Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің 2015 жылғы қызметінің нәтижелері мен 2016 жылға арналған жоспарлары

ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің 2015 жылғы қызметінің нәтижелері мен 2016 жылға арналған жоспарлары

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

14.12.5015ж. Астана қ.

ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің қорытынды алқа отырысында 2015 жылғы қызметінің нәтижесі және 2016 жылға арналған жоспары туралы айтылды.
Ағымдағы жылы ҚР АШМ Су ресурстары комитеті 2015 жылға облыстары мен бассейндер бөліндісінде суды пайдалану лимиттері әзірленіп, бекітілді. Аталған лимиттердің негізінде ірі су қоймаларының жұмыс режимдері белгіленді және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және ауыз сумен жабдықтау қажеттіліктері есебімен қажетті су ресурстары жинақталған, олар толық көлемде қанағаттандырылды.
Су қорын пайдалануды реттеу және қорғау аясында ағымдағы жылы бірқатар іс-шараларды іске асыру көзделген болатын. Олардың ішінде Мемлекеттік су кадастрын құру және жер үсті су нысандарының сапа стандарттарын әзірлеу, төрт өзендердің бассейндері бойынша Су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау сұлбасын жаңарту және Су ресурстарын басқару жөнінде бірыңғай ақпараттық-аналитикалық жүйе енгізілді.
Трансшекаралық өзендерде су бөлу туралы мемлекетаралық келісімді қамтамасыз ету аясында 2015 жылы ҚР АШМ Су ресурстары комитеті Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы келісім бойынша жауапты органдар мен сарапшылардың жұмысы қамтамасыз етілді. Тобыл-Торғай, Есіл және Шу-Талас бассейдерінің су айдындарында биоресурстарды құру және жай-күйіне Тобыл, Есіл, Шу және Талас трансшекаралық өзендер бойынша токсиканттардың келуі және гидрологиялық режимдердің әсерін талдау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жыл басынан суды тұтыну мен су тартудың салыстырмалы нормаларының үш жүзден аса есептері қаралған. Су ресурстарын тиімді пайдалану принциптерін енгізу үшін суды тұтыну мен су тартудың іріленген нормаларын әзірлеу жүргізілуде.
Су ресурстары комитетінің Бассейндік су инспекциясы (БСИ) 2015 жылдың 9 айында су және табиғатты қорғау заңнамаларының талаптарын суды пайдаланушылармен сақтау жөнінде 219 тексеріс өткізілді, ол 49 (28,8 пайыз) 2014 жылғы ұқсас кезеңнен артық. 254 заң бұзушылықтар анықталды, 188 анықталған заң бұзушылықтарды жою бойынша нұсқамалар берілді, 175 әкімшілік айыппұл салынды.
ҚР АШМ СРК Гидрологиялық-мелиоративтік қызметі 1,2 млн.га. алаңға суармалы жерлердің мелиоративтік жай-күйін мониторингілеу және бағалау бойынша қызметті жүзеге асырады.
ҚР АШМ СРК халықаралық қаржылық институттармен өзара іс-әрекет бойынша 113,0 мың га. жалпы алаңға суармалы жерлердің мелиоративтік жай-күйі мен сумен қамтамасыз етуді жақсарту үшін «Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру» (ИДЖЖ-2) жобасын іске асыруда.
«Өскемен қаласында өнеркәсіптік ағыстарды тазалау және жер асты суларын қорғауды дамыту» жобасына ерекше назар аударуға болады. Бүгінгі күні үш аса басым ластау көздері бойынша жұмыстар толығымен аяқталған және ластанудың төртінші нысаны бойынша аяқтау күтілуде.
«Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау. ІІ фазасы» (САРАТС-2) жобасын іске асыруға дайындалуда.
ҚР АШМ Су ресурстары комитеті Су ресурстарын басқарудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында халықаралық қаржылық институттарды тарту бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі күні «Қазсушар» РМК 411,0 млн. АҚШ доллары сомасында инвестициялық қаражатты бөлу туралы Ислам Даму Банкімен келісушілікке қол жеткізді, олар Алматы облысының суармалы жерлерін қалпына келтіруге, Оңтүстік Қазақстан облысында тік дренажды ұңғымаларды қалпына келтіру және Алматы, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы ауыз сумен жабдықтау нысандары бойынша басталған құрылыстарды аяқтауға жұмсалатын болады.
235 «Гидротехникалық құрылыстарды, сумен жабдықтау жүйелерін салу және қайта жаңарту» салалық бюджеттік бағдармаланы іске асыру аясында ҚР АШМ СРК жалпы сомасы 49,745 млрд.теңгеге 32 жобаларды іске асыруда. Оның ішінде 2015 жылы 11,084 млрд.теңге бөлінген және 01.12.2015ж. жағдай бойынша 9,046 млрд.теңге игерілді. Барлығы құрылыстың басынан бастап өткен жылдардың бюджетінің есебімен, аталған жобалар бойынша 25,5 млрд.теңге көлемінде бюджеттік қаражат игерілді. 12.12.2015ж. жағдайы бойынша мемлекеттік комиссия актісімен 6 нысан пайдалануға қабылданды, 3 нысан бойынша жұмыстар әлі жүргізілуде, 2015 жылғы желтоқсан айының аяғына дейін жұмыс комиссиясын өткізу күтілуде. 2016 жылдың бірінші жартысында тағы 9 сумен жабдықтау нысандарын аяқтау жоспарлануда.
«Гидротехникалық құрылыстарды, сумен жабдықтау жүйелерін салу және қайта жаңарту» бюджеттік бағдарламаның аясында ауыз сумен жабдықтау жүйелерін салу және қайта жаңарту бойынша 2015 жылы республикалық бюджеттен 7 566,5 млн.теңге 28 жобаға бөлінді. Оның ішінде 10.12.2015ж. жағдай бойынша 9-ы мемлекеттік комиссиямен тапсырылған, 6 413,7 млн.теңге игерілді. Жылдың соңына дейін күтілген игеру 100 пайызды құрайды.
«Шаруашылықаралық каналдардың аса апатты учаскелерін және гидромелиорациялық құрылыстарды күрделі жөндеу және қалпына келтіру» салалық бюджеттік бағдарламаны іске асыру аясында жұмыстардың жалпы құны 1,432 млрд.теңгеге 4 жоба іске асырылуда, оның ішінде 2015 жылы 0,817 млрд.теңге бөлінген. Осы нысандар 2015 жылдың желтоқсан айының аяғына дейін аяқтау жоспарланған.
Республикалық бюджеттік комиссияның шешімі бойынша «ОҚО Шардара ауданындағы Шардара су қоймасының Арнасай бөгетінде гидротехникалық құрылыстардың кешенін қайта жаңарту (2,3,4 кезектері)» жобасын іске асыру жалғастырылуда, 2,641 млрд.теңге бөлінген. Арнасай бөгетін салу өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартады: Шардара су қоймасында жұмысты толық ауқымды іске қосу үшін Шардара ГЭС электрэнергиясын өндіруді ұлғайту мүмкіндігін пайда болады, ол өз кезегінде жыл сайын қосымша 1,2 млрд. текше метр суға кепілдік береді. Оған қоса, жобаның аясында ОҚО екі ауданының арасында коммуникация жолын қысқартатын жолды салу көзделген.

ҚР АШМ СРК баспасөз-қызметі
тел: 8-717-2-74-92-43

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus