Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Су шаруашылығы нысандарының су тасқыны кезеңіне дайындығы

Су шаруашылығы нысандарының су тасқыны кезеңіне дайындығы

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

Астана қаласы                                                                                                                         11.02.2016ж.

 

            Жыл сайын ақпан айынан бастап және маусым айына дейін, ауа райының жағдайына байланысты, Қазақстанның әр түрлі аймақтарында көктемгі су тасқыны қаупі болады. Сондықтан жыл сайын ҚР Президентінің 19.03.2004 жылғы №451 жарлығына сәйкес, қаңтар айынан бастап ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің аумақтық бөлімшелері, облыстық төтенше жағдайлар бойынша департаменттері мен жергілікті атқарушы органдар мүмкін болатын төтенше жағдайларға дайындық бойынша іс-шараларды бірлесіп  іске асырады.

         Осылайша, «Қазсушар» РМК облыстық филиалдары және ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің бассейндік инспекцияларымен 2016 жылдың тасқын су мезгілінде ТЖ алдын алу және жою бойынша комиссияларды құру жөнінде бұйрықтар бекітілген. Әр аймақ бойынша іс-шаралардың орындау мерзімдері келісілді, олар:

         – жағалауды бекіту жұмыстары үшін қорларды, соның ішінде ұсақталған тас, кесектас, ыдыс-қап, ЖЖМ және т.б. дайындау;

         – ТЖД бірлесіп су шаруашылығы объектілерінің механикалық жапқыштарының жұмыс істеу және суды апатсыз жіберу мүмкіндіктерін тексеруді өткізу;

         – ТЖК, «Қазгидромет» РМК, ҚР АШМ СРК, әкімдіктер құрылымдары арасында ақпарат алмасу мен үздіксіз байланыс жұмыстарын ұйымдастыру;

         – «Қазгидромет» РМК филиалдық желісімен бірлесіп қар жамылғысы деңгейінің көрсеткіштерін алу және ауа райы болжамының мәліметтері негізінде жібіген су мен т.б. жіберу үшін дайындық жұмыстарын жүзеге асыру.

         Күн сайын ҚР АШМ СРК су деңгейі және республиканың барлық су қоймаларының жұмыс режимін, сондай-ақ бассейндер бойынша негізгі су артериялары туралы ақпаратты талдайды.

         2015 жылдың көктемгі тасқын су мезгілінде алдын алу бойынша қабылданған іс-шараларға қарамастан Ақмола облысының инфрақұрылымына зиян келтірілді.

         Жауын-шашынның көп түсуіне және ауа райының күрт жылығанына байланысты Аршалы, Астрахан, Атбасар, Бұланды, Ерейментау, Қорғалжын, Целиноград және Шортанды аудандарында төтенше жағдай жарияланды. Нұра өзені бойынша тасқын су ағыны 2,5 млн.м3 құрады.

         Су тораптары мен жақын маңдағы елді мекендердің іргелес аумағын су басты, салдарынан Преображенск су торабының су қорғау аймағының тұтас қоршаулары бұзылды, жоғарғы және төменгі бъефтердегі жыртылған таспен бекітілген жағалауды қорғаныстары шайылып кетті, Нұра-Есіл бассейнаралық каналдың бас бөлігі бұзылды. Кең бидай су торабында тораптың төменгі бъефінде сол жағалау шайылып кетті, жоғарғы кернеулі электржеткізу желілері тіреуішінің шайылып кету қаупі төнді. Гидротехникалық құрылыстарға үлкен материалдық зиян келтірілді, олар 2015 жылдың аяғына дейін «Қазсушар» РМК Ақмола филиалының күшімен қалпына келтірілді.

         2015 жылдың тасқын суынан кейін гидротехникалық құрылыстар мен елді мекендердің инфрақұрылымын қалпына келтіру жұмыстары  Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында жүргізілді.

         Биыл осы аймақтарда тасқын су қаупі бар. Осылайша, «Қазгидромет» РМК СҚФ мәліметтері бойынша қаңтар айында СҚО қар жамылғысының биіктігі көпжылдық орташа көрсеткіштерден 1,5 есе артты, жеке айдындарда – 2 еседен артты. «Қазгидромет» РМК ауа райы болжамдарының мәліметтеріне сәйкес, ақпанда да жауын-шашынның үлкен нормалары күтілуде. Ал наурыз айының үшінші онкүндігінде температура 5-10 градус жылылықты көрсетеді деп болжануда. Аймақта 2015 жылдың тасқын су салдарынан 7 елді мекендегі 62 үйді және 150-ден астам саяжай учаскелерін су басты. 5 елді мекен аумағынан 286 адам және 750 бас жануар эвакуацияланды. Жібіген су тасқынына байланысты 27 автокөлік жолдары арқылы өзеннің арнасы асты. Гидротехникалық құрылыстарды қалпына келтіру жұмыстары да «Қазсушар» РМК күшімен өткізілді.

         Бүгінгі күні «Қазсушар» РМК балансындағы, сондай-ақ коммуналдық және жеке меншіктегі барлық су шаруашылығы құрылыстары тексерілді. Су шаруашылығы құрылыстарының меншік иелеріне тасқын су мезгілі басталғанға дейін олқылықтарды жою бойынша ұсыныстар берілді. Алайда күрделі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жасау үшін біршама қаржылық қаражатты қажет ететін су шаруашылығы құрылыстары ерекше алаңдатады.

 

ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің баспасөз қызметі

Тел.: 8-717-2-74-92-43

8-707-227-44-37

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved