Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет НҚА Фитосанитариялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерiстер енгізу туралы

Фитосанитариялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерiстер енгізу туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) «Пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
2) «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында орнын ауыстыруға карантиндiк сертификат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
3) «Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
4) «Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 қазандағы № 1730 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 47-48, 445-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi ережеде:
2-тармағының бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«карантинге жатқызылған өнімнің фитосанитарлық сараптамасы – карантиндік объектілерді, бөтен текті түрлерді және басқа зиянды организмдерді анықтау мақсатында карантинге жатқызылған өнім легінен іріктелген үлгілерді зерттеу және олардың түрлік құрамын айқындау»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық сертификат алу үшiн уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiм бередi. Өтінім www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы және www.elicеnse.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы өтінім берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық сұрау салу түрінде ұсынылуы мүмкін.»;
29-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Фитосанитариялық сертификатты карантинге жатқызылған өнімді тексеру актісі негізінде карантинге жатқызылған өнімді зерттеген өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор береді және өз қолы мен белгіленген үлгідегі мөрмен (мөртабанмен) растайды. Карантиндік аймақтардан карантинге жатқызылған өнімді әкеткен жағдайда – карантиндік аймақ оның түрі бойынша белгіленетін карантиндік объектінің болмауын растайтын карантинге жатқызылған өнімнің фитосанитариялық сараптамасының негізінде.
Фитосанитариялық сертификат карантинге жатқызылған өнімнің әрбір легіне беріледі және оның карантиндік жай-күйін куәландыруға, жүргізілген залалсыздандыру, осы өнімді жеткізу жөніндегі басқа қосымша карантиндік талаптардың орындалғаны туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.»;
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«33. Карантиндiк сертификат алу үшiн жеке және заңды тұлғалар уәкiлеттi органға осы Ережеге 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiм бередi немесе «электрондық үкімет» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы және «Е-лицензиялау» www.elicеnse.kz веб-порталы арқылы өтінім берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық сұрау түрінде береді, сондай-ақ карантиндік жай-күйін айқындау үшін карантинге жатқызылған өнімді өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторға ұсынады.
Карантиндік сертификатты карантинге жатқызылған өнімді тексеру актісі негізінде карантинге жатқызылған өнімді зерттеген өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор береді және өз қолы мен белгіленген үлгідегі мөрмен (мөртабанмен) растайды. Карантиндік аймақтардан карантинге жатқызылған өнімді әкеткен жағдайда – карантиндік аймақ оның түрі бойынша белгіленетін карантиндік объектінің болмауын растайтын карантинге жатқызылған өнімнің фитосанитариялық сараптамасының негізінде. Карантиндік сертификат карантинге жатқызылған өнімнің әрбір легіне беріледі және оның карантиндік жай-күйін куәландыруы, онда осы өнімді жеткізу жөніндегі қосымша карантиндік талаптардың орындалғаны туралы мәліметтер болуы тиіс.
Карантиндік сертификат немесе оны беруден дәлелді бас тарту оны алуға өтінім берілген күнінен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ресімделеді.»;
көрсетілген Ережеге 8 және 10-қосымшалар осы қаулыға 1 және
2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2) «Пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу, өндірістік сынақтарын жүргiзу және мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1396 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 4, 81-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу, өндірістік сынақтарын жүргiзу және мемлекеттiк тiркеу қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Орындаушы ұйымдардың тізбесін мемлекеттік емес ғылыми ұйымдар тізбесінің және белгіленген тәртіппен аккредиттелген ұйымдар зертханалары тізбесінің, сондай-ақ орындаушы ұйымдардан жыл сайын 1 ақпанға дейін берілген өтінім хаттардың негізінде ведомство қалыптастырады.»;
39-тармақта:
16), 17) тармақшалар алынып тасталсын;
19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«19) пестицидтi (улы химикатты) өндірушіге берілген пестицид (улы химикат) пен оның әрекет етуші заттарын өндіруге (формуляциялауға) рұқсатты растайтын құжат (шетелдік пестицид (улы химикат) өндірушілер үшін белгіленген тәртіппен заңдастырылған, отандық пестицид (улы химикат) өндірушілер үшін салыстырып тексеру үшін түпнұсқа болмаған жағдайда нотариалды куәландырылған көшірмесі);»;
40-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«40. Орындаушы ұйымдардағы, сондай-ақ оларды қарауға қатысатын мемлекеттік мекемелердегі пестицидтерге (улы химикаттарға) барлық тіркеу материалдары жариялауға жатпайды. Ведомство Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркелушi (өтінім беруші) ұсынған тіркеу материалдарының, сондай-ақ пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу және өндiрiстiк сынақтарды жүргiзуге өтінімдердің құпиялығын қамтамасыз ететін жағдайлар жасайды»;
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«41. Ведомство пестицидке (улы химикатқа) тіркеу материалдарын қарайды және тіркеу дерекнамасы ұсынылған күнінен бастап 22 (жиырма екі) жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды.
Осы мерзім ішінде Ведомство қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарға пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеу мүмкіндігі туралы сұранымды келісу үшін жібереді, олар 10 (он) жұмыс күні ішінде Ведомствоға пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуге келісу немесе одан бас тарту туралы жауап жолдайды. Мемлекеттік органдар белгіленген мерзімдерде жауап ұсынбаған жағдайда пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеу келісілді деп есептеледі.»;
42-тармақтың екінші бөлігі алынып тасталсын;
49-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның келісуден дәлелді бас тартуының болуы;»;
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«50. Пестицидтердi (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу:
1) пестицидтiң (улы химикаттың) физикалық-химиялық, токсикологиялық және басқа да сипаттамаларының мемлекеттік тіркеу кезіндегі тіркеу материалдарында мәлімделгенге сәйкес келмеуі анықталса;
2) тіркеу дерекнамасының материалдары осы Қағидалардың
39-тармағында жазылған талаптарға сәйкес келмесе, тоқтатыла тұрады.
Мемлекеттік тіркеуді тоқтата тұру туралы шешім қабылданғаннан кейін Ведомство тiркелушiге (өтінім берушіге) анықталған сәйкессіздік және хабарланған күнінен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде тіркеу материалдарын ауыстыру немесе жаңа деректермен толықтыру қажеттігі туралы хабарлама жолдайды.
Тiркелушi (өтінім беруші) тіркеу материалдарын ауыстыруды немесе толықтыруды жүргізген жағдайда Ведомство тіркеу материалдары ұсынылған сәттен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде олардың осы Қағидалардың
39-тармағына сәйкес талаптарға сәйкестігін қарайды және пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуді қайта бастау немесе оны мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдайды.
Тiркелушi (өтінім беруші) хабарланған күнінен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде тіркеу материалдарын ауыстыруды немесе толықтыруды жүргізбеген жағдайда, Ведомство пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеуді мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдайды.»;
53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«53. Ведомство бұйрық шыққаннан кейін 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде тiркелушiге (өтінім берушіге) пестицидті (улы химикатты) мемлекеттік тіркеудің қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтату туралы жазбаша нысанда хабарлайды. Тiркелушi (өтінім беруші) жазбаша хабарлама алған сәттен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде Ведомствоға тіркеу куәлігін қайтарады.»;
58-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«58. Қайта тiркеуге өтiнiм мен тиісті құжаттар мемлекеттік тiркеу мерзiмiнің аяқталуына дейін 40 (қырық) жұмыс күні бұрын беріледi»;
62-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама қоса беріледі.».
3. Мыналардың:
1) «Фитосанитариялық қауіпсіздік және тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 485 қаулысының 1-тармағының 1), 2) және
3)- тармақшаларының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 37,
451-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 305 қаулысының 8-тармағының 1)-тармақшасының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 35, 472-құжат);
3) «Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы және “Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 қаулысының 1-тармағының 10), 11) және 12)-тармақшаларының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 973-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Cалыстырмалы кесте

1-қосымша

1-1 қосымша

1-2 қосымша

1-3 қосымша

1-4 қосымша

1-5 қосымша

2-қосымша

2-1 қосымша

2-2 қосымша

2-3 қосымша

2-4 қосымша

2-5 қосымша

3-1 қосымша

3-2 қосымша

3-3 қосымша

3-4 қосымша

3-5 қосымша

4-1 қосымша

4-2 қосымша

4-3 қосымша

4-4 қосымша

4-5 қосымша

4-6 қосымша

1 стандарт

2 стандарт

3 стандарт

4 стандарт

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus