Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Оңтүстік Қазақстан облысында «Береке» бағдарламасымен жеке қосалқы шаруашылықтар негізінде бір мың шағын мал бордақылау алаңын қаржыландыру жоспарланған

Оңтүстік Қазақстан облысында «Береке» бағдарламасымен жеке қосалқы шаруашылықтар негізінде бір мың шағын мал бордақылау алаңын қаржыландыру жоспарланған

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 шілдедегі «2016 жылғы 1 жартыжылдықта индустрияландырудың қорытындылары туралы» жиналыста айтылған халықты тиімді жұмыспен қамту және лайық табыс деңгейін қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау аясында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі халықты жұмыспен қамтуды және ауылшаруашылық өнім көлемін арттыру бойынша бірнеше шаралар қарастырды.

Сиыр етін өндіру үшін АШМ, жеке қосалқы шаруашылықтар негізінде 5-20 ІҚМ басын бордақылайтын шағын мал бордақылау алаңдарын қаржыландыруды жоспарлауда. Бордақылаудан кейін бұқалар тиісті құралдармен жабдықталған мал сою бекеттеріне тапсырылады. Мал сою бекеттері бордақылаумен айналысатын жеке қосалқы шаруашылықтардан құрылған ауылшаруашылық кооперативтердің негізінде ұйымдастырылады.

2016 жылы бұл шараларды жүзеге асыруға «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының қаржысы бағытталады. Жыл басынан Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры жылпы көлемі 9,2 млрд. теңгеге 3,7 мың жобаны қаржыландырды. Оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында 2,4 млрд. теңгеге 913 қарыз алушы қаржыландырылған. Шағын несие ретінде берілген қаражаттың 70% мал шаруашылығын дамытуға жұмсалды.

ЖҚЖК 2020 қатысушыларын аталған бағытта қаржыландыру үшін Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры тарапынан «Береке» бағдарламасы әзірленді.

Несиенің мақсатты бағытталуы – ірі қара, ұсақ мүйізді мал, жылқы, басқа да ауылшаруашылық мал мен құсты бордақылау мен ауылшаруашылық өнім алу үшін сатып алу, сондай-ақ, мал азық сатып алу болып табылады. Қарыздың максималды сомасы – 3 миллион теңгеге дейін, қарызды мерзімнен бұрын өтеген қатысушылар үшін – 5 миллион теңгеге дейін, қарыздың мерзімі – 4 жылға дейін. 500 мың теңгеге дейін қарыздар бойынша сыйақы үстемесі – жылдық 4,8%, 500 мың теңгеден асатын қарыздар бойынша – жылдық 6%. Жылдық тиімді сыйақы үстемесі – сәйкесінше, 5% және 6,7%.

Бегмурат Юнусалиев және Шахноза Тойчиева – Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауыл округінінің тұрғындары. 2014 жылы олар Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бойынша 3 миллион теңгеден шағын несие алып, әрқайсысы 20 бас ірі қара мал сатып алды. Сиырларды шаруашылықтарында қалдырып, бұқаларды бордақылап, жергілікті сауда орындарына тапсырады.

Республика бойынша 2016 жылы 55 мыңға жуық мал басына арналған 7 мыңнан астам шағын мал бордақылау алаңы қаржыландырылады деп күтілуде. Бұл мақсатта 10,9 млрд. теңге бағыттау жоспарланған. Оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында – 7,9 мың мал басына арналған 1000 отбасылық шағын алаң 3 млрд. теңгеге.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы – «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіретін мамандандырылған қаржы-несиелік ұйымы болып табылады. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар. Қордың негізгі міндеті – қаржылық қызметтер мен ресурстарға ауыл тұрғындарының қол жетімділігін арттыру.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus