Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет «Оларға қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін және ерекше қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1295 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Оларға қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін және ерекше қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1295 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Оларға қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін және ерекше қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1295 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44,                  440-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген оларға қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантиндік объектілер мен бөтен текті түрлер тiзбесiнде:

«Қазақстан Республикасының аумағында жоқ карантиндік маңызы бар, өсiмдiктер зиянкестерi, ауруларын қоздырғыштар және арамшөптер» деген бөлiмінде:

«А. Өсiмдiктер зиянкестерi» деген кiшi бөлiмде:

«Monochamus galloprovincialis Oliv», «Dendrolimus sibiricus Tschetw», «Frankliniella оccidentalis Perg.» деген жолдар алынып тасталсын;

«Б. Өсімдіктер аурулары» деген кiшi бөлiмде:

«Erwinia amylovora (Curill.)», «Globodera rostochiensis (Woll.) M.et.St.» деген жолдар алынып тасталсын;

«Қазақстан Республикасының аумағында таралуы шектелген
карантиндік объектілер» деген бөлiмін осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:

көрсетілген қаулымен бекітілген ерекше қауіпті зиянды организмдер тізбесінде:

1-тармағының 8), 9) және 10) тармақшалары алынып тасталсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін                           күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
                                                              С. Ахметов

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы «        »             

 №            қаулысына

қосымша

 

 

Қазақстан Республикасының аумағында таралуы шектелген
карантиндік объектілер

 

1. Өсімдіктер зиянкестері

1) Grapholitha molesta (Busck.)
2) Quadraspidiotus perniciosus (Comst.)
3) Pseudococcus comstocki Kuw.
4) Нурhаntria cunea Drury.
5) Lymantria dispra (аsіаn rасе)
6) Myiopardalis pardalina
7) Frankliniella оccidentalis Perg
8) Monochamus galloprovincialis Oliv.
9) Dendrolimus sibiricus Tschetw

2. Өсімдіктер аурулары (Бактериялық)
1) Erwinia amylovora (Curill.).

3. Нематодалық
1) Glоbodera rostochiensis

4. Арамшөптер

1) Ambrosia artemisiifolia (L.)
2) Ambrosia psilostachya (D.C.)
3) Acroptilon repens (D.C.)
4) Solanum rostratum Dun.
5) Cuscuta sp.sp

«Оларға қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін және ерекше қауiптi зиянды организмдер тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы                   № 1295 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулы жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

Рет №

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиісті                                                              мәліметтер тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министірлігі  

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

 

 2012 жылы келесі карантиндік объектілер табылды:

1)      (Мonochamus gаlloprovincialis Oliv.) қарағайлық қара сүгені Павлодар (2 ауданында).

2)       (Glоbodera rostochiensis) картоптың алтын түстес жұмырқұрты Алматы (1 ауданында).

3)       (Frankliniella оccidentalis Perg) батыстың гүл трипсі и Шығыс Қазақстан облысында (1 ауданда).

Жоғары көрсеткен карантиндік объектілер Қазақстан Республикасы 2013 және 2012 жылғы 1 қаңтардағы карантиндік фитосанитариялық анықтамаға енгізілді.

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар Жобаны қабылдау кері әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларды болдырмайды.

4.

Жобаны іске асыруға
байланысты болжанатын
қаржылық шығындар
Аталған жобаны іске асыру қаржы шығыны «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 23 қарашадағы № 54-V Заңына сәйкес талап етіледі.

5.

 

 

 

Жобаны қабылдаудың
нақты мақсаттары,
күтілетін нәтижелердің
мерзімі мен болжанатын
тиімділігі
Қазақстан Республикасы аумағында карантиндік объектілерге  фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу үшін. Өсімдіктер карантині және оларды қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияна сәйкес ҚР жоғары көрсетілген шараларды сақтауға міндетті.

6.

Жобада қаралатын
мәселелер бойынша
Президенттің және/немесе
Үкіметтің бұрын
қабылданған актілері
және олардың іске
асырылу нәтижелері
туралы мәліметтер 
 «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1295 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгiзу туралы»

ЖаңаҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 қарашадағы № 1157 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1295 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылығы 13 маусымдығы № 488 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1295 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы»

ЖаңаҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 мамырдағы № 449 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1295 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы»

ЖаңаҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 қыркүйектегі № 1351 Қаулысы

«Карантиндiк объектiлер, бөтен текті түрлер және ерекше қауiптi зиянды организмдер тiзбелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1295 қаулысына өзгеріс енгізу туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 тамыздағы № 782 Қаулысы

7.

Заңнаманы кейін жобаға
сәйкес келтіру қажеттігі
Қажет емес 

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосым-ша (құқықтық, сыбайлас жемқор-лыққа қарсы, лингвистикалық, эк-ономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргі-зілген жағдайда оның нәтижелері. Жоқ

9.

Өзге де мәліметтер Жоқ

10.

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына “Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі” ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы рұқсат (нөмірі және уақыты) және ақпарат (әрқайсысындағы байттар санын көрсете отырып,

шығарылған файлдар атауы)

Жоба Қазақстан Республикасының Ауыл шарушылығы министрлігінің  www.minagri.gov.kz ресми сайтында орналасқан: Қағида (байт), қағидаға қосымша (байт).

 

 

       Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрі        А. Мамытбеков

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus