Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды адамдардың тізбесін, нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 29 тамыздағы № 15-02/435 Бұйрығы

Нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды адамдардың тізбесін, нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 29 тамыздағы № 15-02/435 Бұйрығы

Источник: ИС ПАРАГРАФ, 24.05.2013 17:58:56

 

Нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды адамдардың тізбесін, нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 29 тамыздағы № 15-02/435 Бұйрығы

 

«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 11-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Төмендегі:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес, нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды адамдардың тізбесі;

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес нысанды киім (погонсыз) үлгілері;

3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру үлгілерінің Ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық және Астана, Алматы қалаларының аумақтық инспекция басшылары өсімдіктер карантині саласында мемлекеттік қадағалауды тікелей жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың нысанды киімдерін (погонсыз) сатып алуды республикалық бюджетпен қарастырылып бөлінген қаржының шегінде қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (Хасенов С.С.) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

А. Мамытбеков

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2012 жылғы 29 тамыздағы

№ 15-02/435 бұйрығына

1-қосымша

Нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды тұлғалардың

тізбесі

 

1. Тиісті облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өсімдіктер карантині жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары.

2. Өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті органның ведомствасының облыстық, қалалық, аудандық аумақтық инспекциялары мен фитосанитариялық бақылау бекеттерінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары.

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2012 жылғы 29 тамыздағы

№ 15-02/435 бұйрығына

2-қосымша

1. Нысанды киім (погонсыз)

үлгілері

 

1. Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды тікелей жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларды нысанды (погонсыз) киіммен (бұдан әрі – нысанды киім) қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 қазандағы № 1142 қаулысымен бекітілген өсімдіктер карантині саласында мемлекеттік қадағалауды тікелей жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларды нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларының негізінде жүзеге асырылады.

2. Нысанды киімдер өлшемге сәйкес дайын түрде беріледі.

3. Барлық бөлшектердің өлшемдері миллиметрмен (бұдан әрі – мм) көрсетіледі.

2. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың ерлерге арналған нысанды

 киімдерінің (погонсыз) сипаттамасы

 

4. Ерлердің нысанды киімдерінің жинағына (1-сурет):

1) қара-көк түсті нысанды фуражка;

2) қой терісінен тігілген қысқы құлақшын;

3) күнделікті киетін шалбары бар қара-көк түсті китель;

4) былғары белбеу;

5) ақ түсті және ақшылт-көк түсті қысқа немесе ұзын жеңді жейде;

6) галстук;

7) галстукке арналған қысқыш;

8) күнделікті күрте;

9) маусымдық күрте;

10) шарф;

11) қара түсті былғары туфли;

12) қара түсті қысқа қонышты былғары бәтеңке;

13) ұзын қонышты былғары жылы бәтеңке;

14) қой терісінен тігілген қысқа тон;

15) халат кіреді.

1-сурет

3. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының ерлерге арналған нысанды

киім (погонсыз) үлгілері

Ескерту: a – күнделікті нысанды киім; б – күнделікті нысанды киім; в – күнделікті жазғы нысанды киім

5. Күнделікті фуражка қара-көк түсті жартылай жүн матадан жасалады. Сопақша түбі және дөңгелек қабырғасы, қара-көк түсті шұға немесе барқытты шеңбері мен күнқағардан тұрады. Түбінің шетінен шеңбердің жоғары жағына дейінгі алдыңғы жағы 70 мм. Түбінің шетінен шеңбердің шетіне дейінгі бүйір және артқы жағы 40 мм. Түбінің шеті және киетін шеңберінің жоғарғы жиегі бойымен ені 2,5 мм көгілдір түсті жиек салынған. Қалқанша ортасының үстіне қалқанға кокарда бекітіледі. Күнқағар үстіңгі жағынан лакталған қара терімен, ал төменгі жағынан қара түсті жұмсақ терімен немесе жүннен тоқылған матамен қапталған. Күнқағардың үстіңгі жағында, киетін шеңберіне диаметрі 14 мм екі нысанды түймелермен ілінеді, алтын түсті тоқылған филигран бауы тағылады.

6. Құлақшын ашық сұр түсті цигейкадан тігіледі. Құлақшынның ортасында кокарда орналасады.

7. Күнделікті ашық китель қара-көк түсті жартылай жүн матадан жасалады. Астарында лацканның қайырылғанына дейін түймеленетін диаметрі 24 мм ұзартылған төрт нысанды түймеге түймеленетін жартылай қынамалы пішінді, бір өңірлі. Жағасы мен лацканы қайырылған. Жағасының шетіне ені 2,5 мм көгілдір түсті жиек салынған. Жағаның екі жағында тігілетін ілмек бар. Жеңі жапсыра тігілген, қос тігісті, шлицтің шынтақтағы тігісінде диаметрі 14 мм екі нысанды түймелер бар. Сол жақ жеңінде өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының жеңге тігілетін белгісі тігілген. Арқа тұсының ортаңғы тігісі шлицамен бітеді, таяқшалары бүйірінің жырығымен және белі бойынша алдыңғы қырнаумен, бүйірінде клапанды тілік қалталары және кеуденің сол жағында тілінген омырау жапырақ қалталары бар.

8. Күнделікті тік пішінді шалбар қара-көк түсті жүн аралас матадан астарымен тігіледі. Екі жақ сыртқы тігісінің бойымен ені 2,5 мм көгілдір түсті жиек салынған. Шалбардың артқы жақ бөліктерінде бүрме тігістер салынған, ал оң жақ бөлігіне ойылып салынған рамкалы қалта тігіледі, ол күрмек ілгекпен бір түймемен түймеленеді. Шалбардың алдыңғы жақ бөліктеріне екі жан қалта тігіледі. Шалбардың алды сыдырма ілгекпен түймеленеді. Белі сырылып тігілген, түймемен түймеленеді. Қайылған тігістерінің ені 10 мм. Әрленген тігістерінің ені 2 мм.

9. Былғарыдан жасалған қара түсті белбеу.

10. Ұзын жеңді жейде ақ түсті мақтадан тоқылған матадан тігіледі. Жейде тік пішінді, орталық өңірден түймелермен түймеленеді және клапанды екі жапсырма төс қалтасы бар. Жейденің төменгі жағында белі сырылып тігілген, екі жақ бүйір тігістері екі түймемен түймеленеді. Қондырмалы қайырма жағалы, тіктеп жалғанған. Жеңі жапсыра тігілген, қос тігісті, шынтақ тігістері шлицамен өңделген, жеңінің төменгі жағына түймелермен түймеленетін манжеталар жалғана тігілген. Арқасында жалғана тігілген қос қабатты иініші бар, тігілген тігіс бойымен екі жерден қаусырылған.

11. Ұзын жеңді жейде ақшылт-көк түсті полиэстердің үйлесуімен мақтадан тоқылған матадан тігіледі. Жейде тік пішінді, орталық өңірден түймелермен түймеленеді және клапанды екі жапсырма төс қалтасы бар. Жейденің төменгі жағында белі сырылып тігілген, екі жақ бүйір тігістері екі түймемен түймеленеді. Қондырмалы қайырма жағалы, тіктеп жалғанған. Жеңі жапсыра тігілген, қос тігісті, шынтақ тігістері шлицамен өңделген, жеңінің төменгі жағына түймелермен түймеленетін манжеталар жалғана тігілген. Арқасында жалғана тігілген қос қабатты иініші бар, тігілген тігіс бойымен екі жерден қаусырылған.

12. Қысқа жеңді жейде ақ түсті мақтадан тоқылған матадан тігіледі. Жейде тік пішінді, орталық өңірден түймелермен түймеленеді және клапанды екі жапсырма төс қалтасы бар. Жейденің төменгі жағында белі сырылып тігілген, екі жақ бүйір тігістері екі түймемен түймеленеді. Қондырмалы қайырма жағалы, лацканы бар, тіктеп жалғанған. Жеңі қысқа, сырылған қос тігісті, жеңінің төменгі жағына имитациялы манжеталар салынған. Сол жақ жеңінде өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының жеңге тігілетін белгісі тігілген. Арқасында жалғана тігілген қос қабатты иініші бар, тігілген тігіс бойымен екі жерден қаусырылған.

13. Қысқа жеңді жейде ақшылт-көк түсті полиэстердің үйлесуімен мақтадан тоқылған матадан тігіледі. Жейде тік пішінді, орталық өңірден түймелермен түймеленеді және клапанды екі жапсырма төс қалтасы бар. Жейденің төменгі жағында белі сырылып тігілген, екі жақ бүйір тігістері екі түймемен түймеленеді. Қондырмалы қайырма жағалы, лацканы бар, тіктеп жалғанған. Жеңі қысқа, сырылған қос тігісті, жеңінің төменгі жағына имитациялы манжеталар салынған. Сол жақ жеңінде өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының жеңге тігілетін белгісі тігілген. Арқасында жалғана тігілген қос қабатты иініші бар, тігілген тігіс бойымен екі жерден қаусырылған.

14. Галстук қара-көк түсті матадан тігілген және созылған трапеция түрінде негізгі бөлігі тік бұрыш болып аяқталады.

15. Стандартты галстукке арналған қысқыш, сары алтын түсті бүтін металл қорытындысынан жасалады.

16. Күнделікті күрте қара-көк түсті жартылай жүнді матадан тігіледі. Күрте тік пішінді өңірі сыдырмалы ілгекпен түймеленеді. Бүйірлері жалғап тігілген иінішті, жалғап тігілген жерінде жапсырылып салынған клапанды төс қалталар мен ойылып салынған рамкалы екі жан қалтасы бар, олар сыдырмалы ілгекпен түймеленеді. Арқасында жалғап тігілген иініші және иініш жапсырылған тігіс бойымен екі жерден қаусырылған. Жағасы қайырылған. Жағаның екі жағында тігілетін ілмек бар. Жеңі қос тігісті, жапсыра тігілген манжеталары және шынтақ тігісінде тілігі бар. Сол жақ жеңінде өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының жеңге тігілетін белгісі тігілген. Күртенің төменгі жағында екі бүйірі жалғап тігілген, төрт қатар резинкамен тартылған болады. Манжеталары диаметрі 14 мм нысанды екі, ал клапандары бір түймемен түймеленеді.

17. Маусымдық, тік пішінді, қысқартылған күрте қара-көк түсті жартылай жүнді матадан алынатын жылы астармен тігіледі және өңірі сыдырмалы ілгекпен түймеленеді. Бүйірлерінде жапырақ тәріздес ойылып салынған қалталары бар. Арқасында жалғап тігілген екі жалғап тігілген иінішті және ортаңғы тігісі бар. Жеңі жапсыра тігілген, қос тігісті, жеңнің төменгі жағында белдікше тігіледі, оның бос ұшы диаметрі 24 мм нысанды түймеге түймеленеді. Сол жақ жеңінде өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының жеңге тігілетін белгісі тігілген. Жағасы қондырмалы, қайырмалы, ашық сұр түсті алмалы цигейкасымен және классикалық ағылшын үлгісіндегі лацканымен. Астары сырылып тігілген.

18. Шарф ашық сұр түсті жүннен жасалады.

19. Туфли қара түсті былғарыдан жасалады.

20. Қысқа қонышты бәтеңке қара түсті былғарыдан жасалады.

21. Қара түсті, табаны қалың ұзын қонышты былғары жылы бәтеңке.

22. Қысқа тон тік пішінді, жылы қой терісінен жасалады, қара түсті жібек матамен қапталып жасалған. Бүйірлерінде жапырақ тәріздес ойылып салынған қалталары бар. Жеңдері қос тігісті қайырмаларымен. Сол жақ жеңінде өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының жеңге тігілетін белгісі тігілген. Жағасы қос тігісті, қайырма, қара түсті қой терісінен дайындалған.

23. Халат ақ немесе қара-көк түсті қағаз мақта матасынан дайындалады. Тік пішінді, төрт түймеге түймеленген, жағасы қайырылған, бүйірінде клапанды тілік қалталары бар. Арқа тұсының ортаңғы тігісі шлицамен бітеді.

4. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың әйелдерге арналған нысанды

киімдерінің (погонсыз) сипаттамасы

 

24. Әйелдердің нысанды киімдерінің жинағына (2-сурет):

1) қара-көк түсті жазғы берет;

2) қой терісінен тігілген қысқы құлақшын;

3) күнделікті киетін шалбары бар қара-көк түсті китель;

4) қара-көк түсті юбка;

5) былғары белбеу;

6) ақ түсті және ақшылт-көк түсті қысқа немесе ұзын жеңді жейде;

7) галстук;

8) галстукке арналған қысқыш;

9) маусымдық күрте;

10) плащ-пальто;

11) шарф;

12) қара түсті былғары туфли;

13) қара түсті қысқа қонышты былғары етік;

14) қара түсті жылы былғары етік;

15) қой терісінен тігілген қысқа тон;

16) халат кіреді.

2-сурет

5. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының әйелдерге арналған нысанды

киім (погонсыз) үлгілері

Ескерту: a – күнделікті нысанды киім; б – күнделікті нысанды киім; в – күнделікті жазғы нысанды киім

25. Берет астарымен қара-көк түсті жүннен тоқылған матадан тігіледі. Береттің асты ені 50 мм қара-көк түсті трикотаж матасынан тігіледі. Береттің алдындағы ортасына кокарда тағылады.

26. Құлақшын ашық сұр түсті цигейкадан жасалады. Құлақшынның ортасында кокарда орналасады.

27. Күнделікті китель қара-көк түсті жартылай жүн матадан жасалады. Китель жартылай қынамалы пішінді, бір жаққа ілме өңірлі, астары бар, ұзартылған, лацканның бүгілетін жеріне дейін диаметрі 24 мм төрт нысанды түймелермен түймеленеді. Жағасы мен лацкандары қайырмалы. Жағасының шетіне ені 2,5 мм көгілдір түсті жиек салынған. Жағаның екі жағында тігілетін ілмек бар. Жеңі жапсыра тігілген, қос тігісті, шлицтің шынтақтағы тігісінде диаметрі 14 мм үш нысанды түймелер бар. Сол жақ жеңінде өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының жеңге тігілетін белгісі тігілген. Арқа тұсының ортаңғы тігісі бар, клапандары бар жанындағы көлденең ойылған қалталарымен бүйірлерінде қапталдық өңірлік тігістер салынған.

28. Күнделікті тік пішінді шалбар қара-көк түсті жүн аралас матадан астарымен тігіледі. Екі жақ сыртқы тігісінің бойымен ені 2,5 мм көгілдір түсті жиек салынған. Шалбардың артқы жақ бөліктерінде бүрме тігістер салынған, ал оң жақ бөлігіне ойылып салынған қалта тігіледі, ол күрмек ілгекпен бір түймемен түймеленеді. Шалбардың алдыңғы жақ бөліктеріне екі жан қалта тігіледі. Шалбардың алды сыдырма ілгекпен түймеленеді. Белі сырылып тігілген, түймемен түймеленеді. Қайылған тігістерінің ені 10 мм. Әрленген тігістерінің ені 2 мм.

29. Юбка тік пішінді, қара-көк түсті, жүн аралас матадан тігіледі, астарымен ұзындығы тізенің ортасына дейін келеді. Юбканың артқы және алдыңғы жақтарындағы тігістер сырмаланып өңделген. Юбканың ортаңғы және сол жақ тігісінің арасындағы алдыңғы сол жақ тігісіне төменнен жоғары қарай ені 2,5 мм көгілдір түсті жиек салынған. Юбканың артқы жағының ортаңғы тігісі шлицаға ұласады. Артқы жағының орталық тігісіне сыдырма ілгек салынған. Белі сырылып тігілген, түймемен түймеленеді. Қайылған тігістерінің ені 10 мм. Әрленген тігістерінің ені 2 мм.

30. Былғарыдан жасалған қара түсті белбеу.

31. Қысқа жеңді әйел жейдесі ақ түсті мақтадан тоқылған матадан тігіледі. Жейде тік пішінді, орталық өңірден түймелермен түймеленеді және клапанды екі жапсырма төс қалтасы бар. Жейденің төменгі жағында белі сырылып тігілген, екі жақ бүйір тігістері екі түймемен түймеленеді. Қондырмалы қайырма жағалы, лацканы бар, тіктеп жалғанған. Жеңі қысқа, сырылған қос тігісті, жеңінің төменгі жағына имитациялы манжеталар салынған. Сол жақ жеңінде өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының жеңге тігілетін белгісі тігілген. Арқасында жалғана тігілген қос қабатты иініші бар, тігілген тігіс бойымен екі жерден қаусырылған.

32. Қысқа жеңді әйел жейдесі ақшылт-көк түсті полиэстердің үйлесуімен мақтадан тоқылған матадан тігіледі. Жейде тік пішінді, орталық өңірден түймелермен түймеленеді және клапанды екі жапсырма төс қалтасы бар. Жейденің төменгі жағында белі сырылып тігілген, екі жақ бүйір тігістері екі түймемен түймеленеді. Қондырмалы қайырма жағалы, лацканы бар, тіктеп жалғанған. Жеңі қысқа, сырылған қос тігісті, жеңінің төменгі жағына имитациялы манжеталар салынған. Сол жақ жеңінде өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының жеңге тігілетін белгісі тігілген. Арқасында жалғана тігілген қос қабатты иініші бар, тігілген тігіс бойымен екі жерден қаусырылған.

33. Ұзын жеңді әйел жейдесі ақ түсті мақтадан тоқылған матадан тігіледі. Жейде тік пішінді, орталық өңірден түймелермен түймеленеді және клапанды екі жапсырма төс қалтасы бар. Жейденің төменгі жағында белі сырылып тігілген, екі жақ бүйір тігістері екі түймемен түймеленеді. Қондырмалы қайырма жағалы, тіктеп жалғанған. Жеңі жапсыра тігілген, қос тігісті, шынтақ тігістері шлицамен өңделген, жеңінің төменгі жағына түймелермен түймеленетін манжеталар жалғана тігілген. Арқасында жалғана тігілген қос қабатты иініші бар, тігілген тігіс бойымен екі жерден қаусырылған.

34. Ұзын жеңді әйел жейдесі ақшылт-көк түсті полиэстердің үйлесуімен мақтадан тоқылған матадан тігіледі. Жейде тік пішінді, орталық өңірден түймелермен түймеленеді және клапанды екі жапсырма төс қалтасы бар. Жейденің төменгі жағында белі сырылып тігілген, екі жақ бүйір тігістері екі түймемен түймеленеді. Қондырмалы қайырма жағалы, тіктеп жалғанған. Жеңі жапсыра тігілген, қос тігісті, шынтақ тігістері шлицамен өңделген, жеңінің төменгі жағына түймелермен түймеленетін манжеталар жалғана тігілген. Арқасында жалғана тігілген қос қабатты иініші бар, тігілген тігіс бойымен екі жерден қаусырылған.

35. Галстук қара-көк түсті тығыздау матадан тігіледі және созылған трапеция тәрізді, негізгі бөлігі тік бұрыш болып аяқталады.

36. Стандартты, галстукке арналған қысқыш, сары алтын түсті бүтін металл қорытындысынан жасалады.

37. Маусымдық, тік пішінді, қысқартылған күрте қара-көк түсті жартылай жүнді матадан алмалы жылы астармен тігіледі және өңірі сыдырмалы ілгекпен түймеленеді. Бүйірлерінде жапырақ тәріздес ойылып салынған қалталары бар. Арқасында жалғап тігілген екі жалғап тігілген иінішті және ортаңғы тігісі бар. Жеңі жапсыра тігілген, қос тігісті, жеңнің төменгі жағында белдікше тігіледі, оның бос ұшы диаметрі 24 мм нысанды түймеге түймеленеді. Сол жақ жеңінде өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының жеңге тігілетін белгісі тігілген. Жағасы қондырмалы, қайырмалы, ашық сұр түсті алмалы цигейкасымен және классикалық ағылшын үлгісіндегі лацканымен. Астары сырылып тігілген.

38. Әйелдер киетін плащ-пальто, жартылай қынамалы пішінді қара-көк түсті суға төзімді плащтық матадан жасалады, алынатын жылы астармен тігіледі және өңірі сыдырмалы ілгекпен түймеленеді (3-сурет). Бүйірлерінде жапырақ тәріздес ойылып салынған қалталары бар. Арқасының ортасында шлицамен аяқталатын тігіс бар. Жеңі жапсыра тігілген, қос тігісті, жеңнің төменгі жағында белдікше тігіледі, оның бос ұшы диаметрі 24 мм нысанды түймеге түймеленеді. Сол жақ жеңінде өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының жеңге тігілетін белгісі тігілген. Тоғалы алмалы белдігі бар. Жағасы қондырмалы, қайырмалы, ашық сұр түсті алмалы цигейкасымен және классикалық ағылшын үлгісіндегі лацканымен. Астары сырылып тігілген, төменгі жағы ашық.

3-сурет

6. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының
әйелдерге арналған нысанды киім (погонсыз) үлгілері

39. Шарф ашық сұр түсті жүннен жасалады.

40. Қара түсті өкшесі биік емес былғары туфли.

41. Қара түсті өкшесі биік емес қысқа қонышты былғары етік.

42. Қара түсті табаны қалың жылы былғары етік.

43. Қысқа тон тік пішінді, жылы қой терісінен жасалады, қара түсті жібек матамен қапталып жасалған. Бүйірлерінде жапырақ тәріздес ойылып салынған қалталары бар. Жеңдері қос тігісті қайырмаларымен. Сол жақ жеңінде өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының жеңге тігілетін белгісі тігілген. Жағасы қос тігісті, қайырма, қара түсті қой терісінен дайындалған.

44. Ақ немесе қара-көк түсті халат қағаз мақта матасынан дайындалады. Тік пішінді, төрт түймеге түймеленген, жағасы қайырылған, бүйірінде клапанды тілік қалталары бар. Арқа тұсының ортаңғы тігісі шлицамен бітеді.

4-сурет

7. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының
нысанды киім (погонсыз) үлгілері

а

б           в

Ескерту: a – қой терісінен дайындалған қысқа тон; б – былғары етік; в – бәтеңке; г – халат.

5-сурет


8. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының
арнайы үлгідегі жеңге тігілетін белгісі

6-сурет


9. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының
арнайы үлгідегі түймесі

Диаметр:

7-сурет


10. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының
арнайы үлгідегі бас киімінің кокардасы

8-сурет


11. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының
нөмірлік төс белгісінің (жетон) үлгісі

9-сурет


12. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының
арнайы үлгідегі тігілетін ілмек үлгісі

13. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларының
белгілеу жүйесінің сипаттамасы

 

45. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларының белгілік жүйесіне:

1) сопақ пішінді жеңге тігілетін белгі (сурет);

2) стандартты алтын түсті үлкен (кішкентай) металл түйме (сурет);

3) қысқы бас киімге, фуражкаға, беретке тағатын кокарда (сурет);

4) нөмірлік төс белгі-жетон (сурет);

5) алтын түсті тігілетін ілмек кіреді (сурет).

46. Сопақ пішінді жеңге тігілетін белгі, өлшемі 100×80 мм, белгінің ортасында көгілдір фонда жылан оратылған бидай масағы бейнеленген, жоғары жағында «ӨСІМДІКТЕР», төменгі жағында «КАРАНТИНІ» деген жазумен өрнектелген. Белгінің ішкі беті өрілген масақтармен, сыртқы беті алтын түспен көмкеріліп жиектелген. Белгідегі жазулар мен бейнелер алтын түсті тоқыма тәсілімен жазылады.

Жең белгісінің жиектері ашық-сұр түсті тігіспен жиектелген. Жең белгісі сол қол жеңінің сырт жағына, сыртқы киім жеңінің жоғарыдан 120 мм аралығына тігіледі.

47. Түймелер домалақ формалы, ілмешегі бар, көлемі 24 мм (кительге) және 14 мм (кительдің жеңіне), алтын түсті металл ерітіндісінен жасалған, Қазақстан Республикасының Елтаңбасы рельефтік бейнесі бейнеленген.

48. Бас киімнің кокардасы сары алтын түсті бүтін металл қорытпасынан жасалған, ортасында көгілдір фонда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген, төменгі жағында және симметриялы түрде екі жағынан масақтармен жиектелген. Кокарданың көмкерілген жиектерінің өлшемдері биіктігі бойынша 40 мм, ені бойынша 70 мм. Сыртқы жағында екі металдан жасалған аяқтар дәнекерленген. Кокарда бас киімнің алдыңғы жағында ортасына бекітіледі.

49. Сопақ пішінді нөмірлік төс белгі алтын түсті бүтін металл қорытындысынан жасалған. Төменгі жағы лентамен, жоғарғы жағында Қазақстан Республикасының Елтаңбасымен (екі жағынан жиектелген) жиектелген қалқан тәріздес эмблеманы құрайды, қалқанның ортасында жалпы қою қызыл фонда көгілдір түсті Қазақстан Республикасының аумағы контурында жылан оратылған бидай масағы, жоғары жағында «ӨСІМДІКТЕР КАРАНТИНІ» деген қазақ тіліндегі қызметтің атауы бейнеленген. Белгідегі жазулар мен бейнелер алтын түсті болып келеді.

Эмблеманың астында жетонның төменгі жағында жиектелген лентаның ортасында үш таңбалы сандық нөмір бар. Жетонның сырт жағына реттік нөмірі енгізілген, оның алдында «ӨК» әріптері орналасқан. Кеуде белгісінің ілмешегі әр түрлі нұсқаларда жасалады.

50. Тігілетін алтын түсті ілмек, жылан оратылған бидай масағы эмблемасын бейнелейді және жекелей эмблеманың астында көмкерілген.

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2012 жылғы 29 тамыздағы

№ 15-02/435 бұйрығына

3-қосымша

Нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру туралы

ережесі

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы, нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру Ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 11-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды тікелей жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру тәртібін реттейді.

2. Осы, Ережеде пайдаланылатын негізгі түсініктер мен анықтамалар:

1) нысанды киім – өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды тікелей жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың қызметтік киімі;

2) лауазымды тұлға – тиісті облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өсімдіктер карантині жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары, Өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті органның ведомствасының облыстық, қалалық, аудандық аумақтық инспекциялары мен фитосанитариялық бақылау бекеттерінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары.

3. Нысанды киім ерлерге және әйелдерге арналған болып бөлінеді.

4. Қызметтік міндеттерді орындау кезінде нысанды киімді киіп жүру міндетті.

5. Нысанды киімді және оның заттарын киіп жүру мерзімдері оның берілген күнінен бастап саналады.

6. Нысанды киіммен қамтамасыз ету мемлекеттік бақылауды және қадағалауды тікелей жүзеге асыратын өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті органның ведомствасының есебінен жасалады.

7. Лауазымды адамға берілетін нысанды киім мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті органның ведомствасының меншігі болып табылады және босату кезінде қайтарылуға тиіс.

8. Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының нөмірлі кеуде белгісі (жетон), өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының жеке нөмірі бар кеуде белгісі ретінде арнайы нысанды киімге тағып жүруге арналады.

Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының жеке нөмірі үш белгілік цифрлы нөмірден тұрады.

Тиісті облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өсімдіктер карантині жөніндегі бас мемлекеттік инспекторларына, облыстық, қалалық, аудандық аумақтық инспекциялары мен фитосанитариялық бақылау бекеттерінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларына жеке нөмір Өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті органның ведомствасының бұйрығымен беріледі.

2. Нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру тәртібі

 

9. Күнделікті нысанды киім өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларымен қызметтік міндеттерін орындау кезінде, карантинге жатқызылған өнімді тексеру барысында киюге жатады.

10. Нысанды киімнің барлық заттары тазартылған және үтіктелген болуы тиіс. Кительдің, сыртқы жейде қалталарының қақпалары сыртқа шығарылған болуы керек.

11. Теріден жасалған құлақшын бөрік, фуражка, берет төменгі жиегі қастың үстінен бір-екі елі биіктікте, күн қағар қастың деңгейінде киілуі керек. Кокарданың ортасы қастың ортасына келуі керек. Теріден жасалған құлақшын, фуражка қисайтылмай тік киіледі. Берет оң жаққа сәл қисайтыла киіледі.

12. Плащ белдігі салынып киіледі. Еденнен плащтың етегіне дейінгі қашықтық 42-45 сантиметр (бұдан әрі – см.).

13. Китель барлық түймелеріне салынады.

14. Күртенің сыдырма ілмегін кеуде қалталарының деңгейіне дейін ағытып киеді.

15. Китель киілген кезде ғана жейдені галстукпен киеді.

16. Галстук үстіңгі үшінші және төртінші түйменің арасында жарғылық үлгідегі қысқышпен жейденің үстінен бекітіледі.

17. Аяқ киім тазаланған болуы тиіс. Бәтеңке жинақы бауланған.

18. Шарф пальтоның (плащтың) жағасының астына жинақы түрде салынады. Шарфтың жоғарғы шеті жағаның астынан біркелкі 1-2 см. шығып тұруы тиіс.

19. Пальто, плащ барлық түймелеріне салынады.

20. 1) жазғы қызметтік киім киген кезде жейделерді кительсіз галстукпен, ал үй-жай ішінде жылдың әрбір уақытында;

2) галстуксыз, кительсіз үстіңгі түймесін ағытып, қысқа жеңді жейдемен киюге рұқсат етіледі.

21. Нөмірлі кеуде белгісі (жетон), кителдің алдыңғы өңірлі жақтауының сол жағына (немесе күнделікті куртканың қалтасының үстінде) орналасады. Нөмірлі кеуде белгісін (жетонды) қысқы нысанды киім кигенде плащта (пальтода), ал жазғы нысанды киім кигенде жейделерде тағып жүруге рұқсат етіледі.

Пікір қалдыруға болмайды

Система Orphus