Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін бюджеттік қаражатты басқару жөніндегі агенттің 2013 жылға арналған қызметіне ақы төлеу мөлшері туралы

Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін бюджеттік қаражатты басқару жөніндегі агенттің 2013 жылға арналған қызметіне ақы төлеу мөлшері туралы

Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін бюджеттік қаражатты басқару жөніндегі агенттің 2013 жылға арналған қызметіне ақы төлеу мөлшері туралы

 

«Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін бюджеттік қаражатты басқару жөніндегі агенттің 2013 жылға арналған қызметіне ақы төлеу 64 495 000 (алпыс төрт миллион төрт жүз тоқсан бес мың) теңге мөлшерінде бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен агент арасында жасалған шартқа сәйкес оны жасасқаннан кейін күнтізбелік он бес күн ішінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік қолдау үшін «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қаражат есебінен агенттің қызметіне ақы төлеуді жүзеге асырсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі                                                             С. Ахметов

 

 

 

 

«Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін бюджеттік қаражатты басқару жөніндегі агенттің 2013 жылға арналған қызметіне ақы төлеу мөлшері туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

Рет №

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиісті                                                              мәліметтер тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Әзірлеуші мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министірлігі  

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-бабының 4) тармақшасына сәйкес

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар Жобаны қабылдау, кері әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларды болдырмайды

4.

Жобаны іске асыруға байланысты қаржы шығындарының болжамы 103 «Өсімдік шаруашылығындағы сақтандыруды қолдау» кіші бюджеттік бағдарлама бойынша 2013-2015 жылдарға арналған республикалык бюджетте көзделген қаражат шегінде 64 495 000 (алпыс төрт миллион төрт жүз тоқсан бес мың) теңге сома

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары жағдайда күтілетін нәтижелердің, мерзім және болжанатын тиімділігі Қаулыны қабылдаудың мақсаты өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінген бюджет қаражатын басқару жөніндегі агенттің 2013 жылғы қызметіне ақы төлеу мөлшерін анықтау болып табылады.

Күтілетін нәтижелердің мерзімі – 2013 жыл

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/ немесе Үкіметтің кесімдері бұрын қабылданған және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау үшін бөлінетін ақшаны пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қарашадағы
№ 1133 қаулысы

7.

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі Қажет емес 

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама жасау (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) жүргізілген жағдайда оның нәтижелері Қажет емес 

9.

Өзге де мәліметтер Жоқ

10.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік жабдықтарына материалдарды (көшірмелер) беруге рұқсат етіледі.

11.

Жобаның интернет-ресурста орналастырылғаны туралы ақпарат Жобасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің    www.minagri.gov.kz ресми сайтында орналастырылған.

 

 

Қазақстан Республикасының

              Ауыл шаруашылығы

                          министрі                                                         А. Мамытбеков

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus