтар аумағы шегінде шектеу жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелеріне ауыртпалық болып енгізіледі және жерге орналастыру құжаттамасында ескеріледі.

4. Жер учаскелерін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің санатына жатқызу туралы шешімдерді:

1) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ үшін – уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі;

2) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ үшін – уәкілетті органмен келісе отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы қабылдайды.

Мемлекеттік орман қоры жерінде мемлекеттік өңірлік табиғи парк құрылған жағдайда осы жердің учаскелерін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерінің санатына жатқызу туралы шешімді Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік орман қорының жерін ауыстыру туралы шешімінің негізінде облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы қабылдайды.

2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. Мемлекеттік табиғи қорықтарды, мемлекеттік ұлттық табиғи парктерді, мемлекеттік табиғи резерваттарды, мемлекеттік өңірлік табиғи парктерді, мемлекеттік зоологиялық парктерді, мемлекеттік ботаникалық бақтарды, мемлекеттік дендрологиялық парктерді және мемлекеттік табиғат ескерткіштерін құру және кеңейту үшін жер учаскелерін алып қою Қазақстан Республикасының Жер кодексіне және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады, бұл ретте жылжымайтын мүлік меншігіне құқық тоқтатылған жағдайда мүлікті меншік иесінен алып қою Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді

6. Табиғи кешендер толық немесе ішінара, мерзімсіз немесе белгілі бір мерзімге шаруашылық пайдаланудан алып қойылады және олардың ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық маңызы ескеріле отырып, осы Заңда белгіленген тәртіппен, мемлекеттік табиғи қаумалдары мен мемлекеттік қорық аймақтарын қоспағанда, төлем шартымен пайдаланылады.

 

23-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерінің құқықтық режимi

2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері, сондай-ақ мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері орналасқан өзге де санаттардағы жерлердің жер учаскелері мемлекеттік меншікте болады және иеліктен шығаруға жатпайды.

2008.01.12. № 94-III ҚР Заңымен  2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.20.07. № 464-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін алып қоюға жол берілмейді.

Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде, шаруашылық қызметтің шектеулі режимі белгіленген учаскелерді ғана, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген туризм объектілерін, ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын салу және олардың жұмыс істеуі үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының объектілерін ықтимал орналастырудың басқа жолдары болмаған кезде, оларды салу, жайғастыру және күтіп-ұстау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен босалқы жерге ауыстыру жағдайларын қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін ауыстыруға жол берілмейді.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды

2-1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар осы Заңда көзделген тәртіппен және шарттарда ғылыми, мәдени-ағарту, оқу, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттар үшін пайдаланылуы мүмкін.

3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерінде олардың нысаналы мақсатына сәйкес келмейтін кез келген қызметке тыйым салынады.

 

24-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жерді резервте қалдыру

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Бекiтiлген жаратылыстану-ғылыми негіздемелерге сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген тәртіппен республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерін резервте қалдыру туралы шешімдер қабылдайды.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үшін жерлерді резервте қалдыру жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жерді алып қоймай жүргізіледі.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің құрамына бергенге дейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен резервте қалдырылған жерлерді бұрынғы мемлекеттік немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушылар мен жер учаскелерінің меншік иелері пайдаланады.

3. Мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін сақтауды қамтамасыз ету мақсатында резервте қалдырылатын аумақтағы жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметі ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру немесе кеңейту туралы шешім қабылданғанға дейін шектелуі мүмкін. Бұл ретте жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың резервте қалдырылатын жер учаскелеріндегі шаруашылық қызметін шектеуге байланысты орын алған ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірістерінің залалдарына өтем алуға құқығы бар.

4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға немесе кеңейтуге арналған резервте қалдырылатын учаскелердегі шаруашылық қызметті шектеуге байланысты орын алған залалдарды жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға өтеу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

5. Қалалар шекараларының шегінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру немесе кеңейту кезінде жерлерді резервте қалдыру белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарларды ескере отырып, не қолданыстағы бас жоспарларға, қала салу регламенттеріне және базалық деңгейдегі мемлекеттік қала салу кадастрына қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізіле отырып жүзеге асырылады.

 

25-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың паспорты

1. Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар мемлекеттік органдар әрбір осындай аумақ бойынша белгіленген үлгідегі паспортты толтырады және оны уәкілетті органда тіркейді.

Тіркелген паспорттың әрбір данасы түпнұсқа болып табылады.

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың паспортында:

1) түрі мен санаты көрсетілген ерекше қорғалатын табиғи аумақтың атауы;

2) ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру немесе кеңейту жөніндегі мемлекеттік орган актісінің атауы, нөмірі және қабылданған күні;

3) қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақ бар мемлекеттік органның атауы;

4) заңды тұлға мәртебесі жоқ ерекше қорғалатын табиғи аумақты қорғау жүктелген ұйымның атауы;

5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың туристік инфрақұрылымы, географиялық координаттары, шекарасының сипаттамасы, аумағының көлемі және күзет аймағы көрсетілген карта-схемасымен бірге орналасқан жері;

6) ерекше қорғалатын табиғи аумақта орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің сандық және сапалық сипаттамасымен бірге олардың тізбесі;

7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың функционалдық аймақтары және олардың күзет режимі түрлері, жер учаскелерінің аралас меншік иелері мен жер пайдаланушылар, олардың күзет аймағындағы табиғат пайдалану жөніндегі міндеттемелері мен ауыртпалықтары туралы мәліметтер;

8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда қызметтің рұқсат етілген және тыйым салынған түрлері, сондай-ақ жекелеген қызмет түрлеріне қойылған шектеулер;

9) келіп көру ережесі, жұмыс режимі, рекреациялық жүктеме көрсетіледі.

3. Табиғат қорғау ұйымының паспорты табиғат қорғау ұйымында, өзінің қарауында осы табиғат қорғау ұйымы болатын мемлекеттік органда және уәкілетті органда болады.

Мемлекеттік табиғат ескерткіштерінің, мемлекеттік табиғи қаумалдардың, мемлекеттік қорық аймақтарының паспорты ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың аталған түрлерін қорғау бекітіліп берілген ұйымда, өзінің қарауында осы ұйым болатын мемлекеттік органда және уәкілетті органда сақталады.

4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың нысаналы мақсаты өзгерген, ол қайта ұйымдастырылған, кеңейтілген жағдайларда оның паспорты қайта тіркеуден өткізіледі.

 

26-бап. Табиғат қорғау ұйымын басқару жоспары

1. Табиғат қорғау ұйымдары өз қызметін мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда, олар қарауында болатын мемлекеттік орган бекітетін басқару жоспарына сәйкес жүзеге асырады.

Табиғат қорғау ұйымын басқару жоспары уәкілетті орган бекіткен ережелерге сәйкес бесжылдық кезеңге жасалады.

2. Табиғат қорғау ұйымын басқару жоспары:

1) табиғи және әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың осының алдындағы кезеңдегі өзгерістеріне жасалған талдауды;

2) табиғат қорғау ұйымының осының алдындағы кезеңдегі қызметіне берілген бағаны;

3) табиғат қорғау ұйымының осыдан кейінгі кезеңдегі табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық қызметінің әрбір түрі бойынша іс-шараларды;

4) мемлекеттік орман қоры жерлерінде құрылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үшін – өткен кезеңдегі орман шаруашылығын жүргізудің және орман пайдаланудың кешенді бағасы берілетін және алдағы кезеңге арналған осы орман учаскелерін күзету, қорғау, молықтыру және оларға күтім жасау жөніндегі іс-шаралар әзірленетін бөлімді;

5) басқару құрылымын, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, кадрлармен қамтамасыз ету және олардың біліктілігін арттыру, жергілікті халықпен және жергілікті өкілетті және атқарушы органдармен бірлесіп іс-қимыл жасау арқылы басқару жоспарын іске асыру тетіктерін қамтиды.

3. Табиғат қорғау ұйымын басқару жоспарын әзірлеуді ол қарауында болатын мемлекеттік орган қамтамасыз етеді.

 

27-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастры

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастры осындай аумақтардың құқықтық мәртебесі, олардың орналасқан жері, көлемі мен шекарасы, географиялық координаттары, мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің сандық және сапалық сипаттамасы, экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени, рекреациялық құндылығы, күзет режимінің түрлері, нысаналы пайдаланылуы және рұқсат етілген қызмет түрлері туралы мәліметтер жүйесін қамтиды.

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрының деректерi экологиялық желiнi қалыптастыруға негiз болып табылады және биологиялық саналуандылықты, бiрегей табиғи ландшафтарды сақтауды ескере отырып, жердi ұтымды пайдалануды және өңiрлердiң өндiргiш күштерiн орналастыруды жоспарлау кезiнде пайдаланылады.

 

 

5-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету

және қорғау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзет қызметі мемлекеттік

инспекторларының құқықтық мәртебесi

 

28-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету режимінің түрлерi

Түріне және функционалдық аймақтарға бөлінуіне байланысты бүкіл ерекше қорғалатын табиғи аумақта немесе оның арнайы бөлінген аймақтары мен учаскелерінде мынадай күзет режимінің түрлері енгізіледі:

1) кез келген шаруашылық қызметке, сондай-ақ мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілерінің табиғи жай-күйін бұзатын өзге де қызметке тыйым салуды көздейтін қорық режимі;

2) шаруашылық және өзге қызметтің жекелеген түрлеріне белгілі бір мерзімге немесе онсыз маусымдар бойынша толық тыйым салуды немесе шектеуді көздейтін қаумалдық режим;

3) табиғи кешендерді шектеулі пайдалануды, сондай-ақ жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметтің дәстүрлі түрлерін мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілеріне зиянды әсер етпейтін тәсілдермен және әдістермен жүргізуін көздейтін шаруашылық қызметтің реттелмелі режимі.

 

29-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету және қорғау

1. Қоршаған ортаға зиянды әсерлердің алдын алу және оларды жою мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда күзету мен қорғау жүргізілуі мүмкін.

2. Күзету:

1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылықтың жолын кесу мақсатында аумақты қарауылдауды, оның ішінде жер және әуе көлігін қолданып қарауылдауды;

2) өрттердің алдын алуды, оларды байқауды және сөндіруді;

3) суды ластанудан, былғанудан және сарқылудан күзетуді қамтиды.

3. Қорғау:

1) судың зиянды әсерінің алдын алуды және жоюды;

2) өсімдіктерді қорғауды, зиянды жәндіктер мен орман аурулары ошақтарын дер кезінде анықтауды және оларға қарсы күресуді, санитарлық және басқа мақсаттарда ағаш кесуді (жолдар салуға байланысты орман жолдарын тарту, өртке қарсы жыралар қазу кезінде орманды тазарту);

3) індеттер мен эпизоотиялардың алдын алу мақсатында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мен ветеринариялық мониторингті қамтамасыз етуді, жануарлар санын реттеуді;

4) жерді эрозиядан қорғауды қамтиды.

4. Өрттердің алдын алу, оларды байқау және сөндіру Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес жүргізіледі.

5. Қорғау ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету режимінің түрлерін ескере отырып, ғылыми ұйымдардың ұсыныстары негізінде және қарауында осы аумақтар бар орталық атқарушы органдардың рұқсаты бойынша жүргізіледі.

 

30-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мемлекеттік табиғи-қорық қорын қалпына келтіру

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мемлекеттік табиғи-қорық қорын қалпына келтіру мақсатында мынадай іс-шаралар:

1) бұдан бұрын бүлінген жерлерді рекультивациялау;

2) су айдындарының қолайлы режимін сақтау;

3) эрозиялық процестердің алдын алу және экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында ормандарды молықтыру және орман өсіру;

4) өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлерін табиғи ортада көбейту, өсіру және қалпына келтіру жүргізілуі мүмкін.

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы қалпына келтіру іс-шаралары күзету режимінің түрлерін ескере отырып, тиісті ғылыми ұйымдардың ұсыныстары негізінде уәкілетті органмен келісім бойынша жүргізіледі.

 

31-бап. Табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілерін қорғау

1. Табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілерін қорғауды олардың штатына кіретін күзет қызметінің мемлекеттік инспекторлары жүзеге асырады.

2. Табиғат қорғау мекемелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары лауазымы бойынша бір мезгілде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлар және бас мемлекеттік инспекторлардың орынбасарлары болып табылады.

Табиғат қорғау мекемелерінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары лауазымы бойынша аға мемлекеттік инспекторлар болып табылады, осы бөлімшелердің мамандары, ғылыми қызметкерлерді қоса алғанда, лауазымы бойынша табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторлары болып табылады.

Осы бапта көрсетілген лауазымды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.

 

2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

32-бап. Мемлекеттік табиғат ескерткіштерінің, мемлекеттік табиғи қаумалдардың және мемлекеттік қорық аймақтарының мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілерін қорғау

1. Мемлекеттік табиғат ескерткіштерінің, мемлекеттік табиғи қаумалдардың және мемлекеттік қорық аймақтарының мемлекеттік табиғи-қорық қорының мемлекеттік орман қорының жерлерінде және оларға іргелес жерлерде орналасқан табиғи кешендер мен объектілерін қорғауды мемлекеттік орман күзетінің қызметтері, басқа санаттағы жерлерде табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторлары жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік табиғат ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи қаумалдарды және мемлекеттік қорық аймақтарын қорғау мақсатында оларды мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелеріне, табиғат қорғау мекемелеріне бекітіп беру уәкілетті органның, өздерінің құзыреті шегінде облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімдерімен жүргізіледі.

 

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 32-1-тармақпен толықтырылды  

32-1-бап. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы

1. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы Қазақстан Республикасының аумағында сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің жай-күйі, оларды зерттеу, қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану жөніндегі қажетті шаралар туралы мәліметтер жиынтығын қамтитын, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдіктер мен жануарлар түрлері тізбелерінің суреттермен безендірілген басылымы болып табылады. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы сонымен бір мезгілде өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің мемлекеттік кадастрының құрамдас бөлігі болып табылады.

2. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына Қазақстан Республикасының аумағында құрлықта, суда, атмосферада және топырақта, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының континентальдық қайраңы мен айрықша экономикалық аймағында табиғи еркіндік жағдайында тұрақты немесе уақытша мекендейтін, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдіктер (биік және аласа) мен жануарлардың (омыртқалылар және омыртқасыздар) түрлері (кіші түрлері, таралымдары) енгізіледі.

3. Саны және орнықты тіршілік ету жағдайлары табиғи еркіндік жағдайында олардың өсімін молайтуға және генетикалық қорын сақтауға қатер төнуді болдырмайтын шекке дейін қалпына келтірілген өсімдіктер мен жануарлар түрлері (кіші түрлері, таралымдары) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кітабынан шығарылуға жатады.

4. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізуді бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен уәкілетті орган жүзеге асырады.

Қызыл кітапқа енгізілген сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдіктер мен жануарлардың суреттермен безендірілген тізбелері ресми жарияланады, сондай-ақ уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

5. Мыналар:

1) арнайы жасалған жағдайларда көбейту;

2) ғылыми зерттеулер;

3) селекция үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдіктер түрлерін алып қою жүзеге асырылады.

6. Өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген санатына жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелу және одан тысқары жерлерге әкету уәкілетті орган берген рұқсат негізінде жүзеге асырылады.

7. Өсімдіктер мен жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізу және одан шығару жөнінде ұсынымдар тұжырымдау үшін құрамы мен ережесін уәкілетті орган бекітетін ведомствоаралық ботаникалық және зоологиялық комиссиялар құрылады.

 

33-бап. Табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторлары

1. Табиғат қорғау мекемелері мемлекеттік инспекторларының өз аумағы мен күзет аймақтарының шекарасында:

1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жүрген адамдардан осында болу құқығына берілген рұқсатты тексеруге;

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуына бақылау жүргізу мақсатында табиғат қорғау мекемесінің және оның күзет аймағының аумағындағы жеке және заңды тұлғалардың объектілеріне баруға;

3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда жеке және заңды тұлғалардың қызметін тоқтата тұруға;

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке немесе заңды тұлғалардың қызметін тоқтату немесе оған тыйым салу туралы сотқа талап арыз беруге;

5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзу салдарынан келтірілген шығынның мөлшерін анықтауға және осының негізінде кінәлі тұлғаларға осы шығынды ерікті түрде өтеу туралы талап қоюға не сотқа талап арыз беруге;

6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайларда мемлекеттік инспекторлардың актілер жасауға және материалдарды шаралар қолдану үшін тиісті мемлекеттік органдарға жіберуге;

7) ерекше қорғалатын табиғи аумақта, оның күзет аймағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзған адамдарды ұстауға және оларды құқық қорғау органдарына жеткізуге;

8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың, оның күзет аймағында көлік және суда жүзу құралдарын тоқтатуға, оларға тексеру жүргізуге;

9) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзған жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен атыс қаруын, заңсыз олжалаған өнімді және оны олжалау құралын, көлік және суда жүзу құралдарын алып қоюға;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен арнайы құралдар мен қызмет қаруын сақтауға, алып жүруге және қолдануға;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар.

2. Табиғат қорғау мекемелері мемлекеттік инспекторларының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және олардың шешімдеріне жоғары тұрған мемлекеттік органдарға немесе сотқа шағым жасалуы мүмкін.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторлары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айырым белгілері бар нысанды киіммен (погонсыз), арнайы құралдармен және қызметтік қарумен қамтамасыз етіледі.

4. Табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторлары өз құзыретіне сәйкес мынадай актілер:

1) тексеру өткізу нәтижелері бойынша акт;

2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама;

3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы, Қазақстан Республикасының орман заңнамасы талаптарының бұзылуын жою туралы ұйғарым;

4) мынадай:

ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы, Қазақстан Республикасының орман заңнамасы бұзылған жағдайда кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы;

сот шешімі шығарылғанға дейін уақытша сақтау үшін атыс қаруын, олжалау құралдарын, заңсыз олжаланған өнімді, көлік және суда жүзу құралдарын алып қою туралы қаулылар жасайды.

 

 

6-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қаржыландыру жүйесi

 

34-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қаржыландыру көздерi

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қаржыландыру:

1) бюджет қаражаты;

2) табиғат қорғау мекемелерінің қаражаты;

3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту қорларының гранттары, қаражаты, жеке және заңды тұлғалардың ерікті жарналары және қайырмалдықтары есебінен жүргізіледі.

 

35-бап. Табиғат қорғау мекемелерін дамыту және күтіп ұстау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру

Іс-шараларды қаржыландыру табиғат қорғау мекемелерін дамыту мен күтіп-ұстауға олардың санатына байланысты бөлінетін бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады және мыналарға:

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту кезінде, сондай-ақ осы аумақтарды құру және кеңейту үшін жерлерді резервте қалдыру кезінде жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскелерінің меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға келтірілген залалдарды жабуға және ысыраптарды өтеуге;

3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзет аймақтарында жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметін шектеу жөніндегі залалдарды жабуға және ысыраптарды өтеуге;

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын, мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбелерін жүргізуге;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) ерекше қорғалатын табиғи аумақ пен оның күзет аймағының жер бөлудің жерге орналастыру жобасын жасау және шекарасын нақтылы жерінде бөлу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге;

6) әкімшілік-шаруашылық, ғылыми, ақпараттық-ағартушылық, туристік және рекреациялық мақсаттағы объектілер мен құрылыстарды салуға және қайта жаңартуға;

7) штат санын ұстауға;

8) мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін күзетуге, қорғауға және қалпына келтіруге;

9) экологиялық-ағартушылық, ғылыми, оқу, туристік және рекреациялық қызмет жүргізуге жұмсалады.

 

36-бап. Мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарын дамыту және күтіп-ұстау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру

Мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылған табиғат қорғау ұйымдарын дамыту және күтіп-ұстау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

37-бап. Заңды тұлға мәртебесі жоқ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін күзету, қорғау және қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру

Заңды тұлға мәртебесі жоқ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың табиғи-қорық қоры объектілерін күзету, қорғау және қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды оларға бекітіп берілетін табиғат қорғау мекемелері, орман шаруашылығының мемлекеттік мекемелері өздеріне осы мақсаттарға бөлінетін бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

 

38-бап. Табиғат қорғау мекемелерінің қаражаты

1. Табиғат қорғау мекемелерінің қаражаты олардың қызмет бағыты мен күзет режимінің түрлеріне байланысты олардың негізгі қызметіне жатпайтын мынадай тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу:

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын, мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбелерін жүргізуге;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) жеке және заңды тұлғалар табиғи кешендердi туристік және рекреациялық мақсаттарда пайдалануы кезінде оларға ақылы қызметтер көрсету, соның ішінде:

туристік соқпақтар, тамашалау алаңдарын, демалу алаңқайларын, көлік тұрақтарын, кемпингтер, шатырлы лагерьлер немесе оларды орналастыратын орындар; қонақ үйлер, мотельдер, туристік базалар, қоғамдық тамақтандыру, сауда және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың басқаруындағы басқа да мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілер немесе оларды орналастыратын орындар беру; ерекше қорғалатын табиғи аумақта құбырлар, электр қуатын беру және байланыс желілерін, жолдарды (ортақ пайдаланылатын жолдардан басқа) орналастыру жөнінде қызметтер көрсету; туристік құрал-жабдықтар беру;

әуесқойлық (спорттық) аң және балық аулауды өткізу;

мемлекеттік табиғи-қорық қоры, табиғи және тарихи-мәдени мұра объектілерінде, табиғат мұражайларында және жанды табиғат мүйістерінде болу және оларды зерделеу кезінде жолсеріктер, экскурсия ұйымдастырушылар, жол нұсқаушылар мен аудармашылар қызметтерін көрсету, кино, бейне және фото таспаларына түсіру;

пайдалануға берілген аумақтар мен объектілерді санитарлық тазарту және абаттандыру жөнінде, сондай-ақ өзге де ұйымдардың аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізу жөнінде қызметтер;

қоғамдық тамақтандыру объектілері үшін өнім өндіру жөнінде қызметтер;

көлік қызметтерін көрсету;

2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) тармақшасы өзгертілді

2) шектеулі шаруашылық қызметінен, соның ішінде:

кәдесый өнімдерін өндіруден;

аралық мақсатта пайдалану және басқа да мақсаттарда кесілген ағаштан жасалған тауарларды, олардан алынған сүректі өңдеу өнімдерін өткізуден;

жанама орман пайдаланудың өнімдерін өткізу (шектеулі мал жаю, марал шаруашылығы, шөп шабу, саңырауқұлақтарды, жемістер мен жидектерді әуесқойлық жинау);

ормандарды молайту және елді мекендерді көгалдандыру үшін көшет материалын өсіруден түсетін табыстар;

шектеулi шаруашылық қызмет тауарларын өткiзуден, орман дақылдарын, қорғаныштық және көгалдандыру екпелерiн отырғызудан түсетін табыстар;

балық шабақтарын өсіруден;

жеке және заңды тұлғалармен туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда жасалатын бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша өнім өндіруден және қызмет көрсетуден алынған табыстар;

орман тұқымдарын жинаудан (қайта өңдеуден);

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) рәміздерді (эмблема мен туды) пайдаланғаны үшін төленетін ақы;

4) баспа, кәдесый және басқа да көбейтілген өнім өндіруден алынған табыстар;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) жеке және заңды тұлғалардың ерікті жарналары мен қайырымалдықтары;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды  

6) гранттардан, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту қорларларының қаражатынан;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды  

7) осы Заңның 82-бабына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға және мемлекеттік табиғи-қорықтық қор объектілеріне залал келтірген жеке және заңды тұлғалардан түсетін түсімдер есебiнен құралады.

2. Табиғат қорғау мекемелерінің тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өткізуінен алынған қаражаты Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес пайдаланылады.

3. Табиғат қорғау мекемелері осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерінен табыс табу мақсатында мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарға қатыса алады.

 

 

2-бөлім. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген түрлерін, мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін және экологиялық желіге енетін қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастырудың, қорғаудың және олардың

қызмeтінiң ерекшеліктерi

 

7-тарау. Мемлекеттік табиғи қорықтар

 

39-бап. Мемлекеттік табиғи қорықтар ұғымы және олардың негізгі қызметi

1. Мемлекеттік табиғи қорық – табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, оның қызметінің мақсаты өзінің аумағындағы табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерін, өсімдіктер мен жануарлардың жекелеген түрлері мен қауымдастықтарын, әдеттегі және бірегей экологиялық жүйелерді сақтау мен зерделеу және оларды қалпына келтіру болып табылады.

2. Мемлекеттік табиғи қорықтардың негізгі қызметіне:

1) мемлекеттік табиғи қорық пен оның күзет аймағының биологиялық саналуандығын қорғау және қалпына келтіру режимін қамтамасыз ету;

2) Табиғат жылнамасын жүргізуді қоса алғанда, мемлекеттік табиғи-қорық қорының экологиялық жүйелерін, объектілерін зерделеу және олардың мониторингі жөнінде ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу;

3) экологиялық-ағартушылық қызметті жүргізу;

4) мемлекеттік табиғи қорықтың экологиялық жүйелеріне зиянды әсер етуі мүмкін шаруашылық және өзге объектілерді орналастыру жобалары мен схемалар мемлекеттік экологиялық сараптамасына қатысу;

5) мемлекеттік табиғи қорық пен оның күзет аймағының аумағын экологиялық-ағартушылық, ғылыми және шектеулі туристік мақсаттарда пайдалануды реттеу жатады.

 

40-бап. Мемлекеттік табиғи қорықтардың күзет режимi

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Мемлекеттік табиғи қорықтың бүкіл аумағында, осы Заңның 43-1-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, қорықтық күзет режимі белгіленеді, ол бойынша:

1) аумақтың гидрологиялық режимін өзгертетін іс-әрекеттерге;

2) мемлекеттік табиғи қорықтың жұмыс істеуімен байланысты емес үй-жайлар (құрылыстар және ғимараттар), жолдар, құбырлар, электр желілерін және басқа да коммуникациялар мен объектілер салуға;

3) геологиялық-барлау жұмыстарына және пайдалы қазбалар өндіруге;

4) топырақ қабатын бүлдіруге, минералдар шығымын бұзуға және тау жыныстарын жалаңаштауға;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) орман қорғау іс-шараларын жүзеге асыру үшін қажет санитариялық мақсатта ағаш кесуді қоспағанда, өсімдік қабатының бұзылуына әкеп соғатын орман пайдаланудың барлық түрлеріне, оның ішінде тағамдық, дәрілік және техникалық өсімдіктер, сондай-ақ олардың бөліктері мен дериваттарын, шөп шабуға, мал жаюға және өсімдіктер дүниесін пайдаланудың басқа да түрлеріне;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) аң аулау мен балық аулауға;

7) жануарларды аулауға және жойып жіберуге, олардың мекендеу ортасы мен жағдайларын бұзуға;

8) өсiмдiктер мен жануарлардың жаңа түрлерін жерсіндіруге, жануарлардың жекелеген түрлері санын жерлердің табиғи сыйымдылығы бойынша жол берілетін мөлшерден артық көбейтуге;

9) мемлекеттік табиғи қорықтың коллекцияларын қалыптастыруды қоспағанда, коллекциялық материалдар жинауға;

10) зиянкестерге, өсімдіктер мен жануарлардың ауруларына қарсы, сондай-ақ жануарлар санын реттеу үшін химиялық және биологиялық күрес әдістерін қолдануға;

11) үй жануарларын айдап өтуге;

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 12) тармақша жаңа редакцияда

12) уәкілетті орган белгiлеген нормадан асып түсетiн жасанды жолмен жасалатын шуылға және өзге де акустикалық әсерлерге;

13) егер қызмет қорғалатын ландшафтардың табиғи көрінісін өзгертуге немесе экологиялық жүйелердің орнықтылығын бұзуға әкеп соғуы мүмкін болса, не ерекше құнды табиғи ресурстарды сақтауға және молықтыруға қатер төндірсе, оған тыйым салынады.

2. Мемлекеттік табиғи қорықтардың аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және сөндіру жөнінде жердегі және авиациялық жұмыстарды жүргізуге жол беріледі.

3. Қарауында мемлекеттік табиғи қорықтар бар мемлекеттік табиғи қорықтардың қызметкерлерін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларын қоспағанда, жеке тұлғалар мемлекеттік табиғи қорықтар аумағына рұқсат беретін құжаттар болған кезде ғана жіберіледі.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттік табиғи қорық аумағында немесе оның аумағынан тысқары жерлерде тұратын белгілі бір дінге сенушілердің құрмет тұтатын жерлерге (құлшылық ету орындары) мемлекеттік табиғи қорық аумағы арқылы өтетін жолдармен баруын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік табиғи қорықтың әкімшілігі тиісті діни бірлестікпен келісім бойынша мемлекеттік табиғи қорық инспекторларының ілесіп жүруімен осы орындарға топталып баруға немесе осы орындарға топталып жақын келуге тегін рұқсат етуі мүмкін.

 

41-бап. Мемлекеттік табиғи қорықтарда ғылыми қызметтi ұйымдастыру мен жүргізу тәртібi

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Мемлекеттік табиғи қорықтарда ғылыми қызмет мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілерін зерттеу жөнінде тұрақты жүйелі түрдегі байқаулар, Табиғат жылнамасын жүргізуді қоса алғанда, табиғи процестердің мониторингін ұйымдастыру, сондай-ақ биологиялық саналуандықты сақтаудың және мемлекеттік табиғи-қорық қорының экологиялық жүйелері мен объектілерін қалпына келтірудің ғылыми негіздері мен әдістерін әзірлеу жолымен уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік табиғи қорықтарда ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу үшін қажетті үй-жайлармен және жабдықтармен қамтамасыз етілетін ғылыми қызметкерлердің тиісті штаты бар ғылыми құрылымдық бөлімшелер жұмыс істейді.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік табиғи қорықтардың ғылыми бөлімшелері осы баптың 1-тармағында көзделген ғылыми қызметтен басқа, ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен келісім бойынша уәкілетті орган бекіткен ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарларына сәйкес ғылыми зерттеулер де жүргізеді.

4. Өзге де ғылыми ұйымдар мен жекелеген ғалымдар мемлекеттік табиғи қорықтардың аумақтарында уәкілетті органмен келісім бойынша мемлекеттік табиғи қорықтың әкімшілігімен шарттық негізде ғылыми зерттеулер жүргізе алады.

5. Ғылыми зерттеулердің жоспарларын, ғылыми қызметкерлердің есептерін қарау және бекіту үшін мемлекеттік табиғи қорықтарда ғылыми-техникалық кеңестер құрылады, олардың құрамына басқа ұйымдардың ғылыми қызметкерлері мен мамандары кіре алады.

6. Мемлекеттік табиғи қорықтардың ғылыми қорлары мерзімсіз сақталуға жатады.

7. Мемлекеттік табиғи қорықтардың өздерінің ғылыми еңбектерін басып шығаруға құқығы бар.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

8. Мемлекеттік табиғи қорықтардың аумағында ғылыми жұмыстарды жоспарлау мен жүргізу жануарларды мазасыздануға, зардапқа, өлім-жітімге ұшырататын және өсімдіктерді, соның ішінде сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнгендерін жойып жіберетін зерттеулердің қатыгез әдістері қолданылмай жүзеге асырылуға тиіс.

 

42-бап. Мемлекеттік табиғи қорықтардың экологиялық-ағартушылық қызметi

1. Мемлекеттік табиғи қорықтардың экологиялық-ағартушылық қызметі:

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) мемлекеттік табиғи қорықтардың биологиялық саналуандықты сақтау функцияларын орындауының қажетті шарты ретінде қорық ісі идеяларын халықтың қалың топтарының қолдауын қамтамасыз ету;

2) экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен дамыту мақсаттарында жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік табиғи қорықтарда экологиялық-ағартушылық шараларын жүргізу үшін мұражайлар, экспозициялар, көрсетілім жасау учаскелері және басқа да объектілер құрылуы мүмкін.

3. Мемлекеттік табиғи қорықтарда ерекше құнды экологиялық жүйелер мен объектілерді қамтымайтын арнайы бөлінген учаскелерде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен реттелмелі экологиялық туризм өткізу үшін экскурсиялық соқпақтар мен маршруттар құруға жол беріледі.

4. Мемлекеттік табиғи қорықтар экологиялық-ағартушылық қызметті жүзеге асыру кезінде мамандарды және қоғамдық ұйымдарды тарта алады.

 

43-бап. Мемлекеттік табиғи қорықтардың күзет аймақтарының режимi

1. Мемлекеттік табиғи қорықтардың күзет аймақтарында:

1) жаңа елді мекендер құруға және бар елді мекендерді кеңейтуге;

2) мемлекеттік табиғи қорықтың экологиялық жүйелеріне зиянды әсер ететін объектілерді орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологиялар енгізуге;

3) өсiмдiктер мен жануарлар дүниесі үшін зәрлі улы химикаттар, тыңайтқыштар мен гербицидтер қолданылатын ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының интенсивті нысандарын енгізуге;

4) атмосфераға және ашық су көздері мен рельефке ластаушы заттар шығаруға және сарқынды суларды төгуге, қалдықтарды орналастыруға;

5) пайдалы қазбалар өндіруге;

6) әуесқойлық (спорттық) және кәсіпшілік аң аулауға;

7) радиоактивті материалдар мен өнеркәсіп қалдықтарын көмуге;

8) мемлекеттік табиғи қорықтың экологиялық жүйелерінің гидрологиялық режимін өзгертетін қызметке (бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға әкеп соғатын басқа да объектілер салуға);

9) жабайы жануарлар мен жабайы өсімдіктердің бөтен түрлерін жерсіндіруге;

10) мемлекеттік табиғи қорықтың экологиялық жүйелеріне зиянды әсер ететін басқа да қызметке тыйым салынады.

2. Мемлекеттік табиғи қорықтардың күзет аймақтарының аумағында қорықтың экологиялық жүйелерінің жай-күйіне теріс әсер етпейтін шаруашылық қызметтің мынадай әртүрлі нысандары жүзеге асырылуы мүмкін:

1) орман шаруашылығы қызметі;

2) мал жайылымы және шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлі жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық саналуандықты ұзақ мерзімді сақтау мен оның беріктігін қамтамасыз ету шеңберіндегі өзге де қызмет;

3) туристік және рекреациялық қызмет;

4) минералды суларды, жер астының жылы суларын және климаттық ресурстарды пайдалану;

5) кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулау;

6) орман және дала өрттерін сөндіру жөнінде жердегі және авиациялық жұмыстарды жүргізу;

7) бүлінген жерлерді рекультивациялау;

8) орман және өзге де өсімдік қауымдастықтарын қалпына келтіру;

9) жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтіру;

10) жер учаскелерін туристер болатын жерлерді жайластыру, өсімдіктер мен жануарлардың эндемикалық, сирек кездесетін және құрып бара жатқан түрлерін жасанды жолмен көбейту, өсіру, өндіру үшін питомниктер салу, мемлекеттік табиғи қорық қызметкерлерінің тұруы үшін қызметтік үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызмет бабындағы жер үлестерін беру үшін пайдалану.

3. Мемлекеттік табиғи қорықтардың күзет аймақтарында осы баптың 2-тармағында аталған қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде өсiмдiктер мен жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды учаскелерге, сондай-ақ мемлекеттік табиғи қорық қорының өзге объектілеріне қол сұғылмауы қамтамасыз етілуге тиіс.

4. Мемлекеттік табиғи қорықтардың күзет аймақтарында жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметін шектеу облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімдерімен белгіленеді.

 

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 43-1-баппен толықтырылды

43-1-бап. Жекелеген мемлекеттік табиғи қорықтардың күзет режимінің ерекшеліктері

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда биологиялық негіздеменің негізінде арнайы бөлінген учаскелерде, осы қорықтың күзету аймағында тұратын жергілікті халықтың мұқтажы үшін әуесқойлық (спорттық) балық аулауға жол беріледі.

2. Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының су айдындарында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде биологиялық негіздеме негізінде балықтың қырылуының алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүргізуге жол беріледі.

 

 

8-тарау. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер және мемлекеттік өмірлік табиғи парктер

 

44-бап. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер ұғымы және олардың негізгі қызметi

1. Мемлекеттік ұлттық табиғи парк – ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының бірегей табиғи кешендері мен объектілерінің биологиялық және ландшафтық саналуандығын сақтауға, оларды табиғат қорғау, экологиялық-ағартушылық, ғылыми, туристік және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

2. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің негізгі қызметіне:

1) мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендерін, бірегей және эталондық табиғи учаскелерін, объектілерін, табиғи және тарихи-мәдени мұраны сақтау;

2) мемлекеттік ұлттық табиғи парк пен оның күзет аймағының күзет режимін қамтамасыз ету;

3) экологиялық ағартушылық;

4) биологиялық саналуандықты сақтаудың ғылыми әдістерін әзірлеу;

2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5) Табиғат жылнамасы бойынша экологиялық жүйелер мен жекелеген табиғи объектiлердiң мониторингiн жүргiзу;

6) мемлекеттік табиғи-қорық қорының бүлінген табиғи кешендерін, объектілерін, табиғи және тарихи-мәдени мұра объектілерін қалпына келтіру;

7) мемлекеттік ұлттық табиғи парк пен оның күзет аймағының аумағын экологиялық-ағартушылық, ғылыми, рекреациялық, туристік және шектеулі шаруашылық мақсаттарда пайдалануды реттеу жатады.

 

45-бап. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумағын аймақтарға бөлу, оны күзету және пайдалану режимi

1. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумағы:

1) қорық режимі;

2) экологиялық тұрақтандыру;

3) туристік және рекреациялық қызмет;

4) шектеулі шаруашылық қызмет аймақтарына бөлінеді.

2. Қорық режимі аймағында кез келген шаруашылық қызметке және мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағын рекреациялық мақсатта пайдалануға тыйым салынады және осы Заңның 40-бабының 1-тармағында аталған мемлекеттік табиғи қорық режимінің түрлеріне сәйкес келетін қорықтық күзет режимі белгіленеді.

3. Реттелмелі экологиялық туризмді және мемлекеттік табиғи-қорық қорының бүлінген табиғи кешендері мен объектілерін қалпына келтіру жөнінде іс-шаралар жүргізуді қоспағанда, экологиялық тұрақтандыру аймағында шаруашылық және рекреациялық қызметке тыйым салынып, қорықтық күзет режимі белгіленеді.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Туристік және рекреациялық қызмет аймағы мемлекеттік ұлттық табиғи паркке келушілердің реттелмелі қысқа мерзімді демалысы мен ұзақ мерзімді демалысы учаскелеріне бөлінеді.

Туристік және рекреациялық қызмет аймағында мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілерін сақтауды қамтамасыз ететін тапсырыстық күзет режимі белгіленеді, оның аумағында реттелмелі туристік және рекреациялық пайдалануға (аң аулаудан басқа), соның ішінде рекреациялық жүктемелер нормаларын ескере отырып туристік маршруттар, соқпақтар, демалу алаңқайлары мен тамашалау алаңдарын, жағажайлар, қайық станцияларын, суда жүзетін көлік түрлері мен жағажай керек-жарағын жалға беру пункттерін құруды ұйымдастыруға жол беріледі.

5. Шектеулі шаруашылық қызмет аймағында әкімшілік-шаруашылық мақсаттағы объектілер орналастырылады, әуесқойлық (спорттық) аң аулау мен балық аулауды ұйымдастыруды қоса алғанда, мемлекеттік ұлттық табиғи паркті күзету және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оған келушілерге қызмет көрсету үшін қажетті шаруашылық қызмет жүргізіледі, рекреациялық орталықтар, қонақ үйлер, кемпингтер, мұражайлар және туристерге қызмет көрсетудің басқа да объектілерін салу және оларды пайдалану жүзеге асырылады.

6. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктің барлық аймақтарында оны басқару жоспарында көзделген күзету, қорғау және қалпына келтіру іс-шаралары жүргізіледі.

7. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде ғылыми және экологиялық-ағартушылық қызмет осы Заңның 41 және 42-баптарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 46-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

46-бап. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру

1. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті өздерінде туроператор қызметіне лицензия болған кезде тікелей мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.

2. Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелері 5 жылға дейінгі мерзімге қысқа мерзімді пайдалануға және 49 жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді пайдалануға беріледі. Аталған мақсаттар үшін осы учаскелерді беру, сондай-ақ оларды құрылыс объектілері үшін пайдалануға рұқсаттар беру мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелерін құрылыс объектілеріне пайдалануға рұқсат беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

3. Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін учаскелер мемлекеттік ұлттық табиғи парктің инфрақұрылымын дамытудың бас жоспарына сәйкес және қазіргі инфрақұрылымымен де, жаңа инфрақұрылым құру үшін де туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық қызмет аймақтарында ғана беріледі.

 

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 46-1-баппен толықтырылды  

46-1-бап. Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктер учаскелеріндегі объектілер құрылысы

1. Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктер учаскелеріндегі объектілер құрылысы уәкілетті органның рұқсаты негізінде және уәкілетті органмен келісілген сызбаға (сызбалық жобаға) сәйкес әзірленген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама бойынша жүргізіледі.

2. Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктер учаскелерін құрылыс объектілеріне пайдалануға рұқсатты уәкілетті орган береді.

3. Жеке немесе заңды тұлғалардың өзіне туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген учаскені пайдалану шартының қолданылу мерзімі өткен соң шарттың қолданыу мерзімін ұзартуға артықшылықты құқығы бар.

4. Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген учаскені және ондағы құрылыс объектілерін пайдалану құқығының ауысу мәселелері туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру шартында айқындалады.

5. Уәкілетті органның жазбаша хабардар етуіне сәйкес құрылыс объектілері басқа тұлғаға берілген не шартта өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін ұзақ мерзімді пайдалануға берілген жер учаскесін пайдалану құқығының ауысуына қарамастан, жеке және заңды тұлғаларға жүктелетін учаскені мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің сақталуы мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ететін жай-күйге келтіру міндеті сақталады.

6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалар адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіз тәсілмен учаскелердегі объектілерді бөлшектеп, сыртқа шығаруға міндетті.

 

47-бап. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің шектеулi шаруашылық қызметінің ерекшеліктерi

1. Шектеулі шаруашылық қызметі аймағында мемлекеттік ұлттық табиғи парктер мынадай қызмет түрлеріне рұқсат етеді:

1) жанама орман пайдалану (шектеулі мал жаю, марал өсіру, шөп шабу, саңырауқұлақтарды, жемістер мен жидектерді әуесқойлық мақсатта жинау);

2) шектеулі дәстүрлі пайдалану алаңдарында ағаш және бұта тұқымдарының екпе материалдарын, дәрі-дәрмектік шөптер және басқа да өсімдіктер өсіру;

3) өтпелі ағаш кесуді қоспағанда, санитарлық мақсатта ағаш кесуді, күтім жасау мақсатында ағаш кесуді жүргізу және бұл ретте алынған сүректі өңдеу;

4) кәдесыйлар, шағын және халықтық кәсіпшіліктер өнімдерін өндіру;

5) балық шабақтарын және тауарлы балықтың байырғы түрлерін өсіру;

6) жылжымалы бал ара павильондарын пайдалана отырып, көшпелі бал ара шаруашылығы;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

7) әуесқойлық (спорттық) аң аулау;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 8), 9), 10) және 11) тармақшалармен толықтырылды

8) әуесқойлық (спорттық) балық аулау;

9) мелиорациялық аулау;

10) ғылыми-зерттеу мақсатында аулау;

11) өсімін молайту мақсатында аулау.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің шектеулі шаруашылық қызметі мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақтау мен қалпына келтіруді ескере отырып және өздерінің қарауындағы мемлекеттік органдардың тиісті рұқсаттары бойынша жүзеге асырылады.

Әуесқойлық (спорттық) балық аулау, мелиорациялық балық аулау, ғылыми-зерттеу мақсатында аулау, өсімін молайту мақсатында аулау заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан су объектілеріне берілген уәкілетті органның тиісті рұқсаттары бойынша мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда биологиялық негіздеменің негізінде жүзеге асырылады.

 

48-бап. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің күзет аймақтарының режимi

1. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктің күзет аймағында:

1) жер пайдаланушылардың табиғи ресурстарды тұрақты пайдалануды қамтамасыз ететін дәстүрлі шаруашылық қызметінің негізгі түрлеріне рұқсат етіледі;

2) осы Заңның 43-бабының 1-3-тармақтарында белгіленген мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелеріне теріс әсер ететін табиғат пайдалану мен шаруашылық қызметтің түрлеріне тыйым салынады немесе шектеу қойылады.

2. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктің күзет аймағындағы жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметіне шектеу қою осы Заңға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімдерімен белгіленеді.

 

49-бап. Мемлекеттік өңірлік табиғи парктер

Мемлекеттік өңірлік табиғи парк мемлекеттік ұлттық табиғи парк үшін белгіленген режимі бар, сондай мақсаттарды алға қоятын және сондай міндеттерді орындайтын, бірақ табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесіне ие жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жататын мемлекеттік ұлттық табиғи парктің нұсқасы болып табылады.

 

 

9-тарау. Мемлекеттік табиғи резерваттар

 

50-бап. Мемлекеттік табиғи резерваттар ұғымы, негізгі қызметі және оларды аймақтарға бөлу

1. Мемлекеттік табиғи резерват – табиғи кешендердің биологиялық саналуандығын және олармен байланысты табиғи және тарихи-мәдени объектілерді күзетуге, қорғауға, қалпына келтіруге және сақтауға арналған жердегі және судағы экологиялық жүйелерді қамтитын табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

2. Мемлекеттік табиғи резерваттардың негізгі қызметіне:

1) биологиялық және ландшафтық саналуандықты, табиғи экологиялық жүйелерді сақтау және қалпына келтіру;

2) мемлекеттік табиғи резерваттың күзет режимін қамтамасыз ету;

3) табиғи ресурстарды пайдаланудың экологиялық-экономикалық принципі негізінде аумақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қолдау;

4) аумақты қорғау және тұрақты дамыту, сондай-ақ экологиялық ағартушылық және тәрбие беру мақсаттарында зерттеулер мен мониторинг жүргізу;

5) мемлекеттік табиғи резерват аумағын және оның күзет аймағын экологиялық-ағарту, ғылыми, рекреациялық, туристік және шектеулі шаруашылық мақсаттарда пайдалануды реттеу жатады.

3. Мемлекеттік табиғи резерваттың аумағы мынадай пайдалану мен күзет режимінің түрлері әртүрлі аймақтарға бөлінеді:

1) қорық режимі аймағы (бұдан әрі – ұйытқы аймақ) – генетикалық ресурстарды, биологиялық саналуандықты, экологиялық жүйелер мен ландшафтарды ұзақ мерзім сақтауға арналған осы мақсаттарға қол жеткізу үшін жеткілікті көлемі бар ұйытқы аймақ;

2) аралық аймақ – экологиялық бағдар ұстанған шаруашылық қызметті жүргізу және биологиялық ресурстарды тұрақты молықтыру үшін пайдаланылатын аумақ учаскесі.

 

51-бап. Мемлекеттік табиғи резерваттың қорық режимi аймағының режимi

1. Мемлекеттік табиғи резерваттың қорық режимі аймағында, Табиғат жылнамасын жүргізуді қоса алғанда, табиғи ортаның жай-күйіне ғылыми зерттеулер мен мониторинг жүргізіледі, экологиялық-ағартушылық мақсатында іс-шаралар жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік табиғи резерваттың қорық режимі аймағында кез келген шаруашылық қызметке және аумақты рекреациялық мақсатта пайдалануға тыйым салынады және осы Заңның 40-бабының 1-тармағында белгіленген мемлекеттік табиғи қорық режимінің түріне сәйкес келетін қорықтық күзет режимі белгіленеді.

 

52-бап. Мемлекеттік табиғи резерваттың аралық аймақ режимi

1. Мемлекеттік табиғи резерваттың аралық аймағында шектелетін, реттелетін және ұйытқы аймағының экологиялық жүйелеріне теріс әсер етпейтін мынадай әртүрлі қызмет нысандары жүзеге асырылуы мүмкін:

1) ғылыми зерттеулер және мамандар оқыту және даярлау орталықтарын ұйымдастыру;

2) қоршаған орта мониторингі және экологиялық жүйелердің өзгеруін бақылау;

3) орман шаруашылығы қызметі, өртке қарсы іс-шаралар және орман алаптарын қорғау;

4) ұйытқы аймағының биологиялық саналуандығын ұзақ мерзім сақтауды және оның зақымданбауын және тұтастай алғанда мемлекеттік табиғи резерваттың экологиялық жүйелерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету шеңберінде дәстүрлі жер пайдалану;

5) биологиялық және ландшафтық саналуандықты, табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды кеңінен жүргізу;

6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға жеке тұлғалардың кіру тәртібімен белгіленген, рекреациялық жүктемеге сәйкес бақыланатын және реттелетін туризм, рекреациялық пайдалану;

7) минералды сулар мен шипалы ресурстарды пайдалану;

8) экологиялық ағартушылық, оқыту бағдарламаларын жүргізу, көрсету учаскелерін және экологиялық тұрғыдан алғанда жанашырлықпен табиғат пайдалану менеджментін ұйымдастыру;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 9), 10), 11), 12) және 13) тармақшалармен толықтырылды

9) әуесқойлық (спорттық) аңшылық;

10) әуесқойлық (спорттық) балық аулау;

11) мелиорациялық аулау;

12) ғылыми-зерттеулік аулау;

13) өсімін молайту мақсатында аулау.

2. Мемлекеттік табиғи резерваттың аралық аймағында ұйытқы аймағының экологиялық жүйесінің жай-күйіне теріс әсер етуі мүмкін қызметке, атап айтқанда:

1) жаңа елді мекендер құруға;

2) өнеркәсіп объектілерін орналастыруға және пайдалануға;

3) өндірістік объектілер салуға және пайдалануға;

4) геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізуге және пайдалы қазбаларды игеруге;

5) басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге;

6) өсімдіктер мен жануарлардың жаңа түрлерін жерсіндіруге;

7) ұйытқы аймақ пен аралық аймақ аумағының гидрологиялық режимін өзгертетін іс-әрекеттерге;

8) ұйытқы аймақтың экологиялық жүйесіне әсер етуі мүмкін өзге де қызметке тыйым салынады.

3. Мемлекеттік табиғи резерваттарда осы Заңның 41, 42 және 46-баптарында белгіленген тәртіппен экологиялық-ағарту, ғылыми, туристік және рекреациялық қызметтер жүзеге асырылады.

 

53-бап. Мемлекеттік табиғи резерваттардың күзет аймақтарының режимi

1. Мемлекеттік табиғи резерваттың күзет аймағында:

1) жер пайдаланушылардың табиғи ресурстарды тұрақты пайдалануды қамтамасыз ететін дәстүрлі шаруашылық қызметінің негізгі түрлеріне рұқсат етіледі;

2) осы Заңның 43-бабының 1-3-тармақтарында белгіленген мемлекеттік табиғи резерваттың экологиялық жүйелеріне теріс әсер ететін табиғат пайдалану мен шаруашылық қызметтің түрлеріне тыйым салынады немесе шектеу қойылады;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды  

3) мемлекеттік табиғи резерваттарда жүзеге асыратын мұндай қызметті қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың бөрене кесетін құрылғыларды пайдалану жөніндегі қызметіне тыйым салынады.

2. Мемлекеттік табиғи резерваттың күзет аймағындағы жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметіне шектеу қою осы Заңға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімдерімен белгіленеді.

 

 

10-тарау. Мемлекеттік зоологиялық парктер

 

54-бап. Мемлекеттік зоологиялық парктер ұғымы және оның негізгі қызметi

1. Мемлекеттік зоологиялық парктер – мәдени-ағартушылық, ғылыми, оқу және табиғат қорғау қызметіне, тектік қорды сақтауға және әдеттегі, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлар түрлерін жасанды орта жағдайында өсіруге арналған табиғат қорғау және ғылыми ұйым мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

2. Мемлекеттік зоологиялық парктердің негізгі қызметіне Қазақстанның жануарлар дүниесін сақтаудың, молықтыру мен пайдаланудың, дүниежүзілік маңызы бар Қазақстан фаунасының ресурстарын игерудің ғылыми негіздерін әзірлеу жатады.

 

55-бап. Мемлекеттік зоологиялық парктерді аймақтарға бөлу және оларды күзету ерекшеліктерi

1. Мемлекеттік зоологиялық парктер:

1) экспозициялық – жануарларды ұстау және өсіру, сондай-ақ келушілердің көруі үшін;

2) ғылыми – ғылыми зерттеулер жүргізу үшін;

3) қоғамдық – келушілерге қызмет көрсету үшін;

4) әкімшілік және өндірістік-шаруашылық аймақтарға бөлінеді.

2. Мемлекеттік зоологиялық парктерде олардың міндеттерін орындауға байланысты емес және оларда күтіп-бағылатын жануарлардың өлім-жітіміне әкеп соғатын кез келген әрекетке тыйым салынады.

 

56-бап. Мемлекеттік зоологиялық парктерде жануарлар өсіру

1. Мемлекеттік зоологиялық парктер отандық және дүниежүзілік фаунадан жануарлар коллекцияларын қалыптастырады және олардың сақталуын қамтамасыз етеді.

2. Мемлекеттік зоологиялық парктер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтай отырып, белгіленген тәртіппен жануарлармен жасалатын импорттық және экспорттық операцияларды, оларды зоологиялық бағыттағы басқа ұйымдармен айырбастауды жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік зоологиялық парктерде ветеринариялық және зоотехникалық қызметтер, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлар түрлерін өсіруге арналған питомниктер құрылады.

2015.04.12. № 435-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)

4. Мемлекеттік хайуанаттар парктеріндегі жануарларды тасымалдауға, бағып-қағуға, тамақтандыруға және ветеринариялық қызмет көрсетуге байланысты тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бөлігіндегі құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы қолданылмайды.

 

57-бап. Мемлекеттік зоологиялық парктерді пайдалану ерекшеліктерi

1. Мемлекеттік зоологиялық парктер ғылыми, мәдени-ағартушылық және оқу мақсаттарында пайдаланылады.

2. Мемлекеттік зоологиялық парктерде жануарларды, соның ішінде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген жануарларды қамауда немесе жартылай қамау жағдайларында ұстау және өсіру саласында ғылыми зерттеулер жүргізіледі.

3. Мемлекеттік зоологиялық парктер ғылыми деректер банктерін, қорлар, мұражайлар, лекторийлер, кітапханалар мен мұрағаттар құруға, осы ұйымдар қызметінің мәселелері бойынша ғылыми, ғылыми-көпшілік және басқа да әдебиет шығаруға құқылы.

4. Мемлекеттік зоологиялық парктердің қосалқы шаруашылықтары, шеберханалары, зоологиялық дүкендері мен осы ұйымдардың бейініне сәйкес келетін, бірақ олардың негізгі қызметіне жатпайтын шаруашылық қызметі үшін қажетті басқа да объектілері болуына құқылы.

 

 

11-тарау. Мемлекеттік ботаникалық бақтар

 

58-бап. Мемлекеттік ботаникалық бақ ұғымы және оның негізгі қызметi

1. Мемлекеттік ботаникалық бақ – өсімдіктер дүниесін, соның ішінде өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлерін қорғау, молықтыру және пайдалану жөнінде зерттеулер мен ғылыми талдамалар өткізуге арналған табиғат қорғау және ғылыми ұйымдар мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

2. Мемлекеттік ботаникалық бақтардың негізгі қызметіне Қазақстанның өсімдіктер дүниесін сақтаудың, молықтыру мен пайдаланудың, Қазақстанның дүниежүзілік маңызы бар флора ресурстарын игерудің ғылыми негіздерін әзірлеу жатады.

 

59-бап. Мемлекеттік ботаникалық бақтарды аймақтарға бөлу және оларды қорғаудың ерекшеліктерi

1. Мемлекеттік ботаникалық бақтар:

1) экспозициялық – өсімдіктерді өсіру және келушілердің көруі үшін;

2) ғылыми – өсімдіктердің тектік қорының коллекцияларына ғылыми зерттеулер жүргізу және оларды сақтау үшін;

3) қоғамдық – келушілерге қызмет көрсету үшін;

4) әкімшілік және өндірістік-шаруашылық аймақтарға бөлінеді.

2. Мемлекеттік ботаникалық бақтарда олардың алдына қойылған міндеттерін орындауға байланысты емес және оларда өсірілетін өсімдіктердің жойылып кетуіне әкеп соғатын кез келген іс-әрекеттерге тыйым салынады.

 

60-бап. Мемлекеттік ботаникалық бақтарда өсімдіктер өсіру

1. Мемлекеттік ботаникалық бақтар табиғи, мәдени, отандық және дүниежүзілік флора өсімдіктерінің коллекцияларын қалыптастырады және олардың сақталуын қамтамасыз етеді.

2. Мемлекеттік ботаникалық бақтар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтай отырып, өсімдіктермен жасалатын импорттық және экспорттық операцияларды, оларды ботаникалық бейіндегі басқа ұйымдармен айырбастауды жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік ботаникалық бақтарда коллекциялық және эксперименттік учаскелер, гербарийлер, питомниктер және тұқым қорлары құрылады.

 

61-бап. Мемлекеттік ботаникалық бақтарды пайдаланудың ерекшеліктерi

1. Мемлекеттік ботаникалық бақтар белгіленген тәртіппен ғылыми, мәдени-ағарту және оқу мақсаттарында пайдаланылады.

2. Мемлекеттік ботаникалық бақтарда табиғи, мәдени, отандық және дүниежүзілік флораны жерсіндіру және оның селекциясы бойынша, сондай-ақ Қазақстанның өсімдіктер әлемін зерттеу, сақтау және тиімді пайдалану жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізіледі.

Өсімдіктердің коллекциялық қорларын қалыптастыру, сақтау, пайдалану жөніндегі ғылыми зерттеулер коллекциялық қорлар өсіруді қамтамасыз ететін мемлекеттік тапсырыстар негізінде жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік ботаникалық бақтар ғылыми деректер банктерін, қорлар, мұражайлар, лекторийлер, кітапханалар мен мұрағаттар құруға, осы ұйымдар қызметінің мәселелері бойынша ғылыми, ғылыми-көпшілік әдебиет шығаруға құқылы.

4. Мемлекеттік ботаникалық бақтар орман, бақ-парк, ауыл шаруашылығына және басқа салаларға енгізу мақсатында ұсынылған жерсіндірілген өсімдіктер мен олардың репродукцияларын өндірістік сынақтан өткізу үшін шаруашылық эксперименттік базалар құруға құқылы.

5. Мемлекеттік ботаникалық бақтардың қосалқы шаруашылықтары, шеберханалары, өсімдіктер сататын мамандандырылған дүкендері және осы ұйымдардың бейініне сәйкес келетін, бірақ олардың негізгі қызметіне жатпайтын шаруашылық қызмет үшін қажетті басқа да объектілері болуына құқылы.

 

 

12-тарау. Мемлекеттік дендрологиялық парктер

 

62-бап. Мемлекеттік дендрологиялық парк ұғымы және оның негізгі қызметi

1. Мемлекеттік дендрологиялық парк – ағаш және бұта тұқымдарын қорғауға, молықтыру мен пайдалануға арналған аймақтар бойынша белгіленген күзет режимдері бар табиғат қорғау және ғылыми ұйымдар мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

2. Мемлекеттік дендрологиялық парктердің негізгі қызметіне Қазақстанның ағаш өсімдіктерін сақтаудың, молықтырудың және пайдаланудың ғылыми негізін әзірлеу, Қазақстанның дүниежүзілік маңызы бар флорасының ресурстарын игеру жатады.

 

63-бап. Мемлекеттік дендрологиялық парктердi аймақтарға бөлу, оларды күзету мен пайдаланудың ерекшеліктерi

1. Мемлекеттік дендрологиялық парктерде аймақтар осы Заңның 59-бабында көзделген мемлекеттік ботаникалық бақтардағы күзет режимінің мақсаты мен түрі ескеріле отырып бөлінеді.

2. Мемлекеттік дендрологиялық парктер мемлекеттік ботаникалық бақтарға осы Заңның 61-бабында белгіленген тәртіппен және шарттармен ғылыми, мәдени-ағарту және оқу мақсаттарында пайдаланылады.

 

 

13-тарау. Мемлекеттік табиғат ескерткіштерi

 

64-бап. Мемлекеттік табиғат ескерткіштері ұғымы

Мемлекеттік табиғат ескерткіші – экологиялық, ғылыми, мәдени және эстетикалық тұрғыдан алғанда жекелеген бірегей, орны толмайтын, құнды табиғи кешендерді, сондай-ақ мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілеріне жатқызылған шығу тегі табиғи және жасанды объектілерді қамтитын ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

 

65-бап. Мемлекеттік табиғат ескерткіштерін құру тәртібi

1. Маңыздылығына байланысты мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жекелеген түрлері және табиғи кешендер республикалық немесе жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғат ескерткіштері болып жарияланады.

2. Республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғат ескерткіштері аумақтарының шекарасы мен күзет режимінің түрін Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғат ескерткіштері аумақтарының шекарасы мен күзет режимінің түрлерін – уәкілетті органның ұсынуы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары бекітеді.

3. Республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғат ескерткіштері мен олардың аумақтарын олар қарауына тапсырылған тұлғалардың күзетуіне беруді уәкілетті орган, ал жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғат ескерткіштерін – оларды ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттік табиғи резерваттардың, мемлекеттік өңірлік табиғи парктердің және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың басқа түрлерінің аумағында орналасқан мемлекеттік республикалық маңызы бар табиғат ескерткіштері солардың құрамында ескеріледі.

Мемлекеттік табиғи қорықтарды, мемлекеттік ұлттьқ табиғи парктерді, мемлекеттік табиғи резерваттарды құру немесе кеңейту кезінде жергілікті маңызы бар табиғат ескерткіштер жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тізбесінен шығарылады және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың аталған түрлерін құру мен кеңейтудің техникалық-экономикалық негіздемелері болған жағдайда, республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тізбесіне енгізіледі.

 

66-бап. Мемлекеттік табиғат ескерткіштері аумақтарының күзет режимi

1. Мемлекеттік табиғат ескерткіштерінің аумақтарында мемлекеттік табиғат ескерткіштері сақталуының бұзылуына әкеп соғатын кез келген қызметке тыйым салынып, мемлекеттік табиғи қорықтардың күзет режимінің түріне сәйкес келетін қорықтық күзет режимі белгіленеді.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды

1-1. Мемлекеттік табиғат ескерткіштері аумақтарында осы салада мамандандырылған ұйым әзірлеген жобаларға сәйкес оларды сақтау мен қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі.

2. Мемлекеттік табиғат ескерткіштерін күзету осы Заңның 32-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

14-тарау. Мемлекеттік табиғи қаумалдар

 

67-бап. Мемлекеттік табиғи қаумалдар ұғымы және олардың түрлерi

1. Мемлекеттік табиғи қаумал – мемлекеттік табиғи-қорық қорының бір немесе бірнеше объектілерін сақтауға және молықтыруға арналған шаруашылық қызметтің тапсырыстық режимі немесе реттелмелі режимі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

2. Өздерінің функционалдық мақсаты бойынша мемлекеттік табиғи қаумалдар мынадай түрлерге бөлінуі мүмкін:

1) кешендік – ерекше құнды табиғи кешендерді сақтау және қалпына келтіру үшін;

2) биологиялық (ботаникалық, зоологиялық) – өсімдіктер мен жануарлардың бағалы, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлерін сақтау және қалпына келтіру үшін;

3) палеонтологиялық – жануарлардың, өсімдіктердің және олардың кешендерінің қазып алынатын қалдықтарын сақтау үшін;

4) гидрологиялық (батпақты, көлді, өзенді) – сулы-батпақты жерлердің құнды объектілері мен кешендерін сақтау үшін;

5) геоморфологиялық – сирек кездесетін және бірегей табиғи рельеф нысандарын сақтау үшін;

6) геологиялық және минералогиялық – сирек кездесетін геологиялық және минералогиялық түзілімдерді сақтау үшін;

7) топырақтық – топырақтың әдеттегі және сирек кездесетін түрлерін сақтау үшін;

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды

8) гидрогеологиялық – жерасты суларының бірегей көздерін сақтау үшін.

 

68-бап. Мемлекеттік табиғи қаумалдар құрудың ерекшеліктерi

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Мемлекеттік табиғи қаумалдар жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан оларды алып қоймай-ақ, барлық санаттағы жер учаскелерінде құрылады.

Мемлекеттік табиғи қаумалдардың шекаралары меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелерінің шекаралары бойынша немесе табиғи географиялық шептер бойынша айқындалады және жергілікті жерлерде арнайы белгілермен белгіленеді.

Жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы мемлекеттік табиғи қаумал орналасқан жер учаскесін шектеулі түрде нысаналы пайдалану құқығын қамтамасыз етуге міндетті.

Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың мемлекеттік табиғи қаумал аумағындағы шаруашылық қызметін шектеу Қазақстан Республикасының Жер кодексінде көзделген тәртіппен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімдерімен белгіленеді.

2. Мемлекеттік табиғи қаумалдар:

1) мерзімсіз – жұмыс істеу мерзімі көрсетілмей;

2) ұзақ мерзімді – 10 жылдан астам мерзімге;

3) қысқа мерзімді – 10 жылдан кем мерзімге құрылады.

3. Мемлекеттік табиғи қаумалдар бекітіп берілетін табиғат қорғау мекемелері, мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелері осы Заңның 32-бабына сәйкес арнайы күзет қызметтерінің күшімен оларда орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін күзету мен қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады.

 

69-бап. Мемлекеттік табиғи қаумалдарды күзету режимi мен оларды пайдаланудың ерекшеліктерi

1. Егер кез келген қызмет мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақтауға қатер төндірсе немесе оларды молықтыруды нашарлатып жіберсе, мемлекеттік табиғи қаумалдарда мұндай қызметке, оның ішінде:

1) кешенді мемлекеттік табиғи қаумалдарда – табиғи кешендерді сақтауға қатер төндіретін шаруашылық қызметке, өсімдіктер мен жануарлардың бөтен түрлерін жерсіндіруге;

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) зоологиялық мемлекеттік табиғи қаумалдарда – уәкілетті органның келісімімен жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты бойынша ғылыми-зерттеу, өсімін молайту және мелиорациялық мақсаттарда алып қою жағдайларын қоспағанда, жануарлардың қырылуын туғызған немесе туғызуы мүмкін басқа да әрекеттермен бірдей дәрежеде аң аулауға, кез келген тәсілдермен және құралдармен, балықтарды қоспағанда, жануарларды аулауға, өсімдіктер мен жануарлардың бөтен түрлерін интродукциялауға, ұяларды, індерді, апандарды және басқа да мекендеу орындарын бүлдіруге, жұмыртқа жинауға;

3) ботаникалық мемлекеттік табиғи қаумалдарда – мал жаюға, шөп шабуға, ағаш кесудің барлық түрлеріне, гүлдер теруге, өсімдіктердің тамырларын, түйнектерін және жуашығын қазып алуға, от жағуға, көлік құралдарының бар жолдардан тыс жерлермен келіп кіруіне және жүруіне, өсімдіктер мен жануарлардың бөтен түрлерін жерсіндіруге, сол сияқты өсімдіктердің бүлінуін және жойылуын туғызған немесе туғызатын басқа да әрекеттерге;

4) гидрогеологиялық мемлекеттік табиғи қаумалдарда – тас, қиыршық тас, құм және басқа да пайдалы қазбалар өндіруге, үңгірлерді бүлдіруге, жер қазу жұмыстарын жүргізуге, табиғи гидрологиялық режимді өзгертетін әрекеттерге, мемлекеттік табиғи қаумалдың табиғи құрама бөліктерін бүлдіруге немесе қиратуға байланысты ізденістер мен ғылыми зерттеулерге тыйым салынады.

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды

1-1. Кешенді зоологиялық мемлекеттік табиғи қаумалдарда аң аулауға және балық аулауға мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің сақталуына қауіп төндірмейтін, жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюдың мөлшерлі көлемінің биологиялық негіздемесіне мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган рұқсат етеді.

2. Мемлекеттік табиғи қаумалдар режимінің ерекшеліктері паспортпен айқындалады.

3. Мемлекеттік табиғи қаумалдар ғылыми, экологиялық-ағарту, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін.

Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар белгіленген шектеулерді сақтай отырып, мемлекеттік табиғи қаумалдарда шаруашылық қызметті жүзеге асыруға құқылы.

 

 

15-тарау. Мемлекеттік қорық аймақтары

 

70-бап. Мемлекеттік қорық аймағының ұғымы, мақсаттары мен міндеттерi

Мемлекеттік қорық аймағы – мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар үшін резервке қойылған жер учаскелері мен су айдындарында мемлекеттік табиғи қорық қорының объектілерін және биологиялық саналуандықты сақтауға және қалпына келтіруге арналған теңдестірілген күзет режимінің түрлері бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

 

71-бап. Мемлекеттік қорық аймақтарын құру тәртібi

1. Мемлекеттік қорық аймақтары жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан оларды алып қоймай-ақ, барлық санаттағы жер учаскелерінде жарияланады.

2. Жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы мемлекеттік қорық аймағы орналасқан жер учаскесін шектеулі түрде нысаналы пайдалану құқығын қамтамасыз етуге міндетті.

 

72-бап. Мемлекеттік қорық аймақтарын күзету мен пайдаланудың ерекшеліктерi

1. Егер кез келген қызмет күзетілетін ландшафтардың табиғи келбетін өзгертуі немесе экологиялық жүйелердің тұрақтылығын бұзуы мүмкін болған не ерекше құнды табиғи ресурстарды сақтауға және молықтыруға қатер төндірген жағдайда, мемлекеттік қорық аймақтарында мұндай қызметке тыйым салынады.

2. Мемлекеттік қорық аймақтарында учаскелер қорықтық және қаумалдық режимді, сондай-ақ шаруашылық қызметтің реттелмелі режимді учаскелері болып бөлінеді.

3. Мемлекеттік қорық аймақтары оларды күзету режимі түрлерінің ерекшеліктерін ескере отырып, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үшін көзделген барлық мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін.

4. Мемлекеттік қорық аймақтарында жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметіне шектеулер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.

5. Мемлекеттік қорық аймақтары бекітіп берілетін табиғат қорғау мекемелері, мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелері осы Заңның 32-бабына сәйкес арнайы күзет қызметінің күшімен оларда орналасқан мемлекеттік табиғи қорық қорының объектілерін қорғау мен қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады.

2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен   6 тармақ  өзгертілді (бұр. ред. қара)

6. Мемлекеттік қорық аймақтарының аумақтарында Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленген  арнайы экологиялық талаптарды ескере отырып, уәкілетті органның келісімі бойынша геологиялық зерттеулерге, пайдалы қазбаларды барлауға рұқсат беріледі.

Пайдалы қазбаларды қазуға қоршаған ортаны қорғау саласындағы өкілетті мемлекеттік органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен арнайы экологиялық талаптарды ескере отырып, уәкілетті органның келісімімен, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның ұсынуымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша ерекше жағдайларда жол беріледі.

 

73-бап. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегi мемлекеттік қорық аймағы

1. Еділ (Қазақстан Республикасының шегінде) мен Жайық өзендерінің атыраптарын қоса Солтүстік Каспийдің шығыс бөлігінің су айдыны Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі балық қорын сақтау мен бекіре тұқымдас және балықтың басқа да бағалы түрлерінің мекендеуі мен табиғи молығуына оңтайлы жағдай жасауға арналған мемлекеттік қорық аймағына кіреді.

2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен   6 тармақ  өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мемлекеттік қорық аймағында Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленген  арнайы экологиялық талаптарды ескере отырып, балық шаруашылығын, су көлігін дамыту, мемлекеттік геологиялық зерттеу, көмірсутекті шикізатты барлау және өндіру үшін мүмкіндіктер қамтамасыз етіледі.

 

 

16-тарау. Мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерi

 

74-бап. Мемлекеттік орман қорының ерекше құнды екпелерi

1. Мемлекеттік орман қорының ерекше құнды екпелеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына енгізілуі не ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мына санаттарына енуі мүмкін ерекше құнды орман алқаптары, орман жемісі екпелері, тоғайлы және субальпілік орман алқаптары жатады:

1) генетикалық орман резерваттарын қоса алғанда, ғылыми маңызы бар орман учаскелері;

2) жаңғақ кәсіпшілігі аймақтары;

3) субальпілік ормандар.

2. Мемлекеттік орман қорының ерекше құнды екпелер учаскелерінде осы Заңға және Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес оларды күзету мен пайдаланудың қорықтық немесе қаумалдық режимі белгіленеді.

 

75-бап. Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар

1. Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін, нәзік немесе жойылып бара жатқан түрлерінің немесе қосымша түрлерінің, ең алдымен халықаралық ресурс болып табылатын қоныс аударатын суда жүзетін құстардың едәуір дәрежеде жиынтық мөлшерінің резерваттары қызметін атқаратын теңіз су айдындарын қоса алғанда, табиғи және жасанды су бөгендері халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар болып табылады.

2. Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына енгізіледі.

3. Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптарда суда жүзетін құстар мекендейтін жерлерді күзету мен қалпына келтіруді қамтамасыз ететін шаруашылық қызметтің қорықтық және қаумалдық түрлерінің режимдері немесе реттелмелі режимі белгіленеді.

 

76-бап. Бірегей табиғи су объектілері немесе олардың учаскелерi

1. Бірегей табиғи су объектілеріне немесе олардың учаскелеріне теңіздер, өзендер, көлдер, мұздақтар және басқа да жер бетіндегі су объектілері немесе олардың ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық маңызы бар бөліктері жатады.

2. Бірегей табиғи су объектілері немесе олардың учаскелері олардың маңыздылығына байланысты республикалық немесе жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің құрамына енгізіледі, сондай-ақ олардың шекарасында ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген түрлері құрылуы мүмкін.

3. Бірегей табиғи су объектілерінде немесе олардың учаскелерінде осы Заңға және Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес олардың қорғалуын қамтамасыз ететін су пайдаланудың қорықтық, қаумалдық немесе реттелмелі режимдері белгіленеді.

 

77-бап. Ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар жер қойнауы учаскелерi

1. Ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар жер қойнауы учаскелеріне мыналар жатады:

1) геологиялық объектілер – тіреуіш немесе айрықша тіліктер, айрықша тектоникалық құрылымдар, сирек кездесетін тау жыныстары мен минералдары, метеориттер, фауна мен флораның сақталып қалған қазба қалдықтары кездесетін табиғи және жасанды жалаңаштанған жерлер;

2) геоморфологиялық объектілер – рельефтің пайда болу процестерін айқын көрсететін және туризм мен рекреация үшін ерекше құндылық сипаты бар сатылы жерлер, су жайылмалары, үңгірлер, сай-салалар, шатқалдар, сарқырамалар және рельефтің басқа да нысандары;

3) гидрогеологиялық объектілер – бірегей және сирек қасиеттерімен ерекшеленетін жер астындағы сулар және олардың жер бетіне шығатын жолдары;

4) жартастағы суреттері, ертеде кен өндірілген жерлері және тарихи, археологиялық және этнографиялық маңызы бар жер қойнауын пайдалану жөніндегі басқа да объектілері бар жер қойнауы учаскелері.

2. Ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар жер қойнауы учаскелерінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерінің сақталуына қатер төндіретін кез келген қызметке тыйым салынады.

 

78-бап. Өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлерi

1. Өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

2. Мемлекет өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар түрлерін қорғауды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалар оларды қорғау жөнінде шаралар қолдануға міндетті.

3. 2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін, оның ішінде олардың дириваттарын алып қоюға:

1) арнайы жасалған жағдайларда өсіру және кейіннен мекендеу ортасына жіберу;

2) аң аулаудың ұлттық түрлерін дамыту;

3) ғылыми зерттеулер;

4) селекция үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша айрықша жағдайларда жол беріледі.

 

79-бап. Ерекше ғылыми және (немесе) тарихи-мәдени маңызы бар өсімдіктер дүниесінің бірегей дара объектілерi

1. Ерекше ғылыми және (немесе) тарихи-мәдени маңызы бар өсімдіктер дүниесінің бірегей дара объектілеріне ғылыми ынта туғызатын және (немесе) тарихи-мәдени маңызы бар бірегей қасиеттерімен (шығу тегінің тарихымен, тіршілік ұзақтығымен, діңінің, ұшарбасының пішімімен және көлемімен, гүлдерінің, жемістерінің және тұқымдарының мөлшерімен, басқа қасиеттерімен) сипатталатын ағаштардың, бұталардың және шөп тектес өсімдіктердің табиғи ортада немесе жасанды жағдайларда кездесетін дара даналары және (немесе) жекелеген топтары жатады.

2. Ерекше ғылыми және (немесе) тарихи-мәдени маңызы бар өсімдіктер дүниесінің бірегей дара объектілерін мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері ретінде бөлу, жерге орналастыру, орман орналастыру, қала құрылысы жұмыстары кезінде жүргізіледі.

3. Мемлекет ерекше ғылыми және (немесе) тарихи-мәдени маңызы бар өсімдіктер дүниесінің бірегей дара объектілерін қорғауды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері болып жарияланған ерекше ғылыми және (немесе) тарихи-мәдени маңызы бар өсімдіктер дүниесінің бірегей дара объектілерін қорғау жөнінде шаралар қолдануға міндетті.

 

 

17-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесімен байланысты

экологиялық желінің элементтерi

 

80-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесімен байланысты экологиялық желінің элементтері ұғымы

1. Өздерінің экологиялық жүйелерінің жай-күйі және өздерінің орналасуы бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесімен байланысты және ел аумағының табиғи және мәдени ландшафтардың орнықтылығын, биологиялық саналуандығын сақтауды қамтамасыз ететін кеңістік тұрғысынан алғанда өзара байланысып тұратын жер, су беті және олардың үстіндегі әуе кеңістігі учаскелерінің жиынтығын білдіретін табиғи кешендер экологиялық желінің элементтері болып табылады.

2. Экологиялық желінің элементтеріне сауықтыру және рекреациялық мақсаттағы жер учаскелері, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзетілетін аймақтары, экологиялық дәліздер, мемлекеттік орман қоры, су қорғау аймақтары, су объектілерінің алаптары және басқа да табиғи объектілердің қорғалатын учаскелері, соның ішінде аң аулау алқаптары жатады.

3. Сауықтыру және рекреациялық мақсаттағы мемлекеттік орман қорының жер учаскелерін, су қорғау аймақтары мен су объектілерінің алаптарын, аң аулау алқаптарын, балық шаруашылығының су айдындарын белгілеу мен пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының арнайы заңнамасымен реттеледі.

 

81-бап. Экологиялық дәліздер

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Экологиялық дәліздер барлық санаттағы жер учаскелерінде оларды жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін, биологиялық саналуандықты сақтау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мекендейтін жануарлардың табиғи қоныс аудару және өсетін өсімдіктердің таралу жолдарын қорғау мақсаттарында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен экологиялық желінің басқа да элементтері арасындағы кеңістік байланысты қамтамасыз ету үшін құрылады.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Экологиялық дәліздер учаскелерінде жабайы жануарлардың уақытша мекендейтін жерлерінде олардың сақталуын, қоныс аудару кезеңдерінде олардың жүріп өтетін жолдарының сақталуын, жабайы өсімдіктер өсетін жерлердің сақталуын қамтамасыз ететін осы жерлерді пайдаланудың реттелмелі режимі белгіленеді.

Экологиялық дәліздер режимінің ерекшеліктері ерекше қорғалатын табиғи аумақтың паспортында айқындалады.

2012.25.01. № 548-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Экологиялық дәліз құру туралы шешімді жаратылыстану-ғылыми негіздеме негізінде уәкілетті органның ұсынысы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қабылдайды.

Экологиялық дәліздердің шекаралары табиғи географиялық шептер бойынша белгіленеді және жергілікті жерлерде арнайы белгілермен белгіленеді.

Экологиялық дәліздерді қорғау мен басқаруды табиғат қорғау мекемелері жүзеге асырады. Экологиялық дәліздер уәкілетті органның шешімдерімен табиғат қорғау мекемелеріне бекітіп берілетін болады.

4. Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасы, аумақтық дамудың өңіраралық схемалары, қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемалары мен экологиялық дәліздер аумағын қозғайтын өзге де қала құрылысы құжаттамасы уәкілетті органмен келісілуге тиіс.

 

 

18-тарау. Қорытынды ережелер

 

82-бап. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасын бұзушылықтан келтірілген залалды өтеу

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілеріне залал келтірген жеке және заңды тұлғалар келтірілген шығындарды ескере отырып, оны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін қалпына келтіруге жұмсалған шығындар мөлшерінде табиғат қорғау ұйымдарына толық көлемде өтеуге міндетті.

 

2010.21.01. № 242-IV ҚР Заңымен 83-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

83-бап. Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

 

84-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастық

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

 

85-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібi

1. Осы Заң, 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 32-бабын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

2. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 1997 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 жыл, № 17-18, 215-құжат; 1999 ж., № 11, 357-құжат; 2001 ж., № 3, 20-құжат; № 24, 338-құжат; 2004 ж., № 10, 57-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат) күші жойылды деп танылсын.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президентi

Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2006 жылғы шілденің 7-сі.

№ 175-III ҚРЗ 

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus