Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар ОҚО-да 10 сәуірде басталған «Уылдырық» жедел профилактикалық іс-шарасы 30 мамырға дейін жалғасады

ОҚО-да 10 сәуірде басталған «Уылдырық» жедел профилактикалық іс-шарасы 30 мамырға дейін жалғасады

Оңтүстік Қазақстан облысында заңсыз балық аулаудың 70-ке тарта дерегі анықталды.

Балық уылдырық шашатын кезеңде браконьерліктің жолын кесу, заңсыз балық аулауды болдырмауға бағытталған «Уылдырық» жедел алдын алу іс-шарасын өткізген тәртіп сақшылары кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Аталған шара барысында браконьерлікті болдырмау және балық ресурсын сақтау, сондай-ақ заңсыз балық аулау, сатып алу және тасымалдау деректерін анықтау мақсатында Жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полицелері су қоймалары аумағында мобильді топтар құрып, рейдтік шаралар жүргізді.
Онда заңсыз балық аулау жайттары бойынша 4 экологиялық қылмыс анықталды. Мәселен, Сарыағаш ауданында су қоймаларының маңында заңсыз электр аумен балық аулап жүрген 1984 жылы туылған жергілікті тұрғын ұсталды. Күдіктіден айғақты зат ретінде балық аулау құрылғыларын 8 кг балық және қайығы тәркіленді.
Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 355 бабымен қылмыстық іс қозғалып сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Табиғатты қорғау полицелері рейдтік шара барысында 65 әкімшілік құқықбұзушылық, сонымен қатар балық ресурстарын қорғау ережесін бұзғаны үшін 56 құқықбұзу жайттарын анықтап бір миллион тенге көлемінде айыппұл салды. Айта кетейік, өңірде 10 сәуірде басталған «Уылдырық» жедел профилактикалық іс-шарасы 30 мамырға дейін жалғасады.
Дерек көзі: inform.kz
ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика