Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 880 шешімімен бекітілген, «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентімен белгіленген Тізілімдерді жүргізуге уәкілетті органдарды бекіту туралы

Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 880 шешімімен бекітілген, «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентімен белгіленген Тізілімдерді жүргізуге уәкілетті органдарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналардың ұлттық бөлігін жүргізуге жауапты болып айқындалсын:

1) Мемлекеттік тіркеуге жататын тамақ өнімдерін өндіру бойынша өндірістік объектілердің тізілімі – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;

2) Жаңа түрдегі тамақ өнімдерінің бірыңғай тізілімі және Мамандандырылған тамақ өнімдерінің бірыңғай тізілімі – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі;

3) Мемлекеттік тіркеуге жатпайтын тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) бойынша өндірістік объектілердің тізілімі:

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі – «Кеден одағында ветеринариялық-санитариялық шаралар қолдану туралы» Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген, Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарлардың біріңғай тізбесіне енгізілген тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектілері бойынша;

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі – ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларды қоспағанда, «Кеден одағында санитариялық шаралар қолдану туралы» Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген, Кеден одағының кедендік шекарасында және кедендік аумағында санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектілері бойынша.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының
                 Премьер-Министрі               С. Ахметов

 

«Кеден одағының комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 880 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» шешімімен бекітілген, Кеден одағының техникалық регламенттерімен белгіленген құзыретті органдардың Реестрлер жүргізуін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

№ р/с

Жобада бейнеленуге тиісті мәліметтердің тізбесі

Әзірлеген мемлекеттік органның ақпараты

1.

 

Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттілігінің  негіздемесі Экономикалық интеграция мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің 2013 жылғы 17 маусымдағы № 12-5/05-684 хаттамасы

3.

Жоба қабылданған жағдайда көзделетін әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдар Жобаны қабылдау ешқандай теріс әлеуметтік-экономиқалық және/немесе құқықтық салдарларға дұшар етпейді

4.

Жобаны жүзеге асыруға байланысты көзделген қаржылық  шығындар Жобаны іске асыруға байланысты қаржы шығындары қажет етілмейді

5.

 
 

Жобаны қабылдаған жағдайда күткен нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері, енгізілген ұсыныстардың тиімділігі

 

Жобаны қабылдау Кеден одағының комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 880 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» шешімімен бекітілген, Кеден одағының техникалық регламенттерімен белгіленген Реестрлер жүргізуін жауапты жауапкерді органдардың анықтайды

6.

 

Президенттің және/ немесе Үкіметтің қандай нормативтік құқықтық актілері жобада қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданды және оларды әзірлеуші қалай орындағаны туралы мәліметтер

Жоқ

7.

Заңнамалықты кейіннен жобаға сәйкес келтірудің қажеттілігі

Қажет емес

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа да мекемелерде өткізген жағдайда (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) қосымша сұрыптау нәтижесі

Жүргізілген жоқ

 

 

9.

Басқа мәліметтер

Жоқ

10.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік жабдықтарына материалдарды (көшірмелер) беруге рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып, шығарылған файлдар атауы).

www.minagri.gov.kz

 

 
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі                        А. Мамытбеков

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus